Соз ауруын лабораториялық жолмен анықтау

  Гинекология

Соз ауруын лабораториялық жолмен анықтаудың өте кең таралған әдістеріне бактериоскопиялық, культуральды және серологиялық әдістер жатады.Бактериоскопиялық әдісі жұғындыдан гонококк табуға негізделген.Жұғындыны алу кезінде жоғарыда жазылған техникалық ережелерді сақтау керек.

Көп ошақты зақымдану екендігін ескеріп, жұғындыны несеп жолынан, мойын каналынан, үлкен вестибулярлы бездің шығару өзегінен және көтен ішектен алу керек.Мұнан басқа да, кіші дәреттің шырышты жіпшесін тексереді.Кейде гонококтің атипиялық түрі анықталынады.

Дегенмен, ақырғы диагноз Грам бойынша боялған жұғындыда гонококк табылса, қойылуы тиіс.Соз ауруы жиі аралас инфекция түріне өтеді, жұғындыда басқа микрофлораның болуы гоно жоқтығын көрсетпейді.Күмінді жағдайларда культуральды тексеру /егу/, жүргізіледі.Культуральды әдістің соз микробын анықтауда маңызы зор.

Егуге арналған затты зарарсыздандырылған имекпен не пинцетпен несеп жолынан /үрпі/, жатыр мойны және вестибулярлы бездің өзегінен алады.Затты алардан бұрын осы аймақтың бетін зарасыздандырылған тампонмен сүртеді.Әр ошақтан алынған затты пробиркаға немесе Петри шыны ыдысына егеді.

Серологиялық әдіс.Қанды Борде-Жангу реакциясына тексеру.Бұл әдістің үлкен маңызы зор, өйткені 3-4 аптадан кейін ғана реакция оң болады, ал мерзім ішінде дұрыс ем жүргізілсе, соз ауруы толық емделеді.Провокация әдістері. Соз ауруында жасалатын провокация-гонококты табу мақсатында қабыну процесін қолдан қоздыру.

Физиологиялық провокация-етеккір кезінде бактериоскопияға жұғынды алу болып табылады. Провокация кезіндегі секретті сұйықтың көп бөлінуі без жолының терең астарынан гонококты «шайын» шығарады және жұғындыдан табылу жиілігін арттырады.Қабыну процесін қолдан өршіту биологиялық, термиялық және химиялық провокация жолдарымен жүзеге асырылады.

Биологиялық провокация. Бір рет жамбасқа гоновакцина /500/млн микробтық дана салудан тұрады.Термиялық провокация.Қынап электродты индуктотермиясын қолдану арқылы немесе 4-5 балшықты қынап тампонын алумен жасалады.

Химиялық провокация. Несеп жолынан, көтенішектің шырышты қабатын 1%-тті күміс в нитратының ерітіндісімен, жатыр мойнының каналын 5%-тті күміс нитратының немесе глицериндегі Люголь ерітіндісімен тазалаудан тұрады.Осы аталған әдістерді қолданғаннан кейін 24, 48, 72 сағаттардан кейін жұғынды алады.

Соз ауруы дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Қыз баланың соз ауруы. Сипаттамасы және емдеу жолдары.

Әйелдің несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің соз ауруы.

Әйелдің жыныс жүйесінің жоғарғы бөлігінің соз ауруының белгілері.

Пікір қалдырыңыз