Етеккір қызметі

  Гинекология

Етеккір қызметі жыныс жүйесінің жағдайына және әйелдің бүкіл организміне сипаттама береді.Етеккір қызметінің бұзылуы гинекологиялық және онан тыс аурулар барлығына күмән келтіреді. Қалыптасу, жыныстық жетілу, мнопауза алдындағы және менопаузадан кейінгі кезеңдердегі етеккір қызметінің сипаты анықталынады.

Етеккір қызметінің мезгілінде қалыптасуын жас шамасы кәмілдейді, ол ең алғашқы етеккірдің келуін білдіреді.Әдетте алғашқы етеккір 13-14 жас шамасында келеді, және 5-6 айдан кейін реттеледі.Етекккірдің қалыптасы кезеңі ауыру, дене қызуының көтерілуі, есінен тану, жүрегі айну,құсу және т.б. белгілермен өтуі мүмкін., етеккірдің қалай болғандығы /көп не аз келуі/ анықталынады.

Етеккірдің кеш келуі, етеккір қызметінің ұзақ мерзімде қалыптасуы, етеккірдің мардымсыз, ауырып келуі жыныс мүшесінің жетілмеуін білдіреді.Етеккір қызметі оның ұзақтығымен, жүйелігімен, етеккірдің ауырып өтуімен және жоғалтатын қан мөлшерімен сипатталады.Етеккір циклының 21-35 күндігінде /бір етеккірдің 1-ші күнінен келесі етеккірдің 1-ші күніне дейінгі аралық/ әдетте етеккір 3-7 күнге созылады. Қалыпты жағдайда етеккір кезінде іштің төменгі жағы мен сегізкөз тұсы жәйлеп ауырады, еңбек ету қабілеті өзгермейді.

Етеккірдің қарқыны күніне қолданылатын дәкелер санымен /күніне 3-4 дәке/ анықталынады. Етеккірдің өзгерген мерзімін анықтайды/ жыныстық өмір басталысымен, босанудан, түсіктен, әр түрлі аурулардан кейін/, ал егер өзгерсе, қай мезгілде және немен байланыстылығы ескеріледі.

Етеккір кезінде әйелдің етеккірінің өзгерісі, көңіл-күйінің нашарлауы, емшек безінің ісініп, ауруы, емшек ұшынан бөліндінің бөлінетіндігі тексеріліп, ескерілуі тиіс.Етеккір қызметінің бұзылу сипаты анықталынады. Мысалы, жатырдың шырыш асты миомасында полипозында, қатерлі ісігінде, эндометриозында етеккір аралық қанның көрінуі мүмкін. Етеккірдің жыныстық өмірдің басталуына, босану, түсік жағдайларына байланысты бұзылуы жыныс мүшесінің қабыну процестеріне күмән келтіреді.

Миома, эндометриоз, жатыр қосалқысының қабынуында етеккір көп құйылып келеді және ауырып өтеді. Етеккір кезіңдегі қан кетудің ұзақтығы әдеттегіден ұзақ болмауы тиіс.Жүйесіз жағдайда қанды не мардымсыз бөліндінің көп бөлінуі эндометрий патологиясының, сонымен қатар қатерлі ісіктің /рак/ белгісіне жатуы мүмкін.

Егер науқаста менопауза басталса, өтпелі кезеңнің өту ерекшелігін білу қажет, осы мезгілде етеккірінің қалай болғандығы, қан кеткеңдігі, диагностикалық қыру жасалғандығы анықталынады. Қай жасында менопауза басталғандығын /әдетте 49-50 жаста тоқтайды/, қынаптан қанды бөлінді болатындығын анықтау қажет. Менопаузадан кейінгі осындай бөліндінің болуы эндометрийдің қатерлі ісігіне тән белгі.Сұрауды осы ауру кезіңдегі етеккір қызметінің өзгерісін және соңғы етеккірінің келу мезгілін анықтаумен аяқтайды.

Секретті және жыныстық қызметі туралы не білеміз.

Аналық бездің ісіктері, клиникалық суреттемесі және оның алдын-алу.

Етеккір Қызметінің Бұзылуы дегеніміз не? Толық ақпарат.

Гипоменструальды синдром және аменорея дегеніміз не.

Пікір қалдырыңыз