Эндометрийдің ісік алдындағы аурулары

  Гинекология

Эндометрийдің ісік алдындағы ауруларына атипиялық гиперплазия, аденоматоз /ошақты немесе араласқан/ және аденоматозды полип жатады. Сонымен қатар безді-кистозды гиперплазияны және эндометрий полипын да жатқызады, егер олар постменопауза кезінде немесе репродуктивті, менопауза кезеңдерде бірнеше рет қайталанса қауіпті келеді.

Осы аталған аурулар гипоталамус-гипофизарлы-аналық без қарым-қатынасының бұзылуында пайда болады және жиі жатырдан дисфункциональды қан кетумен өтеді.

Клиникалық суреттемесі. Ісік алдындағы эндометрий өзгерісінің негізгі белгісі /циклді жатырдан қан кету болып табылады. Қан кету кенеттен және құйылып немесе ұзаққа созылған мардымсыз қанды бөлінді түрінде болады. Науқастың организмі әлсіреп, анемия-қан аздық дамиды.Қан кету көп жағдайда 6-8 аптадан бірнеше айға дейінгі етеккір кешігуінен кейін болады.

Циклды қан кетуде байқалады, етеккір келу мерзімінде басталып ұзаққа созылады. Постменопауза/ менопаузадан кейінгі/ кезіндегі қанды бөлінді рак алдындағы не эндометрий рагының белгісі болып есептелінуі тиіс.

Эндометрийдің ісік алдындағы аурулары бар әйелдерге жүйке-зат алмасу-эндокринды бұзылулар  /семіздік, қантты диабет, гипертониялық ауру/, етеккір қызметінің ұзаққа созылған бұзылуы, репродуктивті қызметтің бұзылуы, менопаузаның кеш басталуы /50-52 жастан кейін/ тән.

Анықтау жолдары. Диагноз анамнез мәліметі /ісік ауруларына тұқым қуалаушылықтың асқынуы, етеккір басталуынан оның бұзылуы не ұзаққа созылуы, репродуктивті жас шамасында бұзылуы/, обьективті тексерулер /жүйке зат алмасу бұзылуының белгілері/ және тексерудің қосымша әдістері /функциональды диагностикалық тесттер, жатыр қуысынан алынған аспиратты цитологиялық зерттеу, жатыр қуысы мен мойын каналының шырышты қабаттарын жекеше диагностикалық қыру/ негізінде қойылады.

Эндометрийдің ісік алдындағы ауруларын анықтауда жатыр қуысы мен мойын каналының шырышты қабаттарын диагностикалық қыру кезінде алынатын қырынды затты гистологиялық тексеруден өткізу, көп әдістің ішіндегі ең қолайлысы және толық анықтауға көмектесетіні болып табылады.

Эндометрийдің рак алдындағы ауруларының гистологиялық суреттемесі әр түрлі болып келеді. Безді және безді-кистозды гиперплазияға эндометрийдің базальды және функциональды қабаттарға бөлінуінің жоғалуы тән. Бездің саны көбейеді, оның жартысы бір қатарлы эпителиймен қапталған киста тәрізді болады.

Гистологиялық суреттемесі «швейцарлық ірімшік» тәрізді. Полипоз /безді-кисталы гиперплазияның әрі қарай күшеюінен пайда болады. Шырышты қабаты қалыңдаған, полип тәрізді томпайған, тез қанағыш тіннен тұрады. Атипиялық гиперплазия және аденоматоз безді полиморфизммен, патологиялық митоз санының көптігімен, гиперхромды ядросы өзгерген кішкене ядросымен сипатталады.

Ісік алдындағы эндометрий гиперплазиясының гистологиялық критериясына патологиялық митоз процентінің 30-ға және онан жоғары көбеюі жатады/ әрбір үшінші клетка дұрыс бөлінбейді/. Қыруға дейін және қырудан кейін гистероскопия жүргізіледі, ол жатыр қуысын қарауға мүмкіндік береді, патологиялық процестің орналасқан жерін, жасалған қырудың құндылығын анықтауға көмектеседі.

Гистерография-жатыр қуысына алдын-ала контраст затын жіберу арқылы жүргізілетін рентгенді әдіс. Бұл әдісті эндометрийдің ісік алды, аурулары бар науқасты тексеру кезінде де қолдануға болады, ол жатыр қуысындағы полиптің дәл орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді.

Радиоизотопты әдіс-гиперплазиялы эндометрийде жіберілетін радиоактивті фосфордың жоғарғы деңгейде жиналуына негізделген. Тексеру барысында жатырдан қан кетумен өтетін жалпы аурулары болмауы тиіс /қан, бауыр аурулары және т.б./. Жүктіліктің бұзылуымен, жатыр миомасымен, жатыр рагымен, аналық бездің ісіктерімен дифференциальды анықтау жүргізу қажет.

Емі. Диагностикалық қырудан кейін қан кету тоқталады. Бірақ науқасқа әрі қарай ем керек. Емдеу әдістері эндометрийде табылған өзгерістерге, гинекологиялық қосымша патологияның барлығына, науқастың жасына байланысты анықталынады.

Эндометрийдің гиперпластикалық процестерін емдеу консервативті және оперативті болады. Консервативті әдіс жас кезінде қолданылады, бұл жағдайда негізгі принцип функциональды тесттер көмегімен әйелдің бұзылған етеккір қызметінің нейрогуморальды реттеуін қалпына келтіру болып табылады.

Гиперпластикалық процестерді консервативті емдеу кезінде синтетикалық прогестериндердің-эстроген-гестагенді және таза гестагенді/ препараттарды қолданудың маңызы зор.

Бисекурин, нон-овлон күніне 1 таблеткадан, етеккір циклінің 5-ші күнінен 25-ші күніне  дейін 4-12 ай көлемінде беріледі. Оксипрогестерон капронат жамбасқа 250-500 мг-нан, аптасына 2 рет, 6-12 ай көлемінде салынады. Норколуг 5-10 мг-нан, етеккір циклінің 5-ші күнінен 25-ші күніне дейін немесе 16-шы күнінен 25-ші күніне дейін 5 ай көлемінде беріледі.

Мұнан басқа кәрі әйелдерге андроген /метилтестостерон, тестэнат, сустанон-250/ гормондары қолданылады. Ұзаққа созылатын қанды бөліндіде гормонды ем Грамматикати әдісі бойынша 5%-тті иод ерітіндісін жатыр ішіне енгізумен қатар /25-30 процедура/қолдануға болады. Эндометрийдің ісік алдындағы процестерін хирургиялық жолмен емдеу:

-гормонды емнің тиімсіздігінде не жақпаған жағдайында;

-гормонды емді қолдануға болмайтын жағдайларда /тромбоз дамуына бейімді, бауыр, қантты диабет аурулары жағдайында/;

-эндометрийдің гиперплпстикалық процестері мен жатыр миомасы не аналық без ісігі қосылып келгенде қолданылады.

Ісік алдындағы аурулары бар науқастар 5 жыл көлемінде диспансерлік тіркеуде болады.

Ісік алдындағы ауруларды мезгілінде емдеу жатыр денесінің рагын алдын-алуға мүмкіндік береді.

Дисфункционалды жатырдан қан кету ановуляторрлық қабыну.

Емшек безінің диегормонды аурулары және оның емі.

Әйел аурулары жыныс мүшесінің ісік алдындағы ауруларының түрлері.

Жатыр денесінің рагын анықтау және емдеу жолдары.

Пікір қалдырыңыз