Әйелдер консультациясы

  Гинекология

Әйелдер консультацииясы- емдеу-профилактикалық мекемесі, оның қызметіне әйелдерге көрсетілетін амбулаторлы акушерлік-гинекологиялық көмектер кіреді. Ұйымдастыру және гинекологиялық көмектерді көрсету саласында әйелдер концултациясының қызметі төмеңдегідей.

1. Гинекологиялық ауруларды анықтау және науқастарды амбулатория жағдайында емдеу, ал қажет болғанда оларды гинекологиялық емханаларға жіберу.

Гинекологиялық аурулар науқастың әйелдер консультациясына көрінуі нәтижесінде, сонымен қатар прфилактикалық қарау кезінде анықталынады.Әйелдер консультациясы гинекологиялық, профилактикалық қарауын аймақтық қызмет көрсететін поликлиникада ұйымдастырады.

Бұл қарауға әйелдер консультациясының, босану үйінің дәрігерлері,сонымен қатар акушерлік-гинекологиялық мекемелердің орта медицина қызметкерлері қатысады.Көпшілік гинекологиялық қарауын ұйымдастыруда аймақтық өндіріс мекемелерінің басшылары мен қоғамдық ұйымдары үлкен көмек көрсетулері қажет.

Мұндай қарауға әдетте 18 жастан жоғары әйелдерді қамтиды, әсіресе қартаң әйелдерге қатерлі ісіктер дамуының мүмкіндігіне байланысты, оларға ерекше көңіл аударуы керек.Анықталынған гинекологиялық науқастарды емдеуге жібереді, ол амбулатория немесе гинекологиялық емхана жағдайында жүргізіледі.Әйелдер консультациясында дәрігердің нұсқауын /егу, қынапты процедуралар және т.б/ аяжан орындайды.

2. Тіркеу және гинекологиялық науқастарды диспансерлік бақылауға алу.Диспансерлік тіркеуге жатыр мойнының жарасы және де басқа да фонды аурулары, жатыр мойнының дисплазиясы, сыртқы жыныс мүшесінің краурозы мен лейкоплакциясы, эндометрийдың гиперпластикалық поцестері, жатыр миомасы, эндометриозы, етеккір қызметінің бұзылулары, аналық бездің кисталары мен ісіктері, әйел жыныс мүшесінің қатерлі ісіктері, жиі қозатын созылмалы сальпингофориты, тубоовариальды қабыну ісіктері бар әйелдер алынады.

Диспансерлік бақылауды жүргізуге дәрігерге аяжан көп көмек көрсетеді,әр диспансерлік науқасқа диспансерлік қадағалаудың бақылау картасы /N30 форма үлгі / толтырылады, онда әйелдер консультациясына келуі белгіленеді. Жоғарыда аталған атаулары бар науқастар жүйелі түрдегі қарауға алынады /айына 1 рет/. Науқастың кезекті қарауға келмеуінде, оны аяжан дәрігер қарауына телефон, хат арқылы шақырады, қажет болса үйіне барып, науқастың жағдайын біледі.

3. Гинекологиялық науқастарға өздерінің шақыруы бойынша үйде көмек көрсету. Дәрігер белгілеген үй жағдайындағы емді аяжан жүргізеді. 

4. Санитарлық ағарту жұмыстары. Көп жағдайда профилактикалық жұмыстардың тәжірибе жүзінде іске асуы халықтың санитарлық мәдениетіне байланысты болады. Санитарлық ағарту жұмыстары, адамдарды өз денсаулықтарын сақтауға және нығайтуға тәрбиелейді, өз денсаулықтарына деген көзқарасын өзгертеді.Санитарлық-ағарту жұмыстарына әр дәрігер мен орта медицина қызметкерлеріне айына 4 сағат беріледі. 

Бұл жұмысты жүргізудің түрлері әр түрлі: әңгімелесу, лекция түрінде өткізу, брошюра шығару,қабырға тақтай ,көрме ұйымдастыру,науқаспен және оның туыстарымен жекеше әңгімелесу сияқты болады.Санитарлық-ағарту шаралары дәрігерлермен, орта медицина қызметкерлерімен әйелдер консультациясында, емханаларда, өндіріс орындары мен мекемелерде, сонымен қатар аймақ көлемінде жүргізіледі.

Санитарлық –ағарту жұмыстарының тақырыптары төмеңдегідей:жұқпалы аурулардың алдын- алу, түсіктер,жеке бастың тазалығы мен дұрыс тамақтану мәселелері, жыныстық өмірдің гигиенасы, қатерлі ісіктердің алдын алуда профилактикалық қарау жұмыстарының маңызы, әйелдер консультациясына жүкті әйелдердің ерте келуінің маңызы.

5. Өндіріс мекемелерінің жұмысшы-әйелдер денсаулығын қорғау-әйелдер консультацияларының ең маңызды жұмыстарының бірі.Өте аумақты мекемелерге осы аймақтың әйелдер консультациясы бекітіледі /өндірістік бөлім деп аталатын /, кейбір мекемелерде емдеу пунктері болады.

Олар да дәрігер- гинеколог немесе аяжан жұмыс істейді.Өндіріс бөлімдеріндегі және емдеу пунктеріндегі дәрігерлер мен аяжандардың негізгі жұмысы өндірістің сол саласында қызмет істейтін әйелдердің еңбек жағдайын зерттеу болып табыладаы.

Жұмысқа түсерде әйелдерді дәрігерлік қараудан өткізеді.Сонан кейінгі профилактикалық қарауда, сауықтыру шараларын жүргізеді, жеке тазалық бөлмелерін ұйымдастырады,оның жұмысын қадағалайды, әйел еңбегін қорғау жөніндегі заңдарды бақылайтын мекемелерге көмектеседі.

Осы өндірістегі әйелдер консультациясы әйелдерге әлеуметтік-құқылық көмек көрсетеді,сонымен қатар отбасын жоспарлау мәселелеріне көмектеседі, әр әйелег жүктіліктен сақтану заттаарын таңдауға көмектеседі. Ірі әйелдер консультацияларында гинекологиялық науқастарғабедеуліктің диагностикасы және емі,эндокринді бұзылулар мен әйел жыныс мүшесінің туберкулезі жөніндегі мәселелерге арнаулы көмек көрсетіледі.

Үлкен қалаларда қала немесе аудан арасындағы консультацияларда бас әйелдер консультациясы ұйымдастырылады, ол өзіне бекітілген консультацияларға ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық көмек көрсететін орталық болып табылады.

Мамандандырылған гинекологиялық көмек кімдерге көрсетіледі.

Ауылдық жерлердегі гинекологиялық көмек түрлері.

Әйел жыныс мүшелерінің рагы қанша түрге бөлінеді толық ақпарат.

Гинекологиялық емхана /стационар/.

Пікір қалдырыңыз