Әйелдің несеп-жыныс жүйесінің соз ауруы

  Гинекология

Соз ауруының бұл клиникалық түрі, жоғары көтерілетін несеп-жыныс аппаратының жоғарғы бөлігінің соз ауруына қарағанда жиі /60-65%/кездеседі.Осы орналасудағы соз аурының жаңа түрі торпидты жағдайда өтеді, жоғары көтерілетін соз ауруына өтетін кезде клиникалық суреттемесі айқын күшейе түседі.Несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің соз ауруында несеп жолымен жатыр мойнының шырышты қабаты зақымданады.

Несеп жолының /үрпі/соз ауруы.Несеп жолының жедел қабынуы соз ауруының жиі кездесетін алғашқы белгілерінің бірі /90%-ке дейін/. Ауру басында клиникалық белгілері аз білінеді,кіші дәретке отырғанда ашып ауырады.Несеп жолының /үрпінің/сыртқы тесігін қарағанда, оның шырышты қабаты қызарып, ісіңгендігін байқаймыз, үрпіден іріңді экссудат бөінетіндігі анықталынады.

Қынаптың алдыңғы қабырғасы арқылы үрпінің сипағанда, ауырады.Үрпінің созылмалы қабынуында клиникалық белгілері онша көп емес, кейде кіші дәреттің жиіленуі байқалады.

Созды эндоцервицит

Соз ауруының жаңа түрімен ауыратын науқастың 82-90%  -де кездеседі.Жедел кезеңінде іштің төмеңгі жағы сыздап ауырады және қынаптан шырышты не іріңді бөлінді бөлінеді.Гонококктар цилиндрлік эпителийге түсіп, эпителий асты қабатына енеді, жатыр мойнының тініде инфильтрат және экссудат пайда болады, ол жер қызарады,эпителийдің кейбір жері түсіп қалады.

Аурудың жедел сатысында жатыр мойны өте күшті қызарады, ісінеді, сыртқы ернеу айналасында жара /эрозия/ пайда болады, кейде іріңді қабатпен жабылады, мойын каналынан ірің ағады.Созды эндоцервициттің созылмалы түрінде қынаптан шырышты іріңдік бөлінеді, ал кейде іштің төменгі жағы сыздап ауырады.

Созды бартолинит

Үлкен вестибулярлы без және оның шығару өзегі сирек жағдайда созды инфекцияның ошағы болып табылады.Шығару өзегіне инфекция енгенде, ол қызарады, қатайып тығыздалады және ауырады. Клиникалық суреттемесі жағынан септикалық текті бартолиниттен айырмашылығы аз болады.

Созды вульвит

Сыртқы жыныс мүшесі мен қынап сағасының тұсыңдағы көп қабатты жалпақ эпителий ересек әйелдерде сирек жағдайда гонококк енетін жер болып табылады.

Дегенмен, несеп жолының созды ауруы мен созды  эндоцервицитте сыртқы жыныс мүшесінің маңайында қызарған және ісіңген жерлер пайда болады, ол тері жабындысы мен шырышты қабатты көп бөлінген іріңді бөліндінің тітіркендіруінен болады.Ол екіншілік вульвиттің дамуына ықпал етеді.Вульва маңайында парауретральды  өзектер болады. Ол гонококк қонатын жер болып табылады, осы жағдайды өзек жұғындысын зерттеу кезінде ескеру керек.

Созды проктит

Қынаптан немесе несеп жолдарынан бөліндінің көтеншекке ағуы нәтижесінде екіншілік созды проктит дамиды және ол несеп жолының созды ауруы /созды уретрит/ немесе созды эндоцервицитке ұқсас келеді.Гонококк көтеншектің шырышты қабатын, сонымен қатар терең қабатында, зақымдайды,онда инфильтрат, абсцестер пайда болады.

Науқас көтеншек маңайының ашып ауыратындығына шағымданады, үлкен дәретке отыру аурумен өтеді.Аурудың созылмалы сатысы симптомсыз өтуі мүмкін.

