Соз ауруы

  Гинекология

Соз ауруы-арнайы қоздырғыш арқылы /гонококк/ дамитын венерологиялық ауру, ол несеп-жыныс жүйесінің шырышты қабатының зақымдануымен сипатталады.Жиі жыныс жолымен, сирек жағдайда /балаларда/ жыныстық емес жолмен ішкі киімдер, жөке, сүлгі арқылы жұғуы мүмкін.

Гонококтар диплококтар болып табылады, /кокктар жұбымен орналасады, бадана пішіндес, клетканың ішінде/ лейкоциттер ішінде/ орналасады және Грамм бойынша сарғыш-қызыл түске боялады. Сыртқы орта жағдайының өзгеруіне, дәрілік-заттардың әсер етуіне байланысты, аурудың созылмалы өтуінде гонококтар морфологиялық және биологиялық қасиеттерін өзгертеді.

Бір қатар жағдайларда шар пішінді, әр түрлі өлшемді блып лді, дегенмен бұл түрлері де адамға патогенді /ауру туғызады/.Гонококке тұрақты иммунитет жоқ, кейді «өзіне меншікті» гонококке тұрақсыз имунитет болуы мүмкін, осыған байланысты соз ауруының клиникалық белгілірі өшеді, ал науқас өзін денім сау деп ойлайды, бірақ басқа адамға инфекция таратушы, жұғу көзі болып табылады.

Соз ауруының инкубациялық кезеңі 2-7 күнге, сирек жағдайда 10-15 күнге созылады. Оның дамуына гонококтің шырышты қабатқа енуі жеткілікті.Гонококк цилиндрлік эпителиі бар жерде: жатыр мойнында, жатыр түтікшесінде, көтеншек және несеп жолдарында өсіп өнеді.

Дегенмен гонококк қынап қабырғасын да зақымдануы мүмкін/жаңа босанған әйелдер де қыз балаларда/.Соз ауруын топтастыру процестің ұзақтығына және аурудың клиникалық өтуіне негізделеді.Соз ауруының жаңадан басталған /ауру ұзақтығы 2 айға созылады/ және созылмалы түрі болады.

Соз ауруының жаңа түрі:жедел, жедел үсті және торпидті болып бөлінеді. Жаңа торпидтті соз ауруы-клиникалық белгілері аз жетілген немесе жоқ болатын асимптомды түрі. Соз ауруының жаңа түрінде жұғындыда гонококк табылады.Созылмалы соз ауруында-ауру 2 айға созылады, әлсіз дамиды, немесе басталған мерзімі анықталынбайды. Созылмалы процестің қозуы мүмкін.Соңғы кездері соз ауруының клиникалық өтуінде ерекшеліктер бар.

Субьективті симптомсыз түрі жиілене бастады, ол кезде жұғындыда гонококк бар болады, науқастың шағымы мен көп ошақты қабыну процесі жоқ болады.Бұл түрі гонококк тасушы деп аталатын түрі.Торпидты және субьективті симптомсыз түрлерімен ауыратын әйелдер, өзінің ауыратындығын білмей жыныс қатынасында болады, сөйтіп инфекцияны таратады.

Сондықтан акушерлік –гинекологиялық мекемелерде әр түрлі қабыну ауруларымен емделіп жатқан әйелдерді олардың жолдастарын бактериоскопиялық тексеруден өткізудің үлкен маңызы бар. Соз ауруы жиі трихомониаз, стафилакокк және коллибациллярлы инфекциялармен қатарласа жүреді.

Процестің орналасуына сәйкес: несеп-жыныс апаратының төменгі бөлігінің соз ауруы және несеп-жыныс аппаратының жоғарғы бөлігінің соз ауруы болып бөлінеді.Бірінші түріне үрпінің /урстра/ немесе несеп жолының, парауретральды /несеп жолының маңайы/,өзектің, қынап сағасының үлкен бездерінің, жатыр мойнының соз аурулары жатады, ал екінші түріне жатыр денесінің, түтікшесінің, аналық бездің және іш пердесінің соз аурулары жатады. Бұл екі түрге жататын аурулардың клиникалық белгілері және оның әр түрлі.

Қыз баланың соз ауруы. Сипаттамасы және емдеу жолдары.

Әйелдің жыныс жүйесінің жоғарғы бөлігінің соз ауруының белгілері.

Әйелдің несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің соз ауруы.

Соз ауруын лабораториялық жолмен қалай анықтауға болады.

Пікір қалдырыңыз