Серозды цистаденома

  Гинекология

Мезодермальды эпителийден дамиды, жиі 40-50 жас арасындағы әйелдерде кездеседі. Диаметрі 12 см-ге дейін болады, кейде үлкен өлшемді ісіктердің кездесуі де мүмкін. Іші мөлдір сұйықтан тұрады. Ретенционды кисталарға қарағанда капсуласы қатты, тамыр суреттері жақсы жетілген болады. Ісікті сипалап қарағанда қаттылау 5-10% жағдайда малигназацияға ұшырайды.

Серозды-папиллярлы цистаденома

Қатерлену дәрежесіне байланысты 1-ші орында /әрбір екінші капиллярлы цистаденома ракке айналады/. Аналық без қатерлі ісігінің 70%-ке жуығы малигнизацияға ұшыраған капиллярлы цистаденомалар. Ісік 50-60 жас шамасында кездеседі, жиі екі жақты, орташа көлемді, дөңгелек немесе овоид тәрізді, қатты, тегіс немесе кедір-бұдырлы және ішінде капиллярлы өсіндісі болады.

Муцинозды цистаденома аналық бездің ең ірі ісігі, кейде іш қуысын толық алып жатады, /салмағы 50 кг-ға дейін жететін және онан да көп ісік казуистикалық жағдай ретінде жазылған/, беті кедір-бұдырлы, көп камералы, қоймалжың шарана тәрізді, жиі бір жақты, 5%-тік жағдайда қатерлі ісікке өтеді.

Қатерленудің потенциальды дәрежесіне сай капиллярлы цистаденомадан соң гранулезді-клеткалы ісік /фолликулома-2-ші орында/ тұрады.Ол 25-30%-тік жағдайда малигнизация береді. Гранулезді-клеткалы ісіктердің көбі бір жақты, көлемі жағынан кішкентай өлшемнен іш қуысын толық жабатын өлшемге дейін жетеді. Бұл ісік менопаузадан кейін жиі кездеседі, феминизация белгілерін туғызатын эстроген гормондарын бөліп шығарады.

Аналық бездің қатерсіз ісіктерінің қандай түрлері болады.

Аналық бездің ісіктері, клиникалық суреттемесі және оның алдын-алу.

Аналық без және жатыр түтікшелерінің рагы анықтау және алдын-алу.

Қатерсіз ісіктер мен әйел жыныс мүшесінің ісік тәрізді аурулары.

Пікір қалдырыңыз