Фолликулярлы киста

  Гинекология

Фолликул атрезиясынан не персистенциясынан, жиі қабыну процесінен кейін дамиды. Диаметрі 10-12 см-ден артық болмайды, жұқа қабырғалы, мөлдір сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық, қозғалғыш, жұмсақ келеді. Кистаның бір полюсінде аналық бездің өзгермеген тіні қалуы мүмкін. Кистаның ішкі беті тегістелген, жылтыраған.

Фолликулярлы кистаның қабырғасы жиі қосымша дәнекер тінінен тұрады. Ішкі эпителий қабаты болмайды немесе іші бір қатарлы кубикті эпителиймен қапталған. Сары дененің  кистасы.Фолликулярлы кистаға қарағанда сирек кездеседі, сол сияқты ол да қабыну процесінен кейін дамиды.

Макро және макроскопиялық суреттемесі жағынан фолликулярлы кистаға ұқсас келеді. Параовариальды киста /аналық без қосалқысының кистасы/-аналық без қосалқысының өзекшесіне секреттің жиналып тұрып қалуынан пайда болады, ол аналық без бен түтікше арасындағы жатырдың кең сіңірінде орналасады.

Параовариальды киста сіңір ішінде орналасуына байланысты. 2 капсуласы болады: біріншісі өз алдына жекеленген, ал екіншісі тамырлар суретімен қиылысатын /осынысымен басқа ретенционды ісіктерден ажыратылады / жатырдың кең сіңірінің бір парағы болып табылады.

Диаметрі 20 см-ге дейін болады, жұқа қабырғалы, шектелген, қозғалғыш келеді. Жанында киста бетінде жайылған өзгермеген аналық без, жатыр түтікшесі анықталынады.Кистаның іші жылтыраған, тегістелген, цилиндрлік не жалпақ эпителиймен қапталған.

Аналық бездің ретенционды кистасына сонымен қатар, текалютеинді киста жатады. Ол көпіршікті тығынмен /пузырный занос/ жатыр хорион-эпителиомасы кезінде пайда болады, осы ауруларды емдеу нәтижесінде бұл кисталар өздігінен жойылады.

Клиникалық суреттемесі: Көп жағдайда белгісіз өтеді, асқыну жағдайларында мысалы кистаның аяғына оралуында, оның капсуласының қоректенуі бұзылғанда не капсуласы жарылғанда іш түйінінің клиникасы пайда болуы мүмкін.

Анықтау жолдары: Қынаптың екі қолмен тексеру кезінде анықталынады. Жатырдың оң не сол жақ бүйірінде өлшемі 10-12 см-лік жұмсақ, қозғалатын, өте көп ауырмайтын ісік сезіледі. Ретенционды киста көп жағдайда жас әйелдерде кездеседі. Ал жасы келген әйелдерге ең алдымен аналық бездің шын ісігі емес екендігіне көз жеткізіп барып, бұл диагнозды қою керек.

Аналық бездің кистасын аналық бездің шын ісігімен, сонымен қатар жатыр миомасымен, тубоовариальды ісік қабынуымен және жыныс мүшесінен тыс ісіктермен дифференциалдық анықтау жүргізіледі.Диагнозды толық анықтау үшін лапароскопия жасалынады, онда ретенционды киста жұқа қабырғалы ісік күйінде және аналық бездің өзгермеген аймағы жатыр түтікшесі көрінеді.

Емі. Кішкене көлемді ретенционды кисталар қабынуға қарсы еммен жазылады, бұл ем 4-6 апта көлемінде жүргізіледі. Ем тиімсіз болғанда оперативті шара /аналық бездің резекциясы/ қолданылады. Параовариальды кистада жатырдың кең сіңірінің парағын кесіп кистаны сылып тастайды, аналық безді, жатыр түтігін қалдырады.

Алдын-алу. Аналық бездің ретенционды кистасының алдын-алу өте қиын және ол ішкі жыныс мүшесінің қабыну процестерін мезгілінде және тиянақты емдеуден тұрады. Науқас организмдегі бұзылған гормонды қарым-қатынасты түзеп, оны зерттеу қажет, өйткені ретенционды кисталар аналық бездің гормонды қызметінің бұзылуынан дамитыны сөзсіз.

Диагноз қойылғаннан кейін науқас диспансерлік тіркеуде болады. Ретенционды кистасы бар әр 4-ші науқаста аналық бездің шын мәніндегі ісігі анықталынады, сондықтан ретенционды кистаны анықтап, мезгілінде емдеу аналық без ісігінің алдын-алушараларына жатады.

Қатерсіз ісіктер мен әйел жыныс мүшесінің ісік тәрізді аурулары.

Вульва және қынап кистасы неден пайда болады және оның емі.

Әйел жыныс мүшелерінің рагы қанша түрге бөлінеді толық ақпарат.

Аналық без және жатыр түтікшелерінің рагы анықтау және алдын-алу.

Пікір қалдырыңыз