Әйел жыныс мүшесінің қатерлі ісігі

  Гинекология

Сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың рагы және саркомасы. Вульва рагы жиі егде тартқан әйелдерде крауроз не лейкоплакия ауруларымен қатар кездеседі, шошақай, үлкен не кіші жыныс еріндері, қынап сағасындағы үлкен бездер маңайында орналасады.

Вульва рагы инфильтративті және түйінді/ыдыраған жара болуы мүмкін/ болып бөлінеді.Қышу, ауыру ағарған және қанды бөліндінің көрінуі сияқты белгілер ертерек пайда болады. Ақырғы диагноз биопсия және гистологиялық тексеруден соң қойылады.

Сыртқы жыныс мүшелерінің рагын емдеу кең түрде жасалған вульвоэктотомиядан, сонан кейінгі сәулелі емнен тұрады. Оперативті шара жасауға жағдай болмаса қосарланған сәулелі ем жасалады.

Қынап рагы көп жағдайда метастаз түрінде болады. Жатыр мойнының рагыне қынап қабырғаларының инфильтративті рагы тән, ал эндометрий рагының метастазында ісікті түйін пайда болады, кейін ыдырап жараға айналады. Қынаптың біріншілік /алғашқы/ рагы өте сирек кездеседі.

Анықтау қиынға түспейді, биопсияға алынған материальды гистологиялық тексеруден өткізу қынап рагын, туберкулез, мерез /қатты шанкр/ ауруларын бірі-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. Емі негізгі процестің орналасуына, таралу деңгейіне, қосарланған  сәулелі ем нәтижесіне байланысты.

Вульва және қынап саркомасы. Ересек әйелдерде сирек кездеседі. Жиі қыз балаларда кездеседі, олар шошақай, жыныс еріндері, қынап маңайында орналасады. Ол шектеулі түйін, төмен орналасқан тіндерге өсіп кетеді және ыдырағанда жара пайда болады. Емі-зақымданған мүшені-вульва мен қынапты алып тастайды, сонан кейін сәулелі ем жасайды.

Пікір қалдырыңыз