Гипоменструальды синдром және аменорея

  Гинекология

Гипоменструальды синдром ұзаққа созылмайтын аз мөлшерде мардымсыз және сирек келетін етеккірмен сипатталады. Аменорея-етеккірдің 6 ай және онан көпке жоқ болуы.Шын мәніңдегі және жалған аменорея болып бөлінеді. Жалған аменореяда аналық безде, жатыр және бүкіл организмге етеккір циклі бойында циклді өзгерістер өтеді, бірақ жұлынған эндометрий және эндометрийдің десквамациясы кезіндегі құйылған қан сыртқа шыға алмайды.

Бұл мойынша каналының ,қынап немесе қыздықтың бітелуінде байқалады. Шын мәніндегі аменореяда аналық без, эндометрий және бүкіл организмде циклді өзгерістер болмайды. Шын мәнінде аменорея физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық аменорея балалық шақта /жыныстық жасы жетілуге дейін/,жүктілік,сонымен қатар баланы емізу және менопаузадан кейінгі кезеңдерде байқалады.

Балалық шақтағы аменорея аналық без және жатырда циклді өзгерістер болмауымен, ал менопаузадан кейінгі аменорея-осы өзгерістер тоқтауымен және бүкіл жыныс аппаратының атрофияға ұшырауымен байланысты.Менопаузадан кейінгі кезеңде жыныс жолдарынан қанның көрінуі патологиялық процесті көрсетеді/полип, қатерлі ісік, қабыну/.

Жүктілік кезіндегі аналық без және жатырдағы циклді өзгерістер жүктіліктің сары денесі мен бала орны-плаценттік қызметімен бәсеңделеді. Бала емізетін әйелдерде аменорея нейроэндокринді факторлардың әсерімен орташа есеппен 8-9 айға созылады.Патологиялық шын мәніндегі аменорея алғашқы және екіншілік болып бөлінеді.Алғашқы аменорея-жыныстық жаы толу шағында әйел етеккірінің толық келмеуі.

Егер етеккірі бұрын болып, сосын тоқтап қалса,оны екіншіллдеп атайды.Патологиялық аменорея етеккір циклін реттейтін оның қандай да бір бөлігінің зақымдануына байланысты дамиды.

Зақымдану деңгейіне сай аменореяның төмендегідей түрлері бар:

1.Гипоталамикалық /орталықты/

2.Гипофизарлық

3.Аналық безді

4.Жатырлы

5.Қалқанша және бүйрек үсті бездерінің бұзылуындағы аменорея

Гипоталамикалық аменорея орталық жүйке жүйесіне қолайсыз әсерлердің әсер етуінің нәтижесінде пайда болады.Аменореяның бұл түрі ауыр психикалық жарақаттар /жақын-туыстарының өлімі, стихиялық зіл-зала, соғыс, психикалық ауруларда /шизофренияда/ болуы мүмкін, олар гипоталамус орталығының белсенділігін /активтілігін/ өзгертеді және етеккір қызметінің реттелуін бұзады.Аменорея ой еңбегінде және физикалық қиналыстарда, гиповитаминоз және дұрыс тамақтанбау жағдайларында дамуы мүмкін.Ауруға қосымша жылағыштық,басының ауруы, ұйқысының бұзылуы сияқты белгілер қосылады.

Гипофизарлы  аменорея  аденогипофиздің  ісік не дистрофиялық процестермен зақымдануына, осы маңайдағы қан айналымының бұзылуына байланысты. Сонымен қатар пролактин түзілуінің жоғарылауында да /функционалдық гиперпролактинемия/ байқалуы мүмкін. Гипоталамикалық және гипофизарлық аменорея /органикалық процестерге байланысты емес/ бұрын ауырған жұқпалы аурулардағы улану нәтижесіне /баспа, туберкулез, ревматизм және т.б./ байланысты болуы мүмкін.

Аменорея жыныс мүшесінің гипотрофиясы, касаға түктенуінің жойылуы, гипотиреоз, бүйрек үсті қабық қызметінің төмендеуі сияқты белгілер жиынтығы-босану, босанудан кейінгі кезеңдегі көп мөлшерде қан кету және сепсис кезінде гипофиз маңайындағы қан айналымның бұзылуы нәтижесінде дамиды.Мұны Шихен синдромы деп атайды.

Мұндай синдром дамуының алдын алуда босану процесін жан-жақты өткізу, босану кезіндегі қан кетудің және босанудан кейінгі кезеңдегі жұқпалы септикалық асқынулардың алдын-алудың үлкен маңызы бар. Босанатын және жаңа босанған әйелдерді қадағалау және оларға күтім жасауға орта медицина қызметкерлерінің алатын орны ерекше.

Клиникалық суреттемесі:Гипоталамикалық және гипофизарлық аменореяда зат алмасу процесі бұзылады, семіздік байқалады, гирсутизм, вегетативтік-тамырлық бұзылулар /гипотония, гипертония және т.б./ кездеседі.Гипофиз ісігінде аменореяда акромегалия-бет сүйектері мен саусақтардың көгеріп жуандауы, гигантизм-ірілік байқалуы мүмкін.

Функционалдық гиперпролактинемиядағы аменореяда-галакторея, кейде жыныс мүшесінің атрофиясы байқалады.Галакторея-емшек сүтінің ағуы. Аналық без аменореясы іштен туа біткен не жүре болатын аналық бездің жоқтығында не аналық без қызметінің кемшілігінде болады.Аналық без аменореясының іштен туа біткен түріне дисгенезиялық гонад кезіңдегі, склерокистозды аналық бездегі, тестикулярлық феминизация кезіндегі,склерокистозды аналық бездегі, тестикулярлық феминизация кезіндегі аменорея жатады.

Әйел бедеулігі және оның жиі кездесетін себептері.

Етеккір қызметі және оның бұзылуы туралы не білесіз.

Етеккір Қызметінің Бұзылуы дегеніміз не? Толық ақпарат.

Дисфункционалды жатырдан қан кету ановуляторрлық қабыну.

Пікір қалдырыңыз