Мамандандырылған гинекологиялық көмек

  Гинекология

Мамандандырылған гинекологиялық көмек бедеулікпен, жүктіліктің түсіп қалуымен, эндокринді бұзылулармен, әйел жыныс мүшесінің туберкулезімен ауыратын әйелдерге, сонымен қатар жыныс мүшесінің ауруларымен ауыратын балалар мен жасөспірімдерге көрсетіледі.

Басты әйелдер консультацияларында мамандандырылған қабылдаулар жүргізіледі.Ірі қалаларда «Неке және жанұя» консультациялары ұйымдастырылады, ол бедеулік, контрацепсия /жүктіліктен сақтану заттары/, гинекологиялық эндокринология, сексопатология, андрология, балалар гинекологиясы, медициналық гентикалық лаборатория кабинеттерінен тұрады.

Мамандандырылған стационарлық гинекологиялық көмекті көрсету үшін ірі көп профильді ауруханаларда, ғылыми-зерттеу институттарында бөлімдер болады.Балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған көмек саты бойынша көрсетіледі.

1-ші кезең-/бала-бақша,мектеп/ санитарлық-ағарту жұмыстары педагогтар, ата-аналар, қыз балалар арасында жүргізіледі және балалар гинекологының консультациясын қажет ететін балаларды анықтау.Бұл жұмыстарды іске асыруда орта медицина қызметкерлерінің рөлі үлкен.

2-ші сатысында емдеу және алдын алу көмегі балалар поликлиникасының гинекологиялық кабинеттерінде, ал 3-ші сатысында балалар гинекологиялық стационарларында көрсетіледі.Поликлиникада гинекологиялық стационардан шыққан қыздар әрі қарай емделеді және бақылауда болады.Балаларға көрсетілетін мамандандырылған гинекологиялық көмектің барлық сатысында санитарлық-ағарту жұмыстарының алатын орны ерекше, бұл жұмысты дәрігермен қатар орта медицина қызметкерлері де жүргізуі тиіс.

Акушерлік-гинекологиялық мекемелер тікелей аудандық денсаулық сақтау бөліміне, ал үлкен емес қалаларда қалалық денсаулық сақтау бөліміне бағынады.Басты мамандар-министерстволық, облыстық, қалалық және аудандық  денсаулық  сақтау бөлімдерінің дәрігер-гинекологтары акушерлік-гинекологиялық мекемелердің дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсетеді, олардың мамандығын көтеру курстарын ұйымдастырады, мекемелер қызметін талқылайды.

Министрлік пен денсаулық сақтау бөлімдерінде босануға көмектесу және гинекологиялық көмекті ұйымдастыру комиссиясы құрылады, ол тұрақты қызмет ететін консультациялық және әдістемелік орган болып табылады.Акушерлік және гинекология, ана мен баланы қорғау институттары, акушерлік пен гинекология кафедралары маңызды ғылымдық проблемаларды зерттейді және денсаулық сақтау органдарына күнделікті ғылымдық, емдік және ұйымдастырады, әдістемелік көмек көрсетеді.

Гинеколог дәрігерлердің ғылыми қоғамы тәжірибеге ғылыми жетістіктерді және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді енгізеді. Орта медициналық қызметкердің мамандығын көтеруге, алдыңғы қатарлы тәжірибені таратуға, ғылыми жетістіктерді тәрбиеге енгізуге, акушерлік пен гинекология саласындағы мақалалар ықпал етеді.

Ауылдық жерлердегі гинекологиялық көмек түрлері.

Гинекология саласындағы әйелдерге көрсетілетін қызмет түрлері.

Гинекологиялық емхана /стационар/.

Жанұялық дәрігерлік амбулатория қызметінің ережелері.

Пікір қалдырыңыз