Емшек безінің диегормонды аурулары

  Гинекология

Емшек бездері-гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесіндегі мишень-көзделген мүшелерге жатады.Емшек безінің безді тіндері әйелдің репродуктивті /бала туатын/жасында етеккір циклінің сатысына сәйкес циклді өзгерістерге ұшырап отырады.Емшек бездеріне пролактин, эстроген, прогестерон гормондары көп әсер етеді.

Емшек бездерінің диегормонды аурулары гипоталамус-гипофиз-аналық без арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы нәтижесінде дамиды.Бұл ауруларға фиброзды-кистозды мастопатия /диффузиялы және түйінді түрі/ жатады.Осы аурудан кезде фиброаденома дамиды.

Мастопатия гипоэстрогения және аздаған гиперэстрогения тұсында байқалады,ол лютеин сатысының жетіспеушілігінде, овуляция жоқтығыңда, аналық бездің гипофункциясы және дисфункциясында, жатыр миоомасында, жатыр қосалқысының қабыну процесінде байқалады.

Клиникалық суреттемесі:Емшек бездері ауырады, үлкейіп, кейбір бөліктері қатаяды.

Анықтау жолдары:Диагноз клиникалық суреттемелер негізінде қойылады.Фиброаденома табылғанда оған биопсия не пункция жасау қажет.Алдын-ала медициналық қарау кезінде емшек бездерін міндетті түрде қарау керек.Маммография жасалады, ал күдікті нығыздалулар /уплотнение/ анықталынса,науқасты хирург-дәрігерге жібереді.

Емі: Мастопатияда гормонды ем қолданылады.Етеккір циклінің 2-ші жартысында прогестерон жасалады.Емшек безінің ауруын азайту үшін диуретиктер қолданылады.Диетада кофе, какао, шоколад заттары алып тасталынады.

Гормонды емес емдеу әдістерінен: 2-3 ай көлемінде витаминдер –А,В тобы және Е комплексі, иод препараттары /калий иодиды/ қолданылады.Мастопатияны емдеу аналық без қызметінің жағдайына қарай жүргізіледі.Фиброаденоманың емі-хирургиялық –емшек безінің секторальды резекциясы жасалады.

Емшек бездері дегеніміз не және оның ағзадағы қызметі.

Жаңа туған нәрестенің емшек безінің қабынуы (мастит).

Әйелдерде кездесетін сыртқы жыныс мүшесінің қабыну аурулары.

Әйел аурулары жыныс мүшесінің ісік алдындағы ауруларының түрлері.

Пікір қалдырыңыз