Эндометрит

  Гинекология

Эндометрит — жатыр денесінің шырышты қабатының қабынуы.Өз алдына жеке шырышты қабаттың зақымдануы сирек кездеседі, жатырдың бұлшық ет қабаты көп не аз деңгейде қабынады (метроэндометрит).Эндометриттің қоздырғыштары:стафилакокк, стрептококк, гонококк, ішек таяқшалары болып табылады.Эндометриттер аборттан (түсік), босанудан кейінгі кезеңде, әр түрлі емдік және диагностикалық іс-шаралар нәтижесінде (кольпит, цервицит кезінде жатыр ішіне асептика ережелерін сақтамай заттар жіберу) пайда болады.

Клиникалық суреттемесі:Эндометриттің (метроэндометрит) жедел сатысында іштің төмеңгі жағы тұрақты шаншып ауырады, ол бел маңайына да жетеді, әлсіздік дене қызуының көтерілуі байқалады.Жыныс жолдарынан іріңді, кейде қанды бөлінді көп бөлінеді, ол жатырдың шырышты қабатының /кейбір бөлігінің/ шіруіне /некрозына/ байланысты.Созылмалы сатысында клиникалық белгілер онша күшті білінбейді және тұрақты болады.Ациклды қан кету байқалады.

Анықтау.Эндометриттің жедел сатысында диагноз қою анамнез /аурудың босануымен, абортпен, диагностикалық қырумен, гидротубация жасаумен тығыз байланысты/ мәліметіне негізделеді.Обьектиивті тексеруде қабыну процесіне тән жалпы белгілер /дене  қызуының көтерілуі, тахикардия-тамыр соғысының жиіленуі, ішті сипалау кезінде-оның ауыратындығы, қынаптан іріңді бөліндінің бөлінуі, жатырдың үлкею және оның ауруы/ байқалады.

Лабораториялық тексеру кезінде лейкоцитоз, эритроциттің тұнбаға түсу жылдамдығының артуы, қынап жұғындысы мен бөлінді егуінде /бак посев/ қоздырғыштың түрі анықталынады.Созылмалы сатысында анамнезінде бұрын жедел эндометритпен ауырғаны жөніндегі мәлімет диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Емі.Жедел эндометрит /метроэндометрит/ емханада емделеді.Төсекті режим белгіленеді, іштің төмеңгі жағына мұз қойылады.Бактерияға қарсы ем /антибиотиктер, сульфаниламидтер/ қоздырғыштың түріне сай қолданылады, витаминдер, десенсибилизациялық заттар жасалады.Созылмалы сатысында витамндер, десенсибилизациялық заттар, физикалық ем жасалады.

Жатырдың қабыну ауруларының белгілері және емі.

Жатыр қосалқысының қабыну ауруларының емі және белгілері.

Әйелдің жыныс жүйесінің жоғарғы бөлігінің соз ауруының белгілері.

Пельвиоцеллюл — кіші жамбастың шел қабатының қабынуы.

Пікір қалдырыңыз