Әйел жыныс мүшесінің паразитарлы аурулары

  Гинекология

Әйел жыныс мүшесінің паразитарлы ауруларына трихомонадымен, битпен, бәсірмен шақырылатын аурулар жатады.Әйел жыныс мүшесінің қарапайымдылар мен шақырылатын аурулары ішінде жиілігі жағынан бірінші орын трихомоназға тиеді.

Трихомоноз

Трихомоноз жыныс мүшесіне және несеп жолдарына жгутиктер класына жататын қынап трихомонадының енуінен пайда болады.Қынап трихомонадасы сыртқы қоршаған ортаға өте тұрақсыз келеді, құрғатқанда, 40 градустік қызуда, сабынды және зарасыздандырылған ерітінділерде өледі.

Трихомоноз жұғуының негізгі жолы өте сирек кездеседі, мысалы, жалпы, жеке гигиена-тазалық заттары арқылы /ішкі киімдер, жөкелер/. Құралдарды, резеңкі қолғаптарды және басқа заттарды әр науқасты тексергеннен кейін зарасыздандыру керек.

Ерлерде трихомонады үрпіде /несеп жолы/ жиі кезедеседі, оның клиникалық белгісіз өтуі мүмкін. Инкубациялық кезеңі 5-15 күн аурудың айларға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін.

Клиникалық суреттемесі.Трихомоноз кезінде әйелде /кольпит/ қынаптың қабынуы болады, үрпінің қабынуы, цервицит /жатыр мойын каналының қабынуы/, проктит /көтенішектің қабынуы/ болуы мүмкін. Жоғары өрмелейтін инфекция сирек кездеседі.Жедел кезеңінде қынаптан жағымсыз иісті, іріңді, бөліндінің көп мөлшерде келуі байқалады.

Вульва, көтен ішектің тұстары ашып, қышиды, кіші дәретке отыру  аурумен өтеді.Ауру кейде созылмалы түрге көшеді, аурудың белгілері азаяды, науқас тек қана ауру белгісінің күшеюіне шағымданады.Обьективтік тексеруде сыртқы жыныс мүшесінің маңайы ісініп, қызарады, дерматит /қасынған жерлердегі терінің қабынуы/, қасынған жерлер анықталынады.

Қынаптың шырышты қабаты өте қатты қызарған, бет жағы дән түйірлері тәрізді тегіс емес келеді.Қынаптан бөлінетін бөліндіөте көп, көпіреді, сарғыш немесе жасылдау болады.

Эндоцервицитте бөлінді мойынша каналынан ағады, ал проктитте-сыртқы тесіктің айналасы кетеді, клиникалық белгілерінің сатылай өшуі мүмкін, ал сонан кейін барлық белгілердің қозуы байқалады.

Анықтау жолдары. Диагноз қоз анамнез /аурудың ұзақтығы, бір емес бірнеше қайталануы, жолдасында үрпі қабынуының болуы, негізгі шағымдар/ мәліметтеріне негізделеді.Гинекологиялық тексеру кезінде үрпіні, қынап сағасындағы үлкен бездердің өзегін, үрпі маңайындағы жолдарды, көтеншек, қынап және жатыр мойнының маңайларын ыждағаттылықпен қарау қажет.

Соз ауруымен ауру мүмкіндіктерін ескеру қажет. Көп жағдайда соз ауруымен ауру мүмкіндіктерін ескеру қажет. Көп жағдайда соз ауруы мен трихомоноздың қатар бірігіп кездесуі мүмкін. Күмәнді жағдайлардың бәрінде үрпі, мойынша каналы, сағасының үлкен бездерінің шығару өзегінен алынған жұғындыны бактериоскопиялық тексеруден өткізу керек.

Трихомонадыны табу үшін бөліндіні ілгіш тәрізді ілмекті сыммен алып, оны зат шынысына жағып, жабынды, шынымен жауып, тез арады микроскоппен қарайды. Тірі трихомонадылар жедел қимылдайды, алмұрт пішінді келеді және 4 жгутикті болады. Егер жұғындыда трихомонады табылып, ал клиникалық белгілері болмаса, онда оны трихомонады-тасушы деп атайды, әйелдер арасында жиілігі жағынан 10% -тен 35%-ке дейін, ал ерлер арасында 2-ден 16%-ке дейін кездеседі.

