Жанұялық дәрігерлік амбулатория

  Гинекология

Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.09.1999 жылғы N 500  бұйрық тіркемесінен.

1.Жалпы ережесі. Жанұялық дәрігерлік амбулатория /ЖДА/-негізгі номенклатуралық алғашқы медициналық көмек көрсететін медициналық мекеме.

ЖДА- медициналық көмек алу үшін науқастың алғашқы көрінетін мекемесі. Бұл мекемеде барлық қаралуға келген кісілердің жыныстық және жас ерекшеліктеріне қарамастан алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.

1.ЖДА-өзі қызмет көрсететін медициналық мекеме, өзіне бекітілген аудан-аймақ төңірегінде тұратын тұрғындарға алғашқы медициналық және санитарлық көмек көрсетеді.

2.ЖДА-белгіленген тәртіп бойынша қалада, ауылдық елді мекендерде ұйымдастырылады, банкалық есеп шоты бар заңды мекеме.

3.ЖДА-мемлекеттік, сонымен қатар мемлекеттік емес меншікте болуы мүмкін.

  1. Жекеменшік түрінде қарамастан ЖДА-Қазақстан Республикасы Конституциялық ата заңымен, Қазақстан Республикасы Президент мен Өкіметінің, заңдары мен заңдылықтарымен, Республика денсаулық сақтау Министрлігі мен басқармаларының нормативтік-құқықтық актілерімен, бұйрықтарымен басшылық етеді. ЖДА-ның медициналық және дәрігерлік қызметтері міндетті түрде лицензияланады.

ЖДА қызметінің мәні, мақсаты мен принциптері

1.ЖДА қызметінің мән-мақсатына жатады:

-аурулардың физикалық, психологиалық және әлеуметтік факторларын ескере отырып, ауруды анықтау, емдеу, қалпына келтіру, нығайту емдерінен тұратын алғашқы медициналық, санитарлық көмекті ұйымдастыру;

-аурудың алдың алу /профилактика/;

-тұрғыңдарды салауатты өмір салтының ережелеріне үйрету.

  1. ЖДА өз қызметінде төмеңдегідей принциптерге сүйенеді:

-әр адам жасы мен жыныстық ерекшеліктеріне қарамастан медициналық көмек ала алады, яғни, қолайлылық принципі;

-профилактикалық бағыт принципі;

-емдік-профилактикалық шаралардың үздіксіз көрсетілу және жалғастырушылық принципі;

-аймақтық немесе дәрігерді өзі таңдау принципі.

  1. ЖДА құқықтары
  2. Қазіргі заңдылықтарға сәйкес ЖДА-емдік-профилактикалық және сауықтыру жұмыстарына мамандарды таңдау және қою,қаржы-шаруашылық және ьасқа мәселелерді өзі шеше алады.
  3. ЖДА құқықылы:

-негізгі Ереже бойынша кабинет, бөлмелерді материалды-техникалық қамтуға және жабдықтауға;

-ЖДА-ның ішкі құрылымын,штат, ішкі тәртіп ережелерін, жұмыс істеу уақытын, жүктемелерді бөлу және т.б жұмыстарды өзі анықтауға;

-емдік-профилактикалық және әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыруға және оларды іске асыруға;

-негізгі «Ережеде» рұқсат етілген басқа қызмет түрлерін ұйымдастыруға;

-денсаулық сақтау мекемелерінің, жергілікті басқа органдарының  және басқа мекемелердің өз аймағына бекітілген тұрғындардың денсаулығын сақтау, еңбек, оқу процестерін және тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніңдегі сұрақтарды шешуге координатор  ретінде қатысу.

  1. ЖДА-ның міндеттері

   ЖДАміндеті:

-бекітілген өз аймағындағы тұрғыңдардың денсаулығын нығайту және сауықтыру мақсатында тұрғындарға дер кезінде және сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

-денсаулық сақтау Басқармасының орталық ұйымы бекіткен формалар, үлгілер бойынша медициналық құжаттарды толтыру, оған есеп жүргізу;

-денсаулық сақтау Басқармасына қажетті мәліметтерді, емдік-профилактикалық қызмет жөніндегі есепті дер кезінде беру;

-аудандық емдік-профилактикалық, жергілікті басқару мекемелерімен, медициналық қызмет көрсетудің төлем орталығы және т.б. мекемелермен тығыз байланысты болу науқастың мүддесін қорғау.

  1. ЖДА жұмысын ұйымдастыру
  2. Жергілікті денсаулық сақтау Басқармасымен келісіп, ЖДА өзіне бекітілген аймақ тұрғындарымен өз жұмысын ұйымдастыра алады.
  3. Тұрғындардың өндірістік жұмыс істеу және ыңғайлы уақыттарын ескеріп, олармен тиісті жұмыс істеу уақытын өздігінен анықтай алады.
  4. Қажет кезінде ЖДА-ның құрамынан немесе үй жағдайында күндізгі емхана /жатып күндіз емделетін/ аша алады.
  5. ЖДА-ның ішкі құрылымын ұйымдастыру талаптары .

Науқас адам мен ЖДА ұжымы қызметкерлерінің арасындағы жаңа қарым-қатынас дамуының бірден-бір жаңа жағдайының бірі-бөлменің ішкі құрылымын ұйымдастыру болып табылады.ЖДА ішінде науқас ерсілі-қарсылы қозғалыста болмауы керек.Сондықтан төмендегідей бөлмелер немесе тобы қарастырылуы керек.

Науқастың арнайы күту бөлмесі.Науқас осы жерде ғана еркін қозғала алады. Холл немесе күту бөлмесінде балаларға арналған бұрыш және аурулардың алдын-алуға және салауатты өмір салтына арналған әр түрлі плакаттар, қабырғалық газеттер, сан бюллетеньдер, буклет, әдебиеттер жиналған бұрыш болуы керек. Дәрігердің қабылдауына, процедураларға науқасты мейірбике шақырады және кіргізіп-шығарып тұруы тиіс.

Компьютерлік тіркеу бөлімі. Науқастар легі тіркеу бөлімінде реттеледі.Науқастардың амбулаториялық  карталары осы бөлімде сақталады. Дәрігер қалауына дейінгі бөлме, онда мейірбикелер жұмыс істейді. Осындай бөлменің болуы орта медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттырады және өзінше жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бөлме ішінде кішкентай балалар мен ересектер салмағын, бойын өлшейтін өлшеуіштер, көз көргіштігін анықтайтын таблициалар, ЭКГ аппараты, фонендоскоп, тонометр, есту қабілетін, көз қысымын анықтайтын құралдар мен жабдықтар, тазометр, термометр және т.б. қажетті құралдар болуы тиіс.

Осы жерде науқастар алғашқы дәрігерге дейінгі тексеруден өткізіледі.Науқас мүддесін қорғау мақсатында дәрігер қабылдауында дәрігер мен науқастың болуы шарт, 3-ші адамның қатысуы науқас келісіміне байланысты шешіледі.

-балалар, ересектерді, әйелдерді қарайтын жаңа типтегі дәрігер бөлмесі;

-дәрігерлерге арналған жалпы бөлме, онда өндірістік мәжіліс, «үйірмелік  сабақтар» компьютер қоюға, кітапхана орналастыруға болады.

Мамандандырылған гинекологиялық көмек кімдерге көрсетіледі.

Ауылдық жерлердегі гинекологиялық көмек түрлері.

Гинекология саласындағы әйелдерге көрсетілетін қызмет түрлері.

Гинекологиялық емхана /стационар/.

Пікір қалдырыңыз