Сыртқы жыныс мүшесінің қабыну аурулары

  Гинекология

Вульвит.Вульвит-әйелдің сыртқы жыныс мүшесінің қабынуы.Ол қынап қабынуымен бір жүреді, оны вульвовагинит деп атайды.

Вульвиттің себептері:

1) Жалпы аурулар /қантты диабет/.

2) Жұқпалы аурулар қоздырғыштары/іріңді микробтар,гонококк,ашытқы тәрізді саңырауқұлақ, дифтерия/қырылдауық таяқшасы, туберкулез микробактериясы /.

3) Механикалық химилық, термиялық факторлар.

Вульвиттер жиі қыз балаларда, сонымен қатар ересек және қарт жастағы әйелдерде кездеседі.Жыныстық жасы жетілген шақта вульвиттер аналық без гипофункциясына, авитаминозға байланысты.Вульвиттер біріншілік /вульваның жеке қабынуы/және екіншілік /қынап пен жатыр мойнынан патологиялық бөліндінің бөлінуі әсерінен пайда болатын әйел ішкі жыныс мүшесінің жалғас қабынуы/ болып бөлінеді.

Клиникалық суреттемесі. Сыртқы жыныс мүшесінің маңайы сыздап-сыздап ауырады, қышыма пайда болады, осы белгілер кіші дәретке барғанда және жүргенде күшейе түседі,жабысатын сұйық бөлінді келеді.Қарау барысында сыртқы жыныс мүшесі қатты қызарып ісінеді және санның ішкі бетінде қасыған жерлер, іріңді майда жаралар барлығы анықталынады.

Анықтау: Диагноз клиникалық  суреттеме негізінде қойылады.қабыну процесінің біріншілік не екіншілік екенділігі анықталынады.Қоздырғышты анықтау үшін бөліндіні бактериологиялық тексеруден өткізеді.

Емі: Тазалық ережелерін және төсек режимін сақтау керек. Күніне бірнеше рет жыныс мүшесін 5%-тті калий перманаганат ерітіндісімен, түймедегі түнбасымен, 3% -тті бор қышқылының ерітіндісімен жуады не осы аталған ерітінділермен булау жасайды.

Тері жабындысын жұмсақ дәкемен сақтықпен құрғатады, сосын тальк не ұнтақ себеді,өте қатты қышымада сіңгенде бром, валериа, нустырник, димедрол препараттары беріледі және жыныс мүшесінің айналасын анестезин майымен сылайды.Алдын-алу.Вульвиттің алдын-алу жеке бас тазалығының ережесін сақтау /әсіресе етеккір кезінде/ және вульвит дамуына бейім ауруларды емдеуден тұрады.

Бортолинит

Қынап сағасындағы үлкен бездің қабынуы /бартолинит/бездің шығарғыш өзегіне стафилококк, стрептококк, ішек таяқшалары,гонококк қоздырғыштарының өнуі нәтижесінде дамиды,ісік нәтижесінде өзек бітеледі, бездің секреті жиналып іріңдейді,абсцесс пайда болады,кей жағдайларда кейін өздігінен жарылады.Қабыну процесі өздігінен жарылмай, қабыну процесінің іріңдемей өшуі де мүмкін.

Аурудың қайталанатын түрі жиі байқалады. Клиникалық суреттемесі:Жыныс ернеуінің маңайы жүргенде және отырған қатты ауырады.Дене қызуы көтеріледі,соған сәйкес тамыр соғысы жиіленеді.Обьективті тексеру барысында жыныс ернеуінің маңайы қызарып, ісінеді, іріңдегенде жұмсару ошағы және флюктуация пайда болады.

Бартолиниттің қайталануында киста пайда болады, үлкен жыныс ернеуінің маңайында ісік тәрізді /қызармаған/болып анықталынады. Анықтау: Диагноз қою клиникалық суреттемесі мен анамнез мәліметтеріне негізделеді.

Емі: Төсекті режим белгіленеді, жергілікті жерде мұз қойылады, антибиотик және сульфаниламид препараттары беріледі.Іріңдегенде хирургиялық шара қолданылады. Операция /марсуппиализация/ жарған киста қабырғасының шетін операция жарақатының шетіне қосып тігуден тұрады.

Абецесс өздігінен жарылсы антисептикалық ерітінділермен тазалайды және жергілікті жерге Вищневский майымен таңғыш қояды.

Вульва қышымасы

Вульва қышымасы сыртқы жыныс мүшесі мен қынап қабынуының белгісі болып табылады.Қантты диабетте, гепатитте, аллергия /дәрілі, тағамдық/ байқалуы мүмкін. Осы барлық жағдайларда сыртқы жыныс мүшесінде қызару, ісік, қасыған жерлер пайда болады. Ұзаққа соқылған жазылмайтын жараларда биопсия жасалады.

Вульва қышымасы нейрогормональды бұзылуларда /посткастрациялық  және климактериялық синдромдар/ пайда болуы мүмкін.Осындай вульва қышымасыңда екіншілік қабыну процесі пайда болуы мүмкін.

Емі: Негізгі ауруды емдеу керек.Гормонды бұзылуларға байланысты қышыма гормонды препараттармен орнын басу емін өткізеді.Жергілікті жерге эстроген гормонынан тұратын майлар қолданады.Сонымен қатар, седативті, заттар /бромидтер, валериан/ белгілейді.

Әйел жыныс мүшесінің паразитарлы ауруларын емдеу жолдары.

Әйел жыныс мүшесінің мерез ауруы Клиникалық суреттемесі және емі.

Қынаптың қабыну аурулары себептері мен клиникалық суреттемесі.

Әйелдің несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің соз ауруы.

Пікір қалдырыңыз