Емі. Клиникалық белгілері бар науқастардың және трихомонады-тасушылардың емделуі тиіс.Бұл жағдайда ерлі-зайыптыларды қатар, бір мезгілде емдейді.Әйелде трихомонады табылса, оның жолдасын немесе жыныстық сыбайласын урологиялық кабинетке жіберіп, емдейді.

Трихомонозды жалпы және жергілікті әсерлермен емдейді.Жалпы емнен қазіргі кезде метронидазол /трихопол, флагин/, тинидазол қолданылады.Бұл препараттарды ішке қабылдағанда трихомонады инфекциясының барлық ошақтарына әсер етеді.Метронидазолды ішке 0,25 гр-нан, тәулігіне 2 реттен, 7-10 күндей қабылдайды.

Ең тиімдісі жеделдетілген схема болып табылады, онда курсты мөлшері /5 гр/ 5 күнге беріледі, /0,25 гр-нан тәулігіне 4 рет/, тинидазолды бір рет 2 гр мөлшерінде қабылдайды.

Метронидазолды ішумен қатар, балауыз не таблетка түрінде қынапқа да салады, ол жергілікті әсер етеді.Трихомонозды жергілікті емдеуде түймедағы тұнбасымен жуыну, үрпіні /1:2000 қатынасындағы/ перманганат калий ерітіндісімен жууды қолданады.

Қынапқа құрамында осарсол және бор қышқылынан тұратын құрамдағы балауыз, шарикті таблетка салынады.Осы құрамды сеппе не ұнтақ күйінде де қолдануға болады.Жазылу бақылауын жүргізеді, 2-3 етеккір циклі көлемінде, етеккірдің 3-ші күнінде бактериоскопиялық тексеруге жұғынды алады, бұл тексеру 3 рет жүргізіледі. Аурудың алдын-алу жеке гигиена ережелерін сақтаудан және ретсіз жыныстық қатынасты болдырмаудан тұрады.

Биттену

Биттер /қасаға биті/ қасаға маңын мекендейді. Дененің мұнан басқа бөліктеріне өрмелеп көтеріліп, тарауы мүмкін, әсіресе түк басқан, шашты жерлерге, ал балаларда бастың шашты бөлігіне тарайды.Олар жыныстық қатынас кезінде не төсек заттары арқылы жұғуы мүмкін.Биттенудің ең алғашқы белгісі-өте қатты қышыну, қарау кезінде биттің шаққан орны көгерген дақ көрінеді.

Емі.Зақымданған аймақтарды ыстық сумен және көк сабынмен жуады, битті тарап алып тастайды, сонымен қатар сынап тұнбасының ағарған майымен тазалайды.

Бәсірлер /острицы/

Бәсірлер /нематод/-әдетте тоқ ішекті мекендейді, көп жағдайда балаларда кездеседі,оларға тамақ, ойыншықтар арқылы бәсірдің жұмыртқасы жұғады, кейде жыныс мүшесіне де енуі мүмкін.

Ауру дамуының белгілері-өте күшті қышыма, сыртқы жыныс мүшесінің маңайындағы қасыған жерлер анықталынады.Қарау барысында сыртқы жыныс мүшесінің терісі қызарған, сәл ісінген, тіпті бәсірлердің өзін де көруге болады. Нәжісте гельминт не оның жұмыртқасының барлығына тексеруден кейін барып диагноз қойылады.

Емі.Сыртқы жыныс мүшесін зарасыздандырылған ерітінділермен жуады, ішектерден гельминттерді алып тастау үшін құртқа қарсы препараттар беріледі.Аурудың алдың-алу жеке бастың тазалығын сақтаудан тұрады.

Әйел жыныс мүшесінің мерез ауруы Клиникалық суреттемесі және емі.

Әйелдерде кездесетін сыртқы жыныс мүшесінің қабыну аурулары.

Жатыр мен қынаптың даму ақаулығын қалай емдейді.

Қынаптың қабыну аурулары себептері мен клиникалық суреттемесі.

Пікір қалдырыңыз