Паталогиялық анатомия сөздігі «Л, М, Н, О, П, Р»

  Терминдер

қазақша сөздік медицина

Назар аударыңыз! Термин сөздерді оңай әрі тез табу үшін төменде көрсетілген әріптерді пайдалансаңыз болады.

А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ш Э Я

— Л —

ЛАПАРОЦЕНТЕЗ

(laparocentesis; laparo — қарын, құрсақ, keutesis — тесу) — құрсақ қуысында жиналған патологиялық сұйықтықты алу үшін оның қабырғасын жуан инемен тесу. Мыс.: бауыр циррозында пайда болған асциттің мөлшері өте көбейіп кеткенде; оны осы әдіспен сыртқа шығарып тұрады.

ЛАРИНГИТ

(laryngitis; larynx — көмей) — көмейдің шырышты қабығының қабынуы. Оның жедел ағымды және созылмалы түрлері болады. Қабынудың сипаты бойынша: катаральды, іріңді және крупозды деп бөлінеді.

ЛАРИНГОСТЕНОЗ

(laryngostenosis; larynx — көмей, stenos — тарылу) — көмей қуысының спазм, қабыну нәтижесінде немесе ісікке байланысты таралуы.

ЛАТЕНТНЫЙ

(latents — жасырын)—симптомсыз, белгісіз, Мыс.: аурудың жасырын түрде (белгісіз) өтуі.

ЛЕЙКЕМИЯ

(leucomia; leuco —ақ; haema —қан) — қанда жетілмеген, жас лейкоциттердің көбейіп кетуі, лейкоздың бір белгісі.

ЛЕЙКОДЕРМА

(leucoderma; leuco — ақ, derma — тері) — теріде ақ дақтардың пайда болуы, бұл көбінесе витилигоға (жоғарыны қараңыз) тән өзгеріс. Кейде мерезден, алапестен кейін пайда болады.

ЛЕЙКОДИАПЕДЕЗ

(leucodiapedesis; leuco — ақ, бұл жерде қанның ақ түйіршіктері —лейкоциттер деген мағынада; dia — арқылы, ішінен өту; pedao — секіру) — ЛЕЙКОЦИТТЕР ДИАПЕДЕЗІ, яғни қабыну кезіндегі лейкоциттердің қан тамырларынан шығуы (эмиграциясы).

ЛЕЙКОЗЫ

(leucosis; leuco — ақ, haema —қан «ақ қан») — ЛЕЙКОЗДАР, қан жасаушы жүйенің ісіктері. Бұл ісіктер ә дегеннен бүкіл организмге жайылып (тарап) кетеді, қан жасаушы ағзалардың бәрі де өзгеріске ұшырайды. Клиникалық ағымы, морфологиясы бойынша лейкоздық жедел ағымды және созылмалы түрлері бар.

ЛЕЙКОПЛАКИЯ

(leucoplakia; leuco — ақ, plakos — тақта) — шырышты қабыктардағы патологиялық түлеу салдарынан пайда болған ақшыл дақтар.

ЛЕЙОМИОМА

(leiomyoma; leios — тегіс, myos — бұлшықет, oma—ісік), бірыңғай салалы бұлшықет ісігі, Л.

ЛЕЙОМИОСАРКОМА

(leimyosarcoma, leios — тегіс, myos — бұлшықет, sarcoma—мезенхиманың қатерлі ісігі)—бірыңғай салалы бұлшыкеттің қатерлі ісігі, саркомасы.

ЛЕПРА

(lepra; Іеро — түлеу, терінің қабықшықтануы) — АЛАПЕС. МАҚАУ. ЛЕПРА микобактериясы қоздыратын созылмалы инфекциялық ауру. Теріде жоғарғы тыныс жолдарында, нервтерде ішкі ағзаларда осы сырқатқа тән қабыну процестері дамиды.

ЛЕПРОМА

(leproma; Іеро — түлеу, oma — ісік), алапеске тән құрылымға ие болған гранулема. Алапестің лепроматозды түрінде ауру адамның бетінде түйіндер пайда болады, оны «жолбарыс беті» деп атайды.

ЛЕПТОМЕНИНГИТ

(leptomeningitis; leptos —жұқа, нәзік, meninx —қабық, itis — қабыну) — мидың жұқа қабықтарының қабынуы.

ЛЕТАЛЬНОСТЬ

(letalis — өлтіретін, син.: смертность) — ӨЛІМ- ЖІТІМ. 1. Белгілі бір мерзімде кейбір аурудан өлген адамдардың осы аурулардың жалпы санына арақатынасын (процентпен есептегенде) білдіруші статистикалық көрсеткіш. 2. Ауруханалық өлім-жітім дегенде ауруханада белгілі бір мерзімде өлген аурулардың осы уақытта ауруханада емделіп шыққан ауруларға арақатынасын білдіруші статистикалық көрсеткіш. Бұл ауруханадағы медициналық жәрдемнің сапасын белгілейді.

