Әйел жыныс мүшесінің мерез ауруы

  Гинекология

Мерез-бозарған спирохетпен шақырылатын жұқпалы, созылмалы ауру. Әдетте оның жұғуы жыныс қатынасы арқылы өтеді.Кейде науқастың жалпы тұрмыстық заттарын қолданудан жұғатын тұрмыстық мерездің де болуы мүмкін.

Клиникалық суреттемесі. Мерездің жергілікті белгісі әйелдің сыртқы жыныс мүшесінің терісінде және қынап пен жатыр мойнының шырышты қабатында орналасады.

Алғашқы зақымдану жерінде жекеленген не көптеген қоңыр-қызыл түсті түбі бар, жан-жағы тегістелген, негізі қатайған инфильтрациядан тұратын/қатты шанкр/ жара дамиды, кейде беті жарасыз да болады.Әйелдің сыртқы жыныс мүшесі зақымданған кейін, шан маңайында ауырмайтын, қатайған лимфа түйіндері пайда болады, ал сосын мерезге тән бүкіл денеде бөртпелер пайда болады.

Жатыр мойнындағы жара орнында /эрозия/ қатты шанкрдың пайда болуы мүмкін, онда бозарған қабат пайда болады, жатыр мойны инфильтрация және ісік нәтижесінде үлкейеді, қоңыр-қызыл түсті болады.

Бұл кезде сыртқы жыныс мүшесінде папулезді бөртпе пайда болады. Шап аралық лимфаденит байқалмайды.Қатты шанкр қынап қабырғаларында сирек кездеседі, қынаптың жоғары үштен бір бөлігінде орналасады, шап аралық лимфаденит болады.

Анықтау жолдары. Мерезді анықтау толық жиналған анамнез, обьективтік және лабораториялық тексерулер мәліметтеріне негізделеді. Мерезге күмәнді зақымдану табылса, қанды Вассерман реакциясына тексеру қажет, жараның бөліндісін жұғындыға тексереді, онда бозарған спирохет табылады.Мерезді зақымдануды туберкулез және рак ауруларынан айыру қажет.

Емі. Жыныс мүшесінің мерезіне мерезге қарсы жалпы ем жасалады.Мерездің алдын-алу қоғамдық шаралар мен жеке алдын-алу /профилактикалық/ шараларына жүктеледі. Мерездің толық клиникалық суреттемесі, анықтау және емдеу жолдары соз аурулар курсында беріледі, оған мерез ауруы да жатады.

Әйел жыныс мүшесінің қатерлі ісігінің түрлері.

Әйел жыныс мүшесінің туберкулезі сипаттамасы және емі.

Әйелдерде кездесетін сыртқы жыныс мүшесінің қабыну аурулары.

Әйел жыныс мүшесінің паразитарлы ауруларын емдеу жолдары.

Пікір қалдырыңыз