Емшек жарақатын емдеу

  Маммология

Емшек жарақатын емдеп жазу өте қиынға соғады. Баланы емізген сайын ол ұлғая береді, оған инфекция да көмектеседі. Осыдан емшек әр уақытта ауыра беретін болады. Мысалы, кешке, түнде дәрігер қабылдамайтын уақыттарда ауруы мүмкін.

Сондықтан баланы емізіп болғаннан кейін емшекті жылы сумен жуып құрғата сүртіп, таза дәкеге балық, кастор, күнбағыс, вазелин, тағы басқа тұзсыз майларды жағып, емшек ұшына жапсырып, май өтпейтін қағазбен жауып, сыртынан мақта салып орап, үстінен емшек тартқыш киіп жату керек.

Ертеңгісін емізер алдында емшекті жуып, құрғатып, сүттің алғашқы бір-екі тамшысын сауып жіберіп, содан кейін баланы емізуге болады. Бұл айтылғандар дәрігерге барғанша істелуге тиіс.Емшектің жарығын болдыртпай және оның тез жазылуы үшін емшек емізудің әдісін біліп, айтылған кеңесті дұрыс орындап отыру қажет. Сонымен бірге ана мен баланың тазалығын да қатты сақтап отыру керек.

Емшектің жарығы медицина қызметкерлерінің (акушерка, дәрігер) бақылауымен емделетін болсын. Жоғарыда айтылған майлармен емдеу бірден-бір нәтижелі ем болып табылады.Дәрігерлердің кеңесі бойынша кварц сәулесі мен басқа да физиотерапия әдістерімен емдеуге болады.А. В. Вишневскийдің әдісі бойынша новокаин ерітінділерімен емшек астынан блокада жасауда нәтижелі ем. Витамин В2 жарақаттың жазылуына көп көмек етеді.

Жарықтан қан шығып, қатты ауырып, қиналған шақта 12—24—48 сағатқа дейін емшекті емізбеуге болады. Ал ауырмайтын емшекпен емізе беру керек. Ауырған емшекпен баланы емізуге болмайтын жағдайда емшектің сүтін сауып алып, суға қайнатылған шыны ыдысқа құйып, оның аузына емізік кигізіп, балаға беру керек.

Осындай ұзақ уақыт балаға емшектің өзін емізбей, сауып алған сүтті емізу, емшек жарақатының жазылуына үлкен көмек береді. Емшек жарығын грамицидин С-пен емдегенде ауырғаны басылып, 3—4 күннің ішінде жазылып кетуі мүмкін. Ал емшекті тек ауырғаннан кейін емдеп жазбай, алдын ала болдыртпау үшін емшектің ұшын емізер алдында және емізгеннен кейін грамицидиннің сұйық ерітіндісімен жуып, артынан оның майлы түрімен 1—2 минуттай жағып қою керек.

Мұндай ем қолданудың баланың денсаулығына зияны жоқ, қайта баланың аузының, тістерінің, ішек-қарындарының ауырмауына үлкен пайда келтіреді.Бірнеше қайнатылып суытылған суға грамицидин С ерітіп, 0,16%-тік ерітіндісі алынады. Бұл ерітіндімен емшекті жуады, кейде оған кастор майын немесе глициринді қосып, май түрінде жағады. Уколмен жіберу үшін оның 2% ерітіндісі кішкене шыныда сақталады.

Ауырған емшекпен баланы емізуге болады ма?

Босанғаннан кейін емшекке дақ түсірмеу шаралары.

Емшек ұшында жарықтардың пайда болу себептері.

Пікір қалдырыңыз