ЛЕТАЛЬНЫЙ

(letalis; letus — өлім сөзінен алынған) — өлімге соқтыратын сырқаттар — ӨЛТІРЕТІН. Мыс.; рак аурулары, ауыр жарақат және т. б.

ЛИЗОСОМЫ

(lysosoma; lysis — еру; soma-дене) — ЛИЗОСОМАЛАР, клетка органоидтарының бірі, сырты мембранамен қоршалған. Оның құрамында ондаған гидролиздеуші энзимдер (гидролазалар) бар. Лизосомалар фагосомалармен қосылып фаголизосомалар түзеді, осылайша клетка метаболизміне қатынасады немесе цитоплазманың бұзылған бөліктерін ыдыратады, кейде клетканы бүтіндей жояды.

ЛИКВОРЕЯ

(liquorrhoea; liquor — сұйықтық, rhоіа — ағу) — ми жұлын сұйықтығының ағып тұруы. Мыс.: мидың қатты қабықтары жарақаттанғанда, операциядан соң.

ЛИМФАДЕНИТ

(lymphadenitis; lympha — таза, су, лимфа, aden —без, itis — қабыну) — лимфа түйіндерінің қабынуы. Мыс.: туберкулездік Л.

ЛИМФАНГИОМА

(lymphangioma; lympha — лимфа, angeon— тамыр, oma — ісік) — лимфа тамырларынан дамушы қатерсіз ісік.

ЛИМФАНГИТ

(lymphangitis; lympha — лимфа, angeon — тамыр, itis—қабыну) — лимфа тамырларының қабынуы.

ЛИМФАНГИЭКТАЗИИ

(lymphangiectasia; lymha — таза су, лимфа; angeon — тамыр, ectasia — кеңею)—лимфа жолдарында кедергі болғанда лимфа тамырларының кеңейіп кету (Лимфостазды қараңыз).

ЛИМФЕДЕМА

(lymhoedema; lympha — таза су, лимфа; oede­ma—ісік) — ЛИМФАЛЫ ІСІК, лимфа айналасының бұзылуынан туындайтын ісік. Лимфа сұйықтығы ұзақ уақыт іркіліп тканьдарға сіңіп қалғанда дәнекер ткань өсіп кетеді. Нәтижеде аяқтың теріасты шелі өте қалыңдап, «піл аяқ» деп аталатын өзгерістерге соқтырады.

ЛИМФОМА

(lymphoma; lympha— таза су, лимфа, oma — ісік) — лимфоциттер жасаушы тканьдардан өсетін ісік. Мыс.: лимфообласты Л., лимфоцнтті Л., иммунообласты Л.

ЛИМФОГЕННЫЙ

(lymphogenes; lympha — таза су, лимфа; genos —шығу тегі) — лимфа ағымымен таралушы. Мыс.: лимфа ағымымен рак метастаздарының таралуы, лимфогенді метастаздар.

ЛИМФОМАТОЗ КОЖИ

(lymphomatosis dermae; lymphoma — лимфоциттер жасаушы тканьның ісігі, osis-—патологиялық қалып) — ТЕРІ ЛИМФОМАТОЗЫ, теріде көптеген ісік сіңбелері барлығымен сипатталатын, созылмалы лимфолейкоздың ерекше бір түріне жататын патология (Сезари синдромы).

ЛИМФОРРЕЯ

(lymphorrhea; lympha — таза су, лимфа; rһое — ағу немесе rrhagia — тарату, сындыру, жырту) — лимфа сұйықтығының лимфа тамырларының зақымдануы нәтижесінде ағып тұруы.

ЛИМФОСАРКОМА

(lymphosarcoma; lympha —таза су, лимфа; sarcoma—қатерлі ісік) — лимфоциттер жасаушы тканьның қатерлі ісігі (саркомасы).

ЛИМФОСТАЗ

(lymhostasis; lympha — таза су, лимфа; staseo — тұру, тоқтап қалу) — лимфа жолдарының тығындалып қалуына байланысты лимфаның іркіліп қалуы.

ЛИМФОЦИТОФТИЗ

(lymphocytophthisis; lympha —таза су, лимфа; cytos — клетка, phthisicus — өте азып кеткен) — кейбір ауыр сырқаттар нәтижесінде лимфоциттер жасаушы тканьда лимфоциттер мөлшерінің өте азайып кетуі. Бұл жағдай көбінесе тума иммунды- тапшылыққа байланысты болады. Мыс.: швейцариялық агаммагло- булинемияда лимфоидты ткань бүтіндей дерлік жойылады.

