Жыныс мүшелерінің клеткалары

  Гинекология

Жыныс мүшелерінің бұлшық етттер мен нерв жүйелерінің физиологиялық жағдайдағы күш қуаты, олардың басқа мүшелерімен өзара байланысы, көк еттің, іш қуысының, жамбас түбінің бірлескен қызметі , жатырдың ілу, бекіту, тіреу апараттары әйел жыныс мүшесінің бір қалыпты орналасуына себептерін тигізеді.Жатырдың ілу апараты- жұптасқан жұмыр,жалпақ, жамбас, оймышы және аналық  бездердің өз дәнекерлерінен тұрады.

Жатырдың жұмыр дәнекері , оның екі бұрышынан басталып, жатыр түтіктерінің алдымен шат каналына өтіп, жатыр түбін алға қарай тартып тұратын қасаға буына келіп бекінеді.Жатырдың жалпақ дәнекері –маңызды дәнекер, ол жатырдың кіші жамбас қуысында тұратын орнын бекітеді, жатыр қабырғасынан жамбастың бүйір қабырғасына дейін, іш пердесінің ажыраған екі қабықшасы тәрізденіп созылып жатады.

Осы дәнекердің жоғарғы жағынан іш пердесі астарлай жатыр түтікшелері өтеді, ал астыңғы жағында аналық бездер орналасады. Дәнекер қабықшалардың арасында жатыр маңайының шел клеткасы орналасады.Жамбас оймышының дәнекері жалпақ дәнекердің жалғасы.Ол жатыр түтіктері оймышынан жамбас қабырғасына дейін өтеді.Аналық бездердің өз дәнекерлері жатыр түтіктерінің шығатын жерінен төменірек және жатыр түбінің артқы жағынан басталып, аналық бездеріне барып бекінеді.

Бекітуші аппаратына:  жатыр-жая,негізгі жатыр-қуық, қуық-қасаға дәнекерлері жатады. Жатыр-жая дәнекері- жатыр денесінің жатыр мойнына өтетін аймағының артқы бетінен шығады, екі жағынан тік ішекті қоршап өтеді де, жая сүйегінің алдыңғы бет жағына барып бекітіледі.Бұл дәнекер жатыр мойнын артқа қарай тартып тұрады.

Негізгі дәнекер-жатырдың төменгі жағынан жамбастың бүйір қабырғасына, жатыр-қуық дәнекері қуық-қасаға дәнекері сияқты алға қарай-қуыққа, онан қасаға буынына қарай жалғасады. Тіреу аппаратына-жамбас түбінің фасциясы не бұлшық еттерінің шелді қабығы мен үш бұлшық ет қабаты кіреді. Жатырдың бүйір бөлігінен жамбас қабырғасына дейінгі аймақты жатыр маңы үлпершегі-шел клеткасы алып жатады. Онан қан тамырлары мен нервтер өтеді Мұнан басқа қуық маңы, тік ішек маңының шел клеткалары болады.

Жатыр түтікшелері немесе ұрық жолдары.

Жатыр мен қынаптың дұрыс орналаспауы және оның түрлері.

Әйелдер жыныс мүшесінің анатомиясы және физиологиясы.

Жыныс мүшелерінің қан, лимфа тамырлары және жүйке жүйелері.

Пікір қалдырыңыз