Мастит емшектің қабынуы

  Маммология

Босанғаннан кейінгі кезеңдегі жиі болатын аурулардың бірі — емшектің қабынуы немесе мастит деп аталатын ауру. Бұл ауруды қоздыратын әр түрлі микробтар болуы мүмкін. Босанғаннан кейін әйел денесіне (терісіне) микробтар түсіруге себепкер болатын негізгі көз—жыныс жолдарынан бөлінетін заттар болып табылады.

Ең алдымен емшек сыртының және емшек ұшының кір болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Мұндайда бала аузындағы микроорганизмдердің емшек ұшын зақымдауының үлкен мәні бар. Емшек ұшының жарылуы да микробтардың өнуі үшін ашылған қақпа тәрізді болады.

Емшек ұшының жарылуы көбінесе бала туғаннан кейінгі 2—4-ші күні, яғни нәрестені қолға алып, емізе бастаған соң көп ұзамай-ақ пайда болады. Сондықтан емшек ұшының жарылмауы үшін, екі қабат кезде емшекті күніне екі-үш реттен үй температурасындағы сумен жуып, түкті сүлгімен жақсылап сүртіп тұру керек.

Екі қабаттықтың 5—6-шы айынан бастап 10—15 минут бойы күніне 1—2 реттен ауа ваннасын қабылдау емшекке, ал екі қабаттықтың 7—8-ші айында — күн аралатып бүкіл денеге ультракүлгін сәуле қабылдау жақсы әсер етеді. Емшегінің ұшы жалпақ немесе батыңқы жағдайда, алдын ала әйелдер консультациясының дәрігерімен ақылдасқан соң, жуылған таза қолмен олардың ұшын 3—5 минуттан күніне екі-үш реттен абайлап созғылау керек.

Емшектің формасын сақтап, жұмсақ әрі созылғыш болуына оған лайықтап жұқа, жеңіл материалдан жақсы тігілген емшекқапты пайдалану арқылы жетуге болады. Емшекқап емшекті қысып, оны қажамайтын болуы керек. Екі қабат кезде емшектің көтеріңкі және еркін болуы, қанның дұрыс жүруіне жағдай жасап, емшектің дұрыс өсуіне, бұдан былайғы жерде сүттің бөлінуіне игі әсер етеді. Демек, емшек ұшының жарылу профилактикасы және емдеу — екінші тұрғыдан алғанда маститке жасалған профилактика да болып саналады.

Жоғарыда айтылған гигиеналық және диеталық нұсқауларды күнделікті тұрмыста орындап отыру — екі қабаттықтың физиологиялық жағынан дұрыс өтуіне, ұрықтың жан- жақты жетіліп, нәрестенің өмірге дені сау болып келуіне жағдай жасайды.

Маститтің пайда болуы (жолдары) себебі.

Маститті қалай емдеуге болады?

Емшек ұшында жарықтардың пайда болу себептері.

Ауырған емшекпен баланы емізуге болады ма?

Пікір қалдырыңыз