ЛИПИДОЗЫ

(lipidosis; lipos — май, osis— патологиялық хал-жағдай) — май алмасуының бұзылуымен сипатталатын бір топ сырқаттар. Олар негізінінен тұқым қуалау жолымен дамиды. Мыс.: цереброзидлипидоз (Гоше сырқаты), ганглиозидлипидоз (Тей-Сакс сырқаты) және т. б.

ЛИПОГРАНУЛЕМА

(lipogranuloma; lipos —май, granulum — дән, oma — ісік) — денеге құрамында май бар дәрілерді дарытқанда немесе май тканінің жарақаты, некрозы салдарынан дамитын созылмалы қабыну ошағы. Гранулема құрамында көпядролы алып клеткалардың болуы тон.

ЛИПОДИСТРОФИЯ

(lipodystrophia; lipos—.май, dys — бұзылу, trophe — қоректену) — тері шеліндегі майдың жалпы немесе бір жерде көбеюі немесе азаюы (Липоматозды қарақыз).

ЛИПОМА

(lipoma; lipos— май, om —ісік) — май тканшің қатерсіз ісігі.   

ЛИПОМАТОЗ

(lipomatosis; lipoma —май тканінің қатерсіз ісігі, osis — патологиялық құбылыс) — майдың жайылмалы немесе ісік тәрізді жиналып қалуы, мезенхималы майлы дистрофияға жататын өзгеріс. Мыс.: Деркум сырқаты (lipomatosis dolrosa; dolor ауру), ауыратын Л.

ЛИПОСАРКОМА

(liposarcoma; lipos — май, sarcoma — мезенхиманың қатерлігі ісігі) — май тканінің қатерлі ісігі (саркомасы).

ЛИПОХРОМЫ

(lipochromae, lipos — май, chroma —рең) —ЛИПОХРОМДАР, май тканіне, аналық бездің сары денесіне, бүйрекүсті безінің қыртысты қабатына сары рең беруші май — белокты пигменттер.

ЛИПОФУСЦИН

(lipofuscinum; lipos —май, fuscus — қоңыр)— май және белоктан түзілген коңыр түстегі пигмент. _

ЛИПОФУСЦИНОЗ

(lipofuscinosis; lipos —маи, fuscus — қоңыр, osis — патологиялық құбылыс) — липофусциннің жүректе, мидың ганглиозды клеткаларында, бауырда қалыптан тыс шөгіп қалуымен сипатталатын аралас дистрофия.

ЛИТОПЕДИОН

(lithopaedion; lithos — тас, paedion — бала) — ТАСҚА АЙНАЛҒАН БАЛА, түтіктегі немесе құрсақтағы жүктілік нәтижесінде пайда болған ұрықтың кальций тұздары шөгіп қалуы салдарынан қатып қалуы.

ЛИХОРАДКА

(febris; pyrexia; febris — ыстық, жалын) — ЫСЫТПА, организмнің микробтардың, вирустардың және т. б. пирогенді әсеріне қарсы бағытталған типтік реакциясы.

ЛОКАЛИЗАЦИЯ

(localisatio; localis — жергілікті) — ЖАЙҒАСУ ОРНЫ. Мыс.: ісіктің жайғасу орны.

ЛОРДОЗ

(lordosis; lordos — бүгілген)—БҮКІР, омыртқа жотасының алға қарай бүгілуі, иілуі. Бұл жағдай сүйек туберкулезіне немесе остеодистрофияға байланысты дамиды.

— М —

МАКРОАНГИОПАТИЯ ДИАБЕТИЧЕСКАЯ

(macroangiopathia diabetica) — ДИАБЕТТІК МАКРОАНГИОПАТИЯ, аурулардың ірі қан тамырларында атеросклероз процесінің ерте дамуы және ауыр түрде өтуі. Оған қантты диабетте жиі кездесетін аяқ қан тамырларының атеросклерозына байланысты дамитын гангренаны мысалға келтіруге болады. Ол осы аурудан өлу себептерінің бірі болып есептеледі.

МАКРОГЛОССИЯ

(macroglossia; makros — үлкен, ұзын, glossa — тіл) — ТІЛДІҢ ҰЛҒАЮЬІ.  М. көбінесе акромегалияның клиникалық көрінісінің бірі есебінде дамиды немесе тілдің ісігінде көрінеді. Мыс.: тілдің лимфангиомасындағы М.

МАКРОМАСТИЯ

(macromastia; makros — үлкен, ұзын, mastos — емшек) — сүт бездерінің (емшектердің) эндокринді бұзылулар салдарынан ұлғаюы (Гинекомастияны да қараңыз).

