Жатырдың қабыну аурулары

  Гинекология

Эндоцервицит /цервицит/-жатырдың мойын каналы шырышты қабатының қабынуы. Ол стафилакокк, стрептококк, ішек таяқшасымен дамиды.Микробтардың еніп, қабыну процесін туғызуға итермелеуші факторлар: аборт /түсік/ кезіндегі жатыр мойнының жаңа жарақаттары, диагностикалық қыру, жатырды зонд арқылы тексеру, босану кезіңдегі жыртылулар болып табылады. Мойын каналындағы шырышты тығын, әдетте инфекция кіруден сақтайды.

Жатыр мойнының шырышты қабатының тыртықты жарақатында /босану кезіндегі жарықтардан кейін, операциядан кейінгі жағдайлар/ шырынды бөлінді /шарана/ канал ішіне жиналмайды, одан ағып кетеді, қынап сұйықтығының химиялық құрамын өзгертіп, инфекция дамуына және оның жатыр мойны каналының ішіне енуіне ықпал жасайды. Етеккір қаны да қынап ортасының құрамын өзгертеді, сондықтан етеккір кезеңі инфекция кіруге қолайлы жағдай болып табылады.

Клиникалық суреттемесі:Эндоцервициттің жедел кезеңінде жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, іштің төменгі жағының ауруы, қынаптан қоймалжың іріңді бөліндінің көп бөлінуі байқалады.Екіншілік вульвиттің дамуы мүмкін, вульва маңайында қышыма пайда болады.Айна арқылы қарағанда жатыр мойнының сыртқы ернеуінің айналасы қызарып, ісінеді, мойын каналынан іріңді бөлінді келеді.

Жедел кезеңінде жатыр мойнының жабынды эпителийі түсіп, оның бұзылуы /жатыр мойнының жарасы/ байқалады.Жедел эндоцервицит жедел үсті және созылмалы түрге өтуі мүмкін, қызаруы және ісінуі азаяды, бірақ ернеудің айналасына барқыт бетті ашық-қызыл түсті тәж қалады.Бөлінді бүкіл етеккір циклі бойында шырышты /шарана/ сұйықтық тәрізді және көп келеді.Анықтау:Диагноз клиникалық суреттеме негізінде қойылады.

Қоздырғыштың түрін жұғындыны бактериоскопиядан өткізу арқылы анықтайды.Бұл зерттеу арқылы қоздырғыш түрін анықтаумен қатар, міндетті түрде соз ауруын теріске шығару үшін қолданылады.Эндоцервицит /псевдоэрозия/ жалған жара мен жатыр мойнының рагы /қатерлі ісігі/ дамуына фон болып табылады.Сондықтан міндетті түрде науқасқа кольпоскопия, жұғындыны атипиялық клеткаға зерттеу,цитологиялық тексеру қажет.

Емі: Сульфаниламдты, антибиотик және жансыздандыру препараттары қолданылады.Жедел үсті және созылмалы кезеңдерде гидрокарбонат натрий ерітіндісімен жуып, дәрілі эмульсиялы тампон қойылады.

Жатыр денесі саркомасының негізгі белгісі және оның емі.

Жатыр қосалқысының қабыну ауруларының емі және белгілері.

Әйелдің несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің соз ауруы.

Қынаптың қабыну аурулары себептері мен клиникалық суреттемесі.

Пікір қалдырыңыз