Паталогиялық анатомия сөздігі «Б»

  Терминдер

Б-дан басталатын паталогиялар

Назар аударыңыз! Термин сөздерді оңай әрі тез табу үшін төменде көрсетілген әріптерді пайдалансаңыз болады.

А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ш Э Я

— Б —

БАГАССОЗ

(bagassosis; bagasse — қант қамысының сыққаннан кейінгі қалдығы, күнжара) — аллергиялық альвеолиттер қатарына жататын, қант қамысы қалдықтарының шаңын (оның ішіндегі саңырауқұлақтар спораларын) жұтқанда пайда болатын сырқат.

БАЗАЛЬНЫЙ

(basalis; basis — тірек, негіз) — ТІРЕКТІК.

БАЗАЛЬНАЯ МЕМБРАНА

(membrana basalis) — ТІРЕКТІК МЕМБРАНА; Мыс.: эпителийдік тіректік (яғни эпителийді астынан тіреп тұратын) мембранасы.

БАЗОФИЛИЯ

(basophilia; basis — негізгі, philia — сүйіспеншілік, бейімділік) — клеткалардың, оның әр түрлі компоненттерінің негізгі бояулармен (азур, гемотоксилин) көк, реңге боялуы.

БАКТЕРИЕМИЯ

(bacteriaemia; бактерия+haima қан) — бактериялардың қанға өтуі. Көптеген жұқпалы аурулар үшін тән. Сепсистің бір белгісі.

БАЛАНИТ

(balanitis; balanos — еркек жыныс ағзасының басы, itis — қабыну) — еркек жыныс ағзасы басының қабынуы.

БАЛАНОПОСТИТ

(balanoposthitis; balanos+posthe — үрпі+itis — қабыну) — еркек жыныс ағзасы басынын, және үрпінің қабынуы.

БЕЗОАР

(bezoard) — тамақ құрамындағы қорытылмайтын заттардан түзілген асқазандағы жат дене. Олар көбінесе шаштан (три- хобезоар) немесе өсімдік талшыктарынан (фитобезоар) тұрады.

БЕРИЛЛИОЗ

(berylliosis; бериллий+os — дерт)-бериллий өнімдерінің ұлы және аллергиялық әсері нәтижесінде дамитын кәсіби сырқат. Ол өкпеде арнайы гранулемалардың пайда болуымен және пневмосклероз дамуымен сипатталады.

БИЛИАРНЬІЙ

(biliaris — өтке тиісті)-биллиарлы, мыс.: бауырдың биллиарлы (өтке тиісті) циррозы.

БИОГЕОХИМИЧЕСКАЯ ПРОВИНЦИЯ

— БИОГЕОХИМИЯЛЫҚ АЙМАҚ бір немесе бірнеше химиялық элементтердің топыракта, суда, өсімдіктер және жан-жануарлар организмінде көбейіп немесе азайып кетуімен сипатталатын территория. Адамдарда бұл патология эндемиялық аурулар түрінде көрінеді. Мыс.: эндемиялық жемсау, флюороз.

БИОПСИЯ

(biopsia; bios — өмір, тірі; opsis — көру) -ауру диагнозын аныктау үшін оның тканьдарын кесіп, (қырып) алып зерттеу. Осы кесіп алынған тканьді биоптат деп атайды. Операция кезінде алынған биоптатты операциялық биопсия деп атайды. Биопсияны аспирация жолымен (мыс.: асқазаннан) немесе пункция жолымен (мыс,: бауырдан) де алуға болады.

БИФУРКАЦИЯ

(bifurcatio; bis — екі рет, furca — айыр) — АЙЫРЫҚ; іші қуыс ағзалардың тең екі тармаққа бөлінуі. Мыс.: қолқа айырығы.

БЛАСТНЫЕ ФОРМЫ КЛЕТОК

(клеткалардың жас түрі; blas- tos — өскін)-Мыс.: лимфоциттердің жас (белсенді) түрлері; олар майда лимфоциттерден пайда болады, өте ірі цитоплазмасында еркін рибосомалар көп және бірнеше рет бөлініп көбейе алады; антиген әсерінде біртекті клеткалар әулетін (клонын) түзеді. Лимфондты тканьдар ісіктері негізінен осы клеткалардан тұрады.