МАКРОСКОПИЯ

(macroscopia; makros — үлкен, skopeo — қаpay, бақылау) — биологнялық объектілерді ешбір аспапсыз, жай көзбен қарап үйрену әдісі. Мыс.: мүрдені ашып көргенде осы әдіс қолданылады.

МАКРОФАГ

(macrophagus; makros — үлкен, phagein—обу, жеу, жалмау) — сүйек майында түзілген бөгде заттарды өзіне обып алу қасиеттеріне ие клеткалар. Макрофагтар осы заттарды ыдырататын фермонттерге бай. Макрофагтар бауырда, көкбауырда, лимфа түйіндерінде көп (Фагоцитозды да қараңыз).

МАКРОХЕЙЛИЯ

(macrocheilia; makros — үлкен, ұзын, сһеіlos — ерін) — еріндердің әр түрлі патология салдарынан ұлғаюы, Мыс.: лимфангиомаға байланысты еріннің үлкеюі.

МАЛАБСОРБЦИЙ СИНДРОМ

(malabsorbium syndrom; malos — жаман, absorbion — сорылу) — МАЛАБСОРБЦИЯ СИНДРОМЫ, қоректік заттардың ішектен сорылуының бұзылуы, Бұл синдром, негізінен балаларда ұшырап, іш өтумен, көтеремдікке дейін жететін гипотрофиямен сипатталады.

МАЛИГНИЗАЦИЯ

(maiignisatio; malus — жаман, ашулы, gignere — туындату) —қатерсіз ісіктің қатерлі ісікке айналуы. Мыс.: папилломаның ракқа айналуы.

МАЛЯЦИЯ

(malatio;. malakos — жұмсақ)—ЖҰМСАУ. Мыс. инфарктен кейін жүрек етінің жұмсап қалуы — кардиомаляция.

МАСТИТ

(mastitis, mastos — кеуде, көкірек, itis — қабыну) — сүт безінің (емшектің) қабынуы. Мыс.: жедел ағымды М.,

МАСТОИДИТ

(mastoiditis; processus mastoideus) емізікше өсік — іріңді қабынудың ортаңғы құлақтан сүйек ұяларына өтуі. Іріңді қабыну осы жерден ми қабықтарына өтуі мүмкін,

МАСТОПАТИЯ

(mastopathia; mastos — кеуде, көкірек, pat­hos— дерт, сырқат)—сүт бездерінің гормондар алмасуының бұзылуына байланысты дамитын гиперплазиясы мен дисплазиясының жалпы аты. Мыс.: кисталы М., фиброзды М.

МАЦЕРАЦИЯ

(maceratio; maceratus— жібіту, сулау, жиду) — СЫДЫРЫЛУ, сұйық заттың ұзақ әсері нәтижесінде тканьнің жібуі, жұмсарып қалуы. Мыс.: ана жатырында өлген ұрық терісінің ұрық айналасындағы су әсерінде сыдырылып түсуі — мацерациясы.

МЕГАКОЛОН

(megacolon; megal — үлкен, colon — тоқ ішек) — тоқ ішектің тума немесе туылғаннан соң ұлғаюы. Мыс.:, Гиршпрунг сырқаты.

МЕГАЛОСИГМА

(megalosigma; megal — үлкен; sugma — сигма тәрізді ішек)—сигма тәрізді ішектің үлкеюі.

МЕГАЛОУРЕТЕР

(megaloureter; megal—үлкен, ureter — несепағар)—несепағардың тума немесе туылғаннан соң ұлғаюы.

МЕДИАСТИНИТ

(mediastinitis; mediastinum — көкірек аралығы)—көкірек аралығы шелінің қабынуы. Мыс.: скарлатинада немесе операциядан кейін дамитын М.

MEДУЛЛОБЛАСТОМА

(medulla — жұмсақ, орталық; blastos — өскін; oma — ісік—мишықтың орта бөлігінен өсетін негізінен жас балаларда кездесетін жетілмеген нейроэктодермалы ісік.

МЕЗАДЕНИТ

(mesadenitis; mesos — ортаңғы, aden — без, itis — қабыну)—шажырқай лимфа бездерінің қабынуы.

МЕЗАОРТИТ

(mesaortitis; mesos — ортаңғы, aortae — қолқа itis —қабыну) — қолқаның орта қабатының қабынуы. Мыс.: мерездік М. қолқаның орта қабатының ошақты некрозымен, осы жердегі коллаген, эластик талшықтарының ыдырауымен және плазмалы, лимфоидты клеткалардан тұратын сіңбелердің пайда болуымен сипатталады.

МЕЗОТЕЛИОМА

(mesothelioma; mesothelium — серозды перделерді қаптайтын бір қабатты жалпақ эпителий клеткалары, oma — ісік)—мезотелий клеткаларынан дамитын жайылған немесе түйінді ісік. Серозды қабықтардан өседі.

