Соз ауруын емдеу

  Гинекология

Аурудың емі комплексті болуы керек, ол организмге жалпы, сонымен қатар қабыну ошағына жергілікті әсер етуден тұрады.Жалпы әдістерден организмнің қорғаныш күшін көтеретін антибактериальды және симптомды емдер қолданылады.

Соз ауруының жаңа түрінің жедел сатысында науқастың емхана жағдайында емделуі тиіс, ал созылмалы соз ауруының қозуында науқасты емханаға жатқызып емдеу әдістері әр науқастың жағдайына қарай шешіледі.

Соз ауруының жедел түріндегі науқасты емдеу:

1) бүкіл қалтырау кезеңі көлемінде төсекті режим белгіленеді,

2) іштің төменгі жағына мұз қою және қынап гипотермиясын 2-5 күн аралығында жасау,

3) диета сақтау ішімдік және ащы тағамдарды жеуге болмайды,

4) көп сұйықтық ішу қажет,

5) ішек қызметін реттеу керек.

Соз ауруын емдеу. Соз ауруының емдік нәтижесі антибиотикті, иммунологиялық, жергілікті және физиотерапиялық емдерді дұрыс пайдалана білуге тығыз байланысты.Ерлердің асқынбаған жедел және жеделдеу соз ауруын, сонымен қатар әйелдердің несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің созын және балаларды емдеуді төменде көрсетілген үлгіге сәйкес антибиотиктермен емдеуді бастаған жөн. 7-10 күн антибиотиктермен емді аяқтағаннан кейін создан айығудың кепілдіктерін анықтауға кіріседі.

Егер антибиотикті емді аяқтағаннан кейін 10-12 күн өткен соң өршіту әдістерінен кейін соз ауруының қоздырғыштары табылса, онда оны создан кейінгі қабыну процесі деп қарау керек.Антибиотикпен ем сәтсіз аяқталғанда клиникалық жақсарту ұзаққа созылмайды, ауру көп ұзамай қайталанады.

Антибиотикті емді аяқтағаннан кейін 1 айдың ішінде уретра мен жатыр мойнының ағатын іріңді сұйықтықтың мөлшері көбейіп, одан гонококк табылуы мүмкін. Аурудың кешуілден қайталануы сирек кездеседі, өте баяу дамиды және клиникасы мардымсыз болады.

Создың асқынбай жедел дамитын қайталануында басқа антибиотик-тетрациклин тобынан, макролидтерден, аминогликозидтерден немесе олардың екеуін бірдей қолдану керек.Клиникасы нашар, мардымсыз даму жағдайындағы қайталануда, бұл әсіресе әйелдерде жиі кезедеседі, антибиотиктерді жергілікті және иммунологиялық емнен кейін бастау керек.

Асқынған және өрлемелі созды ауруханада емдейді.Аурудың жедел сатысында антибиотикті аутогемотерапия фонында егу керек.Жедел қабыну белгілері азайған соң ғана иммунотерапиялық, физиотерапиялық емге көшеді.Жергілікті емді антибиотиктен кейін бастайды.

Создың мардымсыз және созылмалы түрінде ем комплексті болу керек, ең тиімдісі ауруханада емдеу. Мұндай ауруларға антибиотиктен бұрын иммунотерапия және жергілікті ем жасалғаны дұрыс.Амбулаториялық процесс өрлемелі түрге өтіп кетпес үшін антибиотикті иммунотерапиямен қатар жасайды, содан кейін жергілікті ем жасалады.

Инфекция көзі болып табылатын, немесе жыныстық қатынаста болған ауруларды, егер гонококк табылмаған жағдайда, созылмалы созды емдеу үлгісімен емдейді.Жедел созбен ауырғандардың кімнен жұқтырғаны белгісіз болса және үнемі диспансерлік бақылаумен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған /тұрақты орны жоқ, жезөкшеле және т.б./ жағдайда, соз ауруын емдеуге қатар мерезге қарсы ескертпе ем жасалады.

Кімнен жұқтырғаны белгісі, бірақ қайда тұратыны, қайда істейтіні белгілі науқастарға мерезге қарсы ескертпе ем жасалмайды, бірақ созды емдегеннен кейін әр 3 ай сайын клиникалық-серологиялық бақылауда болады.

Антибиотиктер.Пенциллин тобындағы препараттар.1. Бензилпенциллин. Жедел және жеделдеу түрінде бір курстық мөлшері-3,4 млн.бірлікке тең.Создың асқынбаған және баяу дамитын түрінде, еркектердің асқынған жедел созында, өрлемелі және созылмалы созда бензилпеницилиннің курстық мөлшері 4,2-6,8 млн.бірлік болуы керек.

Бірінші рет-600000 бірлік егеді, сонан кейін үзіліссіз әр 3 сағат сайын 400000 бірліктен егеді.Жедел және жеделдеу уретритпен ауыратын ерлерге /қайта-қайта келуге мүмкіндігі болмаса/ бірден бензилпеницилиннің 3 млн.бірлігін салады.4млн. бірақ пеницилинді әр бөксеге 2 млн-нан бөліп егуге болады.