БЛАСТОГЕНЕЗ

(blacstogenesis; blastos — өскінше, genesis — даму) — ұрықтың ұрықтанғаннан бастап 15 күнге дейінгі даму кезеңі, осы кезде жұмыртқа бөлшектеніп бластулалар түзіледі.

БЛАСТОМА

(blastoma; blastos+oma -ісік) — өте жас, жетілмеген (ұрыктық клеткалардан түзілген) қатерлі ісіктердің жалпы аты. Мыс.: гепатобластома, нейробластома.

БЛАСТОПАТИЯ

(blastopatia; blastos — ұрық; pathos — дерт, сырқат)- бластогенез құбылысының бұзылуы нәтижесінде дамитын сырқаттар. Бластопатиялар көбінесе ұрықтың жойылып кетуімен немесе қосарлы кемістіктердің дамуымен сипатталады.

БЛЕННОРЕЯ

(blennorrhoea; blerinos — шырышты зат, гһоіа — ағу) — көз шырышты қабығының іріңді қабынуы. Син.: коньюнктивит.

БЛЕФАРИТ

(blepharitis) — қабықтың қабынуы.

БОЛЕЗНЬ

(morbur) — ауру, сырқат, кесел.

БРАХИЦЕФАЛИЯ

(brachycephalia; brachys — қыска, кішкентай; kephale — бас) — кішкентай, қысқа бас. Бастық көлденеңіне қарағанда ұзынасынан үлкенірек болуы. Б. тума токсоплазмозда немесе туылу кезіндегі жарақатқа байланысты дамиды.

БРОНХИТ

(bronchitis) — бронхтардың қабынуы.

БРОНХОАДЕНИТ

(bronchoadenitis; бронх+agen- без),- қабыну)-бронх айналасындағы лимфа бездерінің қабынуы. Мыс.: туберкулездік бронхоаденит.

БРОНХИОЛИТ

(bronchiolitis)-бронхиолалардың қабынуы.

БРОНХОЛИТИАЗ

(broncholitiasis; бронхиола + lithos — тас) — бронхиолаларда қабыну экссудаттарынан, кальций шөгінділерінен түзілген қатты зат (тас).

БРОНХОСТЕНОЗ

(bronchostenosis;) бронх+stenos — тарылу)-бронх саңылауының тарылуы. Бұл жағдай қабынуға байланысты немесе бронх ішінде ісік өскенде, оған жат заттар түскенде байқалады.

БРОНХОЦЕЛЕ

(bronchocele бронх+kele — ісік, бұлтыю, жарық) — бронх ішіне секрет толып кетуіне байланысты оның қабырғасының бұлтиып шығып тұруы. Бұл құбылыс көбінесе бронх қабырғасының тума кемістігімен байланысты.

БРОНХОЭКТАЗЫ

(bronchoectasis; бронх+ectasia кеңею) — бронхтың цилиндр немесе қалта тәрізді кеңеюі. Бронхоэктаздар тума немесе жүре пайда болған түрлерге бөлінеді. Бронхоэктазиялардың екінші түрі созылмалы бронхиттермен байланысты. Бірте-бірте бронхоэкзтазиялық ауру дамиды.

БУБОН

(bubon — шат) — шат лимфа түйіндерінің қабыну нәтижесінде ісінуі (шошынуы). Мыс.: оба бубоны, туляремия бубоны.

БУККАЛЬНЫЙ

(buccalis; bucca -ұрт) — ҰРТТЫҚ, ұртқа тиісті.

БУКЦИТ

(bucsitis; bucca — ұрта; itis — қабыну) — ұрттың шырышты қабатының қабынуы.

БУРСИТ

(bursitis; bursa — қап; itis — қабыну) — буын қабының қабынуы.

Пікір қалдырыңыз