МЕЗОТИМПАНИТ

(mesotympanit; mesos — ортаңғы tympa­num— барабанды қуыс, itis — қабыну)—ортаңғы құлақтың қабынуы.

МЕЛАНОДЕРМИЯ

(melanodermia; melas — қара, derma — тері)— терінің қара-қошқылдануы (пигменттенуінің күшеюі). Мыс.; Адиссон ауруындағы терінің қара қошқылдануы.

МЕЛАНОЗ

-(melanosis; melas — қара, osis — патологиялық хал)— меланин пигментінің ағзаларда немесе тканьдарда ошақты немесе жайылмалы түрде жиналып қалуы. Мыс.: ішек меланозы. Лигментті невус тума меланозға жатады.

МЕЛАНОМА

(melanoma; melas — қара, oma — ісік) меланин түзуші жүйенің қатерлі ісігі.

МЕЛЕНА

(melaena; melas — қара)—нәжістің қан ағуға байланысты қара жабысқақ масса түрінде бөлініп шығуы, қараюы. Бұл асқазан-ішек жүйесінен қан ағудың белгісі.

МЕНИНГИТ

(meningitis; meninx — ми қабьіғы, itis—қабыну) — ми қабықтарының қабынуы, осы термин мидың жұқа қабықтарының қабынуы (лептоменингит) мен қатты қабығының қабынуын (пахименингит V) бірге атау үшін қолданылады.

МЕНИНГОКОККЕМИЯ

(meningococcaemia; менингококк+һаеma — қан)—менингококты инфекцияның өте ауыр, геморрагиялық синдром түрінде өтетін, клиникалық түрі.

МЕНИНГОЦЕЛЕ

(meningocele; meninx — ми қабығы, kele — ісік,-жарық)—тума кемістіктер қатарына жатып, бас сүйегінің арасынан ми қабықтарының бұлтиып шығып тұруымен сипатталады.

МЕНИНГОЭНЦЕФАЛОМИЕЛИТ

(meningoencephalomyelitis; menininx)—ми қабығы, enkephalon — ми, myelos — жұлын, ilis —- қабыну)— бас мидың, жұлынның және олардың қабықтарының қабынуы.

МЕНИНГОЭНЦЕФАЛОЦЕЛЕ

(meninx—ми қабығы, enzephalon — ми, kele — ісік)—бас сүйектерінің дефектінен ми қабықтарымен бірге мидың кейбір бөлігінің бұлтиып шығып тұруы.

МЕТАПЛАЗИЯ

(metaplasia; metaplasso — айналдыру, өзерту) — АЙНАЛУ, бір түрдегі тканьнің екінші өзіне жақын тканьға өтуі, Мыс.: дәнекер тканьнің сүйек тканіне айналуы, призмалы эпителийдің көпқабатты жалпақ эпителийге айналуы.

МЕТАСТАЗ

(metastasis; meta— орын алмасу, statis — тұруы, қалып)—КӨШІНДІ, ауру туғызушы себептің — ісік клеткаларының, микробтардың, қан немесе лимфа арқылы көшіп барып, басқа жерде жаңа патологиялық ошақ түзуі. Мыс.: ісік көшіндісі.

МЕТАХРОМАЗИЯ

(metachromasia; meta — өзгеріс, chroma — түр, өң, рең)—негізгі бояу түсінің өзгеруі. Мыс.: мукоидты ісіну ошағын анықтау үшін тканьды толудин көгімен бояғанда сол жер көк түске емес көкшіл-қызғылт түске боялады.

МЕТРОРРАГИЯ

(metrorhagia; metra — жатыр rhagos — жыртылу, жарылу) — жатырдан қан ағу.

МИГРАЦИЯ

(migratio — көшу) КӨШІП ЖҮРУ. Мыс.: бөгде заттардың қан немесе лимфа арқылы көшіп жүруі.

МИЕЛИТ

(myelitis; myelos — жұлын, қабыну)—жұлынның қабынуы. Жұлынның сұр затының қабынуын полиомиелит деп атайды.

МИЕЛОЛЕИКОЗ

(myeloleucosis; myelos — сүйек майы, leucos — ақ, osis — патологиялық қалып)—сүйек майындағы миелоидты тканьның көбейіп өсіп кетуімен сипатталатын ісік. Мыс.: созылмалы М.-да көкбауыр, бауыр, лимфа түйіндері, бүйрек ісіктік миелоидты клеткалардың сіңіп қалуы нәтижесінде өте үлкейіп кетеді. Қандағы түйіршікті лейкоциттердің саны бір миллионға дейін жетеді.

