Гинекологиялық емхана

  Гинекология

Гинекологиялық бөлімдер босану үйлерінің немесе қалалық емханалар құрамында жұмыс істейді,ол гинекологиялық, соның ішінде хирургиялық және консервативті науқасты емханада жатқызып емдеуге арналған бөлім.Босану үйінің гинекологиялық бөлімі,әдетте басқа қабатта орналасады және басқа бөлімдерден оңашаланып бөлінген.

Босану үйінің гинекологиялық бөліміне инфекция таралуына қатысы бар қауіпті науқастарды қабылдамайды.Оған қатерлі ісіктері, әйел жыныс мүшесінің қабыну аурулары бар әйелдер, инфекцияланған аборттар /түсіктер/ жатады.Ірі көп профильді емханалардың құрамындағы гинекологиялық бөлімдер станионарлы гинекологиялық көмектің барлық түрлерін көрсетуге арналған.

Әдетте үлкен қалалық емханаларда оперативті гинекология және емдеу әдістерінің консервативті бөлімдері болып бөлінеді.Оперативті гинекология бөліміне жоспарлы түрде оперативті шара жасалатын /ісіктер, жыныс мүшесінің түсіп кетуі,эндометриоз, түтікті бедеулік және т.б/ науқастар,жедел түрде жасалатын оперативті емге/жатырдан тыс жүктілік,аналық бездің апоплексиясы,пельвиоперитонин және т.б/емханаға жатқызады.

Гинекологиялық бөлім операциялық блоктан /операцияға дейінгі бөлме,операция  жасалатын бөлме, стерилизациялық-зарасыздандыру бөлмесі,материалдық бөлме,интенсивтік емдеу бөлмесі/ және аборт /түсік/, диагностикалық қыру, қынаптың атрқы күмбезіне пункция жасау, жатырды зондтау, гидротубация және т.б. оперативті шаралар жасауға арналған кіші операциялық бөлмеден тұрады.

Емдеу әдістерінің консервативті бөлімі әйел жыныс мүшесінің қабыну ауруларымен,бедеулікпен,етеккір циклінің бұзылуымен ауыратын науқастарды емдеуге арналған.Консервативті ем, соның ішінде физикалық ем, емдік гимнастика жүргізіледі. Бұл бөлімге гидротубация, диагностикалық қыру, диатермокоагуляция т.б. оперативтік шаралар жасайтын кіші операциялық бөлме қажет. Операциялық мен манипуляцияларды жасауда дәрігерге орта медицина қызметкерлері үлкен көмек көрсетеді, ал кейбір шараларды /жуу, шаю,қынаптың булаулар, тампон қою және т.б./ өзі жасайды.

Гинекологиялық, әсіресе оперативті бөлімнің орта медицина қызметкері науқасқа жедел түрде жасалатын, мысалы қан кеткенде, тыныс тоқтап қалғанда /қынапты тығындау не қынап тампонадасы, қолдан тыныс алдыру, вена,а не күре тамырға тамшылатып сұйықтар құю және т.б./ көрсетілетін көмекті жасай алуы керек.

Гинекологиялық бөлімдердің көп профильді емханалардың құрамында болуы үлкен жеңілдіктер туғызады, ол консультациялық және басқа профильды мамандардың /хирург, терапевт, реаниматолог және т.б./ емдік көмектерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда еліміздің медицина саласында бірқатар өзгерістер болуда.Бұрынғы емханалар /поликлиника/ жанұялық дәрігерлік амбулаториялық болып қалыптастырылады. Кез келген жаңа бастаманың орнығуыңда талай қиыншылықтар болатыны анық. Сондай қиыншылықтарды талай дәрігерлер мен мейірбикелер бастан өткізуде.

Өйткені бұрфн бір ғана мамандықты игерген, мысалы терапевт-дәрігері өз мамандығымен қатар, педиатрия, акушер-гинеколог мамандықтарыг игеріп, өзіне бекітілген аймақтың тұрғындарына алғашқы дәрігерлік кәсіби көмек көрсете білулері керек.Міне, осы талаптар дәрігерлердің  осы саладағы білімдерін тереңдетіп, жетілдіруін қажет етеді.

Осы бастаманың жеңістерін, нәтижесін, теріс жақтарын болашақ көрсетеді.Айта кеткеніміз жөн, барлық өркениетті елдерде жанұялық дәрігерлік амбулаториялар өз жетістіктерін бүкіл елге айқындап, тәжірибе жүзінде көрсете білді.Олай болса, өз тәуелсіздігімізді алған өркениетті  ел болам деген ниетіміз болса, жанұялық дәрігерлік амбулаторияларды дамытып, жұмысын бір қалыпқа келтіргеніміз жөн сияқты. Бұл болашақтың жұмысы. Сондықтан біз сіздерді осы жанұялық дәрігерлік амбулатория жұмысымен, оның міндеттерімен ережелерімен қысқаша таныстырып өтпек ойымыз бар.

Ауылдық жерлердегі гинекологиялық көмек түрлері.

Мамандандырылған гинекологиялық көмек кімдерге көрсетіледі.

Гинекология саласындағы әйелдерге көрсетілетін қызмет түрлері.

Жанұялық дәрігерлік амбулатория қызметінің ережелері.

Пікір қалдырыңыз