Трофобластикалық аурулар

  Гинекология

Көпіршікті тығын. Трофобластикалық ауруларға көпіршікті тығын және хориокарцинома жатады. Көпіршікті тығын-ұрықты жұмыртқа ауруы, түкті хорион эпителийінің шектен тыс өсуіне байланысты. Көпіршікті тығын жатырда болады. Бала орнының /плаценттің/ тіні сұйық толтырылған әр түрлі көлемдегі көпіршіктер тәрізді болады.

Өзгеріске ұшыраған тіндер-түктер жатыр қабырғасына өсіп кетсе, деструкциялы және бұзылған көпіршікті тығын пайда болады. Атипиясыз және пролиферациясыз көпіршікті тығын қатерсіз ауру деп есептелінеді, ал деструкциялы түрі қатерлі ісікке жатады, өйткені ол тіндерді бұзып, әртүрлі мүшелерге метастаз береді.

Көпіршікті тығынның хорионэпитеоиомаға өту жиілігі-1-18%-ке тең. Клиникалық суреттемесі. Көпіршікті тығынның клиникасы жүктіліктің алғашқы сатысында /жартысында/ жиі 12 аптадан кейін жатырдан әр түрлі деңгейде қан кетумен, қан аздықпен, іштің төменгі жағы сыздап аурумен сипатталады.

Анықтау жолдары. Диагноз қою клиникалық суреттемеге негізделеді. Жүктілікке тәң, кейде жүктілік токсикозына тән белгілерден басқа, жүктіліктің мерзіміне сай келмейтін жатырдың тез өсуі, жатырдың біркелкі еместігі, аналық бездің үлкеюі байқалады. Аналық  безде тек алютеинді кисталар дамиды.

Кіші дәреттегі хориогонин мөлшері көтерілген. Жүктіліктің анықталынған белгілері /жүрек соғысы, бала қозғалысы/ жоқ болады. Көпіршікті тығынды басталған түсіктен, су көптік, егізділік, бала орнының дұрыс орналаспауы, жатыр миомасынан айыру қажет. Диагнозды толық анықтауға ультрадыбысты тексеру, амниоскопия көмектеседі.

Емі.Көпіршікті тығынды бір мезгілде алып тастайды /қырып не вакумм аспирация жасау арқылы/, алынған материальды міндетті түрде гистологиялық тексеруден өткізеді. Көпіршікті тығынның қатерлі емес түрінде 2-3 курс метотрексатпен емдейді, ал деструкциялы түрін -3 курс жартылай химиялық еммен емдейді /метотрексат, рубомицин, адриамицин/.

Алдын-алу. Хорионэпителиома ауруының алдын-алу үшін көпіршікті тығынмен ауырған науқастарға 2-6 жыл аралығында диспансерлік қадағалауда болады, әдеттегі тексерулер мен қатар 2 ай көлемінде аптасына 2 рет, сосын ай сайын кіші дәреттегі ХГ мөлшерін анықтайды, 3 айда бір рет өкпені рентгенге түсіреді. Қалыпты жағдайда ХГ титрі көпіршікті тығынды алып тастағаннан кейінгі 3 аптадан соң теріс болады.

Пікір қалдырыңыз