МИЕЛОЙДНАЯ ТКАНЬ

(myelos — сүйек майы)—миелоидты ткань, сүйек майының эритроциттер, түйіршікті лейкоциттер, В — лимфоциттер және қан пластинкалары пайда болатын бөлігі.

МИЕЛОМНАЯ БОЛЕЗНЬ

— МИЕЛОМДЫ СЫРҚАТ, лейкоздардың бір түрі, ісік, негізінен сүйек майында өсіп сүйек тканінің зақымдануымен, сүйектердің өз-өзінен сынуымен сипатталады.

МИЕЛОМНЫЕ КЛЕТКИ

(cellula myeloma; myelos —сүйек кемігі, oma — ісік) — миеломды клеткалар, сүйек майында түзілетін плазмалы клеткалар тобына жататын ісік клеткалары. Олар иммуноглобулиндер және оның фрагменттерін бөліп шығара алады. Осы клеткалар миелома ісігінің негізін құрады.

МИЕЛОФИБРОЗ

(myelofibrosis; myelos — сүйек майы, fibro — талшық osis — патологиялық хал)—созылмалы миелолейкозға жақын ісік, бұл ісіктің ерекшелігі миелоиды лейкоз белгілерімен қатар сүйек майының дәнекер тканімен алмасу (остеосклероз) белгілері дамиды.

МИЕЛОЦЕЛЕ

(myelocele; myelos —сүйек майы, жұлын; kele— жарық, ісік) —- тума кемістік, жұлынның бір бөлігінің омыртқа тесіктері арқылы томпайып шығып тұруы. Жұлын әрдайым өзінің перделерімен бірге томпайып шығып тұрады, сол үшін менингомиелоцеле деген дұрыс.

МИЕЛОДИСПЛАЗИЯ

(myelodysplasia; myelos — жұлын, dys­plasia— бұзылу, дисплазия)—жұлын дамуындағы ауытқулардың жалпы аты.

МИКРОАНГИОПАТИЯ

(microangiopathia; micros — кіші, майда; angiopathia — қан тамырларындағы өзгерістер)— майда қан тамырлардағы өзгерістер. Мыс.: диабеттік М. алғашқы кезде артериолалардың негізгі мембраналарының қалыңдауымен, эндотелийдің пролиферциясы және зақымдануымен, кейіншелік олардыц гиалинозы және склерозымен сипатталады.

МИКРОГИРИЯ

(microgyria; micros — кіші, ұсақ; gyrus —ми иірімі)—орталық нерв жүйесінің тума кемістігі — ми иірімдері санының көбейгеніне қарамастан олардың өте ұсақ болуы.

МИКРОКОЛОН

(microeolon; micros — кіші, ұсақ; colon — тоқ ішек)—муковисицидоз сырқатында тоңғақтың аш ішекте жиналып қалуына байланысты тоқ ішектің солып (кішірейіп) қалуы немесе тума дамымауы.

МИКРОМЕЛИЯ

(micromelia, micros — кіші, ұсақ; melos —дененің бір бөлігі)—қол-аяқтың қысқалығымен сипатталатын тума кемістік (Хондродистрофияны қараңыз). Бұл процесс басқа ағзалар мен жүйелердің тума кемістіктерімен бірге ұшырайды. Осы патологиямен туылған нәрестелер өмір сүре алмайды.

МИКРОНЕКРОЗ

(micronecrosis; micros — майда ұсақ; necros — некроз)—микроскопта қана көрінетін майда некроз ошағы.

МИКРОСКОПИЯ

(microscopia; micros—майда; skopeo — көру, бақылау)—микроскоп жәрдемімен (майда объектілерді) тексеру.

МИКРОСФЕРИЦИТОЗ

(microspherocytosis; кіші, ұсақ, sphae- ros — сфера, cytos — клетка)—эритроциттердің тұқым қуалау жолымен дамитын патологиясы. Бұл кезде эритроциттердің көлемі кішірейіп, домалақтанып (сфера) қалады. Олар көкбауыр капиллярларынан өту кезеңінде зақымданып, өз тіршілігін жояды.

МИКРОТРУБОЧКИ

(microtubuli; micros — майда, tubulus — түтік)—МИКРОТҮТІКТЕР, көлденеңі 21—24 нм, ұзындығы бірнеше микрометр, іші қуыс, тармақталмаған цилиндрлер. Әдетте олар 30— 40 болып топтасып жатады. Центриольдардың және кірпікшелердің құрамына кіреді.

МИКРОФАГ

(microphagus; micros — кіші, ұсақ; phagein — обу) — көпядролы (полинуклеарлы) лейкоциттер, бұлар негізінен микроорганизмдерді обатындығы үшіп осындай ат алған (фагоцитозды қараныз).