Әйелдердің созылмалы созында бензилпеницилинді ауырған аймаққа егу өте тиімді. Осы мақсатпен жатыр мойнының етіне препаратты бір рет 2000000 бірлік мөлшерінде егеді, бұлшық етке бір реттік, немесе бір курстық мөлшерді егеді.Балаларды емдеуде курстық мөлшері ересектердікімен бірдей. Балаларға-бір реттік мөлшері 50000-200000 бірлік аралығында /жасына байланысты/ әр 4 сағат сайын тәулік бойы егіледі.

Бициллин-1, бициллин-3, бициллин-5.Жедел және жеделдеу уретритте /ерлерде/, әйелдердің несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің жедел созында әр 24 сағат сайын 600000 бірліктен 6 рет немесе 48 сағат сайын 1.200000 бірліктен, бір курсқа 3,6 млн. бірлік антибиотик егіледі, создың басқа түрлерінде әр 24 сағат сайын 600000 бірліктен 7-10 рет салады, курстық мөлшері-4,2-6 млн.бірлік.Бациллинді 2 сәттік тәсілмен салады-алдымен инені, одан қан көрінбесе-антибиотикті салады.

Ампициллин.Препарат жедел және жеделдеу созда-3,0 г, созылмалы созда-8,0г/ әр 4 сағат сайын 0,5г-нан беріледі/.

Ампиокс.Жедел және жеделдеу созда-әр 4 сағат сайын 0,5г 4-5 күн береді, созылмалы созда-5-7 күн, ал 12 жасқа дейінгі балаларға әр 1 кг салмағына 0,1 г есеппен , 12 жастан әрі қарай-ересек адамдарға берілетін мөлшерде беріледі.

Оксациллин. Аурудың жедел және жеделдеу түрінде күніне 0,5 г 5 рет береді, курстық мөлшері-10,0 г, создың басқа түрлерінде-14,0 г.

Карфециллин. Жаңа асқынбаған созда күніне  0,5 г 3рет, бір курсқа -5,0, ал созылмалы және асқынған созда-8,0 г береді.

Левомицетин. Жедел және жеделдеу соз ауруында бір курсқа 6,0/3,0 бір күнде/, ал создың басқа түрлерінде-10 г/ алғашқы 2 күнде 3 г, содан кейін-күніне, 2 г/, бір реттік мөлшері-0,5 түнгі 7-8 сағат үзіліспен 6 рет, тамақтанудан 30 мин бұрын береді. Балаларға 0,2-0,25 г, күніне 4 реттен, ал курстық мөлшері ересектердің жедел созындағыдай-6,0 г.

Тетрациклин тобындағы антибиотиктер.Тетрациклин, хлортетрациклин, окситетрациклин-жедел және жеделдеу созда бір курстық мөлшері-5 г/5 млн.бірлік/. Ерлердің асқынған жедел созында, әйелдердің үдемелі және созылмалы соз ауруында курстық мөлшерін-10 г-ға дейін көтеру керек.

Алғашқы 2 күн-0,3 г, кейінгі күндері-0,2 г күніне 5 рет береді.Түнгі үзіліс 7-8 сағат аспауы керек.Кандидоз дамымауы үшін бір мезетте нистатин /500000 бірліктен күніне 4 рет / немесе леворин / 250 мың бірліктен күніне 4 рет/ беру қажет.

Метациклин, рондомицин.Жаңа жедел және жеделдеу асқынбаған созда тамақтан кейін, бірінші рет 0,6 г, содан кейін 0,3 г әр 6 сағат береді, курстық мөлшері-2,4 г.Создың басқа түрлеріне-4,8 г.Ерлер мен әйелдердің жаңа, асқынбаған және асқынған созын метациклинмен /рондомицин/ бір күн ғана емдеуге болады, 1,2 г-нан 2 рет тамақтан кейін 8 сағаттық үзіліспен, курсқа-2,4 г.Жаңа баяу созбен ауыратындарға-1,2 г-нан 3 рет, 8 сағ. Үзіліспен, курсына-3,6 г, жаңа асқынған созда-1,2 г-нан 4 рет 8 сағ. үзіліспен, курсына-4,8 г береді.

Доксициклин.Создың жаңа, асқынбаған жедел және жеделдеу түрінде препаратты әр 12 сағат сайын 0,1 г/ бірінші рет 0,2 г/, курсына-1,0 г береді.Создың басқа түрлерінде осы әдіспен береді, бірақ курстық мөлшері-1,5 г.

Макролит антибиотиктері. Эритромицин-жедел жеделдеу соз түрінде эритромициннің курстық мөлшері-8,8 млн. бірлік /2 күн 4 мың бірліктен тәулігіне 6 рет, содан кейін 4 мың бірліктен  5рет / беріледі.Создың басқа түрлерінде-осы тәсілмен курсына-12,8. млн.бірлік беріледі.

