Ауру емшекпен бала емізу туралы

  Маммология

Бала емізіп жүріп маститпен ауырған әйелдердің дәрігерге арнаған бір сұрағы бар. Ол ауырған емшекпен баланы емізуге бола ма? деген сұрақ. Бұл сұраққа жеке тоқталу қажет, өйткені емізуде балалардың денсаулықтарына байланысты көптеген мәселелер бар.

Сүт безі өзінің сүт шығару функциясын атқара беруі үшін баланы ауырған емшекпен мастит ауруының барлық кезеңінде де емізе беру керек. Баланы емізбей қою, ауруды қоздырып жібереді, міне, сондықтан да ауырғанына қарамай емізе берудің мәні зор.

Емшек бездері бөліктерінің әр қайсысында сүт жолдары жеке-жеке екені мәлім, сондықтан емген сүтте ірің бола бермейді. Емшекте пайда болған сүт, сүт бездері мен сүт жолдарында тоқтап қалса, ашып ұйи бастайды деп жоғарыда айтып кеттік. Мұндай ашыған, іріген сүт микробтардың өсіп-өнуіне жақсы жағдай туғызады. Осыны білген әйел емшекті емізе беру керектігіне толық түсінеді.

Біздер тіпті операция жасап, іріңнен тазартқан уақытта да емшекті емізе беруді ұйғарамыз. Емшекке операция жасағанда емшектің ұшынан не жоғары, не төмен жерден жасалады. Ана әрбір емізген сайын емшегі ауырмай бір түрі жеңілдік бола береді. Емшектің операция жасалған жерін байлағанда баланың емуі үшін емшек ұшы шығып тұратындай тесік етіп байлаған дұрыс.

Мынадай жағдайларда емізуге болмайды

Маститтің алғашқы кезеңі мен серозалық түріне (жоғарыда айтылғандай, балаға сорғызып, сауып, басып, таңып тастағаннан кейін) операция жасалғаннан кейін бір тәулікке дейін;

Емшектің көп жері іріңдеп кеткен, ананың дене қызуы көтеріліп ұзаққа созылған жағдайда;

Емшек ұшының жарықтары тереңдеп кеткенде 1—2 күн;

Егер ірің емшек ұшының түбіне жақын болып, емшек емізу ана үшін үлкен күшке түскенде;

Сүт аралас ірің шығып, үзбей емшекті сауып немесе сүт сорғышпен сорғызып алып жүргенде емшекті балаға емізуге болмайды.

Егер жас аналар осы сайтта жазылған кеңестерге көңіл қойып, есіне сақтап, уақытылы пайдалана білсе жақсы болар еді.

Емшек жарақатын емдеп жазу жолдары.

Маститті қалай емдеуге болады?

Маститтің пайда болуы (жолдары) себебі.

Пікір қалдырыңыз