МИКРОФАГИ

(microphages; micros — майда, phagein — жалмау, обу)—МИКРОФАГТАР, оларға қанның, ядролары көппішінді клеткалары нейтрофилдер, базофилдер, эозинофилдер) кіреді. Олар негізінен қабыну ошағындағы бактерияларды обады. Өздерінің көлемі бойынша бұл клеткалар басқа фагоциттерге, мыс: макрофагтарға қарағанда кіші, сол үшін микрофагтар деп аталған.

МИКРОФИЛАМЕНТЫ

(microfilamenta; micros — майда, fila- mentos — жіңішке         жіп)—МИКРОФИЛАМЕНТТЕР,  көлденеңі 5—6 нм еттердің және басқа тканьдардың құрамына кіріп клеткалардың қысқару механизміне қатынасады.

МИКРОЦЕФАЛИЯ

(microcephalia; micros —кіші, ұсақ; cephal ми)—ми көлемінің кішіреюімен және массасының азаюымен сипатталатын тума кемістік. Кейде М. жатыр ішінде дамыған токсоплазмоздың морфологиялык. белгілерінің бірі болып саналады.

МИКРОЦИРКУЛЯТОРНОЕ РУСЛО

— МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯ АРНАСЫ артериолалардан, капиллярлардан, венулалардан тұрады. Оның алып келуші (артериолар), зат алмасатын (капиллярлар) және алып кетуші (венулалар) бөліктерін ажыратады.

МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯ

(microcirculatio, micro— кіші, майда; criculatio — айналым)—венула, қан және лимфа капиллярлары және артериолалардағы, яғни ең майда тамырлардағы сұйық заттардың (қанның, лимфаның) айналымы.

МИКСИДЕМА

(myxoedema; myxa —шырыш; oedema — ісік) — шырышты ісік, миксидема. Қалқанша безі қызметі өте әлсірегенде дамитын (гипотиреоз) сырқат. Теріасты шелі ісініп, іркілдеп тұрады, осы жерде шырышқа ұқсас заттар жиналады.

МИКСОМА

(myxoma; myxo — сілекей, oma — ісік)—мезенхиманың эмбриондық қалдықтарынан дамитын ісік. Микроскопта қарағанда базофилді боялған негізгі зат арасында өрмекші және жұлдыз тәрізді мезенхима клеткалары көрінеді.

МИЛИАРНЫЙ

(miliaris; milium — тары дәні)—ТАРЫ ДӘНІНІҢ ҮЛКЕНДІГІНДЕЙ. Мыс.: гематогенді туберкулезге тән миллиарлы төмпешіктер.

МИОЗИТ

(myositis; myos — бұлшықет, itis — қабыну)—Қаңқа бұлшықеттің қабынуы.

МИОКАРДИОДИСТРОФИЯ

(myocardiodystrophia; myos — бұлшықет, cardia — жүрек, dys — бұзылу, trophe — қоректену)—жүректе дамитын дистрофиялық өзгерістер. Олар көбінесе жұқпалы ауруларда, уланғанда кездеседі.

МИОКАРДИТ

(myocarditis; myos — бұлшықет, cardia — жүрек, itis — қабыну)—миокардтың қабынуы. Миокардиттер экссудативті және продуктивті, ошақты және жайылмалы, аралық т. б. болып бөлінеді.

МИОМАЛЯЦИЯ

(myomalatia; myos—бұлшықет, malacos — жұмсару)—бұлшықеттің некроз, некробиоз нәтижесінде жұмсарып қалуы.

МИОФИБРОЗ

(myofibrosis; myos — бұлшықет, fibro — талшық, osis — патологиялық хал)—майда ошақты кардносклероздың екінші аты.

МИТОЗ

(mitosis; mitos — жіп)—клетканың бөлінуі. М. ісік клеткаларында өте көп кездеседі. Патологиялық митоздар қатерлі ісіктің морфологиялық белгілерінің бірі болып есептеледі.

МОНОНУКЛЕАР

(mononuclearus; mono — бір, nucleus — ядро)—сүйек майында жасалатын бірядролы ірі клеткалар. Бұлар негізінен фагоцитоз процесіне қатысып, бірядролы фагоцитоздаушы жүйенің негізін қалайды.

МОНОНУКЛЕАРНАЯ ФАГОЦИТИРУЮЩАЯ СИСТЕМА

— БІР ЯДРОЛЫ ФАГОЦИТОЗДАУШЫ ЖҮЙЕ — бұл термин сүйек майында жасалатын макрофагтардың жалпы аты. Бұларға: еркін макрофагтар (гистиоциттер), бір жердегі макрофагтар (бауырдағы Купфер клеткалары, лимфоидты ағзалардың және сүйек майының макрофагтары, микроглия, серозды қуыстардың, өкпенің макрофагтары) кіреді.

