Емшек бездері

  Гинекология

Емшек бездері шығу тегі жағынан теренің сәл өзгерген тері бездері болып табылады. Жатыр бездерінің гормон бөлу қызметтеріне сәйкес, әйелдерде жыныс мүшелерінің өсіп-жетілу кезеңінен бастап емшек бездерінің тез өсуі басталады.Жыныстық жасы толған кезде емшек бездерінің құрылысы шок тәрізді болады, өте көптеген альвеол-көпіршіктерінен тұрады, олар өзара қосылып, жекелеген бөліктер құрайды.

Ол бөліктердің саны 15-20-ға дейін жетеді. Әр бөліктің өз алдына сүт шығаратын өзектері болады, олар емшек безінің үшына жалғасады.Бөлңктердің санына сәйкес  15-20 сүт тесіктері болады. Әрбір сүт өзегі есшек ұшына кеңейген сүт синусын не сүт қалтасын құрайды. Әр бөліктер бөліктер аралығында талшықтанған дәнекер және май тіндерінің жұқа қабаттары болады.Емшек бездерінің бөліктері сүт шығаратын клеткалардан тұрады.

Емшек безінің дөңестеу бетінде емшектің ұшы орналасады, сырты өте жұқа, қыртыстанған терімен қапталған.Емшек ұштарының цилиндр және конусқа ұқсас түрелері бар. Кейбір әйелдердің емшектерінің ұштары мүлдем шықпайды немесе мүлдем ішіне кіріп тұрады.Ол сәбидің емуіне кедергі келтіреді. Емшек ұштарының айнала қоршаған терісі реңделген.

Емшек ұшынан шеткерірек Манттомера бездері орналасады, олар қалдық, қосымша емшек бездері болып табылады.Емшек бездерінің сүт шығару қызметі жүктілік кезінде басталып, әйел босанғаннан кейін толық жетіледі.Емшек бездірінің қызметіне гипофиз, аналық бездер және басқа ішкі секреция бездері бөлетін гормондар үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ сүттің бөлінуі нерв-рефлекс механизмдеріне де байланысты.

Емшек бездерінің құрылысы және атқаратын қызметі.

Емшек безінің диегормонды аурулары және оның емі.

Жас ана емшегінің күтіміне арналған пайдалы кеңестер.

Емшек ұшында жарықтардың пайда болу себептері.

Пікір қалдырыңыз