Макропен.Жедел және жеделдеу соз ауруында-400 мг-нан 3 рет, курстық мөлшері-3,6 г, создың басқа түрлерінде курстық мөлшері-6,0 г.

Олететрин. Курстық мөлшері-4 млн. бірлік, создың басқа түрлерінде-7,5 млн. бірлік, одан да жоғары болуы мүмкін.Бірінші күні-1 млн. 250 мың бірліктен /1-ші рет-500 мың, кейінгі 3 ретінде -250 мың бірлік/, ал қалған күндері-250 мың бірліктен тәулігіне  4 рет беріледі.

Аминогликозид антибиотиктер-канамицин. Канамицин-жедел және жеделдеу созда әр 12 сағат сайын 1 млн.бірліктен етеді, курстық мөлшері-3 млн, бірлік, создың басқа түрлерінде 6 млн.бірлік.

Цефалоспориндер:Цефалексин-алғашқы 2 күнде 0,5 г-нан 4 рет, жаңа жедел, асқынбаған созда курстық мөлшері-5,0 г, асқынбаған және созылмалы түрлерінде-7,0 г.

Сульфаниламидтік препараттар.Бисептол-жедел және жеделдеу созда әр 6 сағат сайын 4 түйірден, курстық мөлшері-16 түйір /7,68 г/, создың басқа түрлерінде-9,6 г/20 түйір/.

Спектомицин /тробоцин/.Жаңа жедел асқынбаған соз ауруында-екі сәттік тәсілмен бір рет ерлерге 2,0 г, әйелдерге-4,0 г егеді /2 бөксеге/.Балаларды емдеу үшін бір рет 40 мг препаратты беру жеткілікті.

Рифампицин.Жаңа жедел және жеделдеу, асқынбаған созбен ауыратындарға әр 6 сағат сайын, тамақтан бұрын, 0,3 г-нан, /ең алғаш рет 0,6 г/,бір курсқа-1,5 г береді.Создың басқа түрлерінде-осы тәсілмен береді, курстық мөлшері-6,0 г. Жүкті әйелдерге беруге болмайды.

Иммунотерапия

Организмнің сергектігін көтеру және инфекцияға қарсы күресу күшін күшейту үшін созды емдеуге қолданылатын қосымша әдістермен қатар иммундық ем жасалады.

Арнаулы иммундық ем-вакцинамен емдеу.Баяу дамитын қайталану процесінде, антибиотикпен емдеу нәтижесіз болғанда, және баяу және созылмалы созды, асқынған созбен ауыратын ерлер мен үдемелі созы бар әйелдерді /жедел қабыну белгілері бәсеңдегеннен кейін/ гонококктық вакцинамен емдеу қажет.

Амбулаториялық жағдайда вакцинамен емдеу антибиотиктермен қатар не антибиотиктер соңына таман берген дұрыс.Асқынған созда гоновакцинаны 200-250 млн. микробтық денеден бастау қажет. Создың баяу және созылмалы түрлерінде гоновакцинаның бастапқы мөлшері-300-400 млн.микробтық дене. 2 күннен кейін егіп отырады, мөлшері 150-300 млн. микробтық денеге көбейіп отырады.

Ең жоғарғы бір реттік алынатын мөлшері 2 млрд.Микробтық денеден аспауы керек, егу саны-6-8 ретке дейін болуы керек. Баяу және созылмалы созы бар әйелдерге жергілікті жерге вакцинация жасауға болады, жатыр мойнының шырышты қабатының астына, уретрасына егуге болады. 50 млн.микробтық денеден бастап, вакцина мөлшерін 150-200 млн. микробтық денеге дейін көтеруге болады.

Әсері 20-30 минуттан кейін байқалады. 3 жасқа дейінгі балаларды вакцинамен емдеуге болмайды. Балаларға егілетін вакцинаның бастапқы мөлшері-50-100 млн. микробтық дене. Туберкулез ауруының активті сатысында, жүрек-тамыр жүйесінің органикалық өзгерістерінде, гипертониялық /қан қысымының көтерілуі/, бүйректің аса асқынған ауруларында, қан аздықта, аллергиялық ауруларда, етеккір кезінде, әлсіреп, арықтағанда гоновакцина қолдануға болмайды.

Иммундық емді антибиотиктерден бұрын қолданған өте тиімді. Сонымен қатар пирогенал, продигиозон, аутогемотерапия, левамизол, метилурацил, глицерам, тактивин, тимактин дәрілерін қолдануға болады. Уретрадағы, жыныс бездеріндегі қабынудан кейінгі жабысу реакцияларын жеңілдету, жабысқан тіндерді жұмсартып, ыдырату үшін биогендік стимуляторлар да, атап айтсақ фибс, алое, трипсин, химотрипсин, лидаза қолдануға болады.

Жүкті әйелдердегі соз ауруын қалай емдеуге болады.

Қыз баланың соз ауруы. Сипаттамасы және емдеу жолдары.

Әйелдің несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің соз ауруы.

Соз ауруы дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Пікір қалдырыңыз