Секретті және жыныстық қызметі

  Гинекология

Секретті қызметі

Науқастың қынаптан сұйықтық ақ бөліндінің көп бөлінетіндігіне шамдануы мүмкін. Жыныс жүйесінің қалыпты жағдайында әйелдің жыныс мүшесінен көп емес бөлінді бөлінеді, әдетте олар бөлінбейді, қолайсыз иісі жоқ, айналасыңдағы тіндерді тітіркендірмейді.Патологиялық процестерде ақ бөлінді әдеттегідей емес түсті, қолайсыз иісі болады,сыртқы жыныс мүшесінің маңайы қышып,удай ашып ауырады.

Ақ сұйықтық әр түрлі болады.Олар қынап сағасында вульваның, тер және май бездерінің, үрпі маңайлас жолдың, сағалық жолдың үлкен бездерінің секреттерінен пайда болады.Ақ сұйықтықтың пайда болуы, вульваның қабынуы немесе оның қынаптан, жатырдан бөлінген патологиялық секретпен тітіркенумен байланысты.

Қынаптағы сұйықтық әдетте аз мөлшердегі ақ сұйықтық болып табылады, ол транссудат пен көп қатарлы жалпақ эпителийдің түскен клеткаларына тұрады, сүттей ақ түсті болады.Патологиялық қынаптың ақ сұйықтық, әдетте ол инфекциялы, сонымен қатар қынаптың қатерлі ісігіне, қынап қабырғаларының қабынуына байланысты.Қалыпты жағдайда мойынша сұйығы жатыр мойыны каналының шырышты бездерінің секреті болып табылады.

Әдетте олар жатыр мойнына жиналады және етеккір циклының ортасында ашық, түссіз, созылмалы шырыш ретінде бөлінеді.Мойынша каналының шырышты ақ сұйықтықтың тұрақты бөлінуі, әдетте босану процесі кезіңдегі жатыр мойнының жарақатында, онан кейінгі каналдың шырышты қабатының теріс айналуында байқалады.

Жатыр мойнының созылмалы қабынуында, жатыр мойнының жарасында, полипинде, қатерлі ісігінде ақ сұйықтықтың бөлінуі күшейе түседі.Қалыпты жағдайда жатырлы сұйықтық болмайды. Олар жатырдың шырышты қабатының қабыну процестерінде, жатырдың қауіпті ісігінде, жатыр миомасында пайда болады.

Жатырлы сұйықтық сулы, кейде қан арласқан, ет жуындысының түріндей болады. Жатыр түтікшелерінде сұйықтық болмайды.Жатыр түтікшелерінде секрет, оның қабыну процестерінде жиналады, ол сыртқа жатырдың іші арқылы өтеді. Бұл сұйықтық серозды не іріңді болады.

Жатыр түтікшесінің қатерлі ісігінде сулы сұйықтықтың түсі янтарь реңдес болады. Сұрау барысында науқастан сұйықтың бөлінетіндігін, оның сипаттамасын /реңін, иісін, консистенциясын, мөлшерін/, пайда болу кезеңін, етеккір циклының кезеңдерімен байланыстылығын, оның пайда болу себептерін анықтау қажет.

Жыныстық қызметі

Науқастан сұрау барысында оның жыныстық қызметін анықтауға ерекше көңіл бөлу керек.Жыныстық қызметінің ауытқушылығының білу гинекологиялық ауруларды анықтауға мүмкіндік береді. Әйел неше жастан бастап, некеде тұратындығын /біріншілік не қайталама/, оның ұзақтығын анықтау қажет.

Жыныстық өмірдің басында қабыну аурулары болғандығын білудің ерекше маңызы бар /сұйықтықтың бөлінуі, кіші дәретке отырғанда удай ашып ауруы/. Науқастың жүктіліктен сақтанудың қандай әдістерін қолданатындығын білу керек / контрацептивтің түрі және қолдану ұзақтығы/. Жүйелі түрдегі жыныстық өмірде, контрацепцияны қолданбаған және 2 жыл көлемінде жүктіліктің болмауын некедегі бедеулік деп атайды.

Жатырдың қабыну ауруларының белгілері және емі.

Етеккір қызметі және оның бұзылуы туралы не білесіз.

Қынаптың қабыну аурулары себептері мен клиникалық суреттемесі.

Әйел бедеулігі және оның жиі кездесетін себептері.

Пікір қалдырыңыз