Анықтау.Әйелдің несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің соз ауруын анықтау анамнез, обьективтік және лабораториялық зерттеу мәліметтеріне негізделеді.Анамнез жинау барысында ауру дамуының жыныстық өмір басталуымен байланыстылығы немесе кездейсоқ жыныс қатынасыңда болғандығы, сонымен қатар қабыну процесінің жиі қозуы көрсетілуі тиіс.

Етеккір қызметінің бұзылуы және бедеулік /біріншілік және екіншілік/ дамуының диагноз қоюда маңызы зор.Инфекция көзін анықтауда конфронтация әдісі-жолдасының ауыратындығын тексеру /жыныстық партнер/ қолданылады.Анамнез жинау барысында жарылған, тілінген, қызарған іріңді қабаттың бар екендігі анықталынады.Несеп жолынан /үрпіден/ жұғынды алар алдында науқас 3-5 сағат көлемінде кіші дәретке шықпауы керек.

Жыныс еріндерін сол қолмен ашып, мақталы түйінмен несеп жолының сыртқы тесгінің маңайын сүртеді.Оң қолдың саусақтарын қынапқа салып, артқы жағынан үрпіні-несеп жолының сыртқы тесігін қысады, алдынан және бүйірінен жеңіл массаж/жоғарыдан төмен қарай/ жасайды.

Бұл жағдайда үрпіден іріңді тамшылардың көрінуі мүмкін, соны арнаулы қасықшамен 2 зат шынысына жағады.Ауада құрғатылған жұғындыны горелка ұшқынының үстіне бекітіп, бір жұғындыны 1%-тті көгерген метиленмен, ал екіншісін Грамм бойынша бояйды.

Көгерген метилен бояуында гонококк жақсы көрінеді, ал Грамм бояуында жақсы іріктеледі /олар теріс грамды/.Созды эндоцервитті анықтау үшін қынапты айнамен ашады, жатыр мойнының қынапты бөлігін қарайды.Жатыр мойны мен қынап қабырғаларын құрғақ мақталы тампонмен сүртеді.Сосын арнаулы қасықшамен жатыр мойын каналынан бөлінетін сұйықтық тамшысын алады.

Жұғынды алуға арналған құралды жатыр мойнының ішкі ернеуіне дейін кіргізуге болмайды, өйткені жыныс мүшесінің жоғарғы бөліктеріне инфекцияның таралуы мүмкін.Үлкен вестибулярлы бездің қвбынуын анықтау үшін төмеңдегідей әдіс қолданылады:бір қолдың саусақтарымен жыныс ернін ашады,екінші қолдың екінші саусағын қынапқа салады, ал бірінші саусақты үлкен жыныс ернеуінің сыртқы төменгі бетінің үштен бір бөлігіне қояды.

Сонымен сағаның үлкен безі 1-ші және 2-ші саусақтар арасында қалады.Кіші жыныс ернінің ңшкі бетінде орналасқан өзегінен, оны сәл басу арқылы бөлінетін сұйықтықтың тамшысын аламыз, сұйықтықты тексеруге зарасыздандырылған қасықшамен аламыз.

Созды проктитті анықтау үшін, артқы тесіктің маңайын қарағаннан кейін, көтеншекті 60-80 мл жылытылған хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісімен жуады.Жуынды суды ыдысқа /лоток/ жинайды.Осы сұйықтан пинцетпен іріңді не шырышты жіпшелерді жинап, оны зат шынысына тамызады.

Соз инфекциясының басқа ошақтарын анықтау үшін үрпінің сыртқы тесігін, шошақайдың, ладья тәрізді шұңқырдың маңайларындағы соқыр өзектерді ұқыпты қарау керек.

Бұл жерлердегі қызарған дақтар соз ауруына күдік туғызады, бірақ дәлелденген диагноз лабораториялық анықтаулардан кейін қойылады.Осы жолдардан жұғынды алу үшін түйме тәрізді зонд қолданылады.

Қыз баланың соз ауруы. Сипаттамасы және емдеу жолдары.

Соз ауруы дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Әйелдің жыныс жүйесінің жоғарғы бөлігінің соз ауруының белгілері.

Жатырдың қабыну ауруларының белгілері және емі.

Пікір қалдырыңыз