МОРФОГЕНЕЗ

(morphogenesis; morhea — сыртқы көрініс, пішін; genesis — жасалу, пайда болу)—патологиялық процестер динамикасын сипаттайтын морфологиялық өзгерістер. Мыс.: атеросклероз морфогенезі дегенде, атеросклероздың дамуының әрбір кезеңін сипаттаушы морфологиялық өзгерістер жиынтығын түсінеміз.

МОЧЕКАМЕННАЯ БОЛЕЗНЬ

(urolithiasis; uron — несеп, lithos — тас, iasis — ауру) — ТЫНЖЫТАС, несеп жолдарында, бүйректе қатты заттардың (тастардың) пайда болуымен сипатталатын сырқат.Құрамына қарап: оксалаттар, фосфаттар, ураттар, цистинді, ксантинді т. б. тастар деп бөлінеді.

МУКОВИСЦИДОЗ

(mucoviscidosis; mucos — шырыш, viscidus — жабысқақ, osis — патологиялық хал) — тұқым қуалау жолымен дамитын көмірсулы дистрофия. Муковисцидозда без секретінің құрамына кіретін глюкопротеидтердің құрамы мен қасиеттері өзгеріп, олар қоюланып жабысқақ болып қалады. Осыған байланысты бездердің жолдары тығындалып, ретенциялы кисталар, склероз, ішекте түйілу (Илеусті қараңыз)пайда болады.

МУКОИДНОЕ НАБУХАНИЕ

(mucus — шырыш, eidos — ұқсас, түр)-МУКОИДТЫ ІСІНУ, мезенхималық белокты дистрофияның алғашқы даму кезеңі. Ол дәнекер ткань аралығына қышқыл глюкозаминогликандардың жиналып қалуымен, осыған байланысты тканьның ісінуімен сипатталады. Ісіну ошағы толуидин көгімен бояғанда қызғылт-көкшіл түске, айналасындағы ткань көк түске боялады.

МУКОЦЕЛЕ

(mucocele; mucus — шырыш, kele — ісік)— қалта тәрізді кеңею. Мыс.: қабынуға байланысты құрт тәрізді өсіндінің .(аппендикстің) саңылауы бітіп қалғанда оның төменгі бөлігіне шырышты заттардың жиналып қалуы.

МУМИФИКАЦИЯ

(mumificatio; mumija — мумия немесе mum — балауыз, facere — жасау)—өлген тканьның құрғап қатып қалуы, мумиялану.

МУТАЦИЯ

(mutatia — өзгеріс)—клетканың тұқым қуалаушы белгілерінің өзгеруі. Оның бірнеше түрлерін ажыратады: кариотиптің өзгеруі, хромосомалар абберациясы және гендердің мутациясы. Бұл өзгерістер негізінен радиация және канцерогеңді заттар әсерінде пайда болады.

МУТИЛЯЦИЯ

(mutilatio; mutilo — қысқарту, кесіп тастау) — бармақтар немесе башпайлар ұшының некроз нәтижесінде өз-өзінен үзіліп түсуі.

— Н —

НАЗОФАРИНГИТ

(nasopharyngitis;- nasus — мұрын, pharynx — жұтқыншақ)—мұрын-жұтқыншақ шырышты қабатының қабынуы.

НАНИЗМ

(naismus; nanus — ергежейлі, soma — дене)—ЕРГЕЖЕЙЛІК, адам бойының өте аласа болуы. (еркектердің 130 см-ден,— әйелдердің 121 см-ден аласа болуы). Мыс.: гипофиз сырқаттарында дамитын Н қалқанша безінің гипофункциясында ұшырайтын Н.

НЕВРИТ

(neuritis; neuron — нерв, itis — қабыну)—нервтің қабынуы. Мыс.: дифтерияда ұшырайтын паренхиматозды неврит.

НЕВРОМА

(neuroma; neuron — нерв, oma—ісік) — нерв талшықтарынан немесе ганглиозды клеткалардан түзілген ісік. Соңғы ісікті ганглионеврома деп атайды. Нерв зақымданғаннан кейін регенерация процесіне байланысты дәнекер ткань және нерв талшықтарының қосыла, тәртіпсіз өсіп кетуін, ампутациялық неврома деп атайды, бірақ бұл ісік емес.

НЕВУС

(naevus — родимое пятно) —МЕҢ. Теріде невусқа тән клеткалардың топталып қалуымен сипатталатын тума кемістік. Мыс.: пигментті невус, оның өзі шекаралық, тері іші және аралас Н. болып бөлінеді.

НЕЙРОБЛАСТОМА

(neuroblastoma; neuron — нерв, blastos — өскін, oma — ісік)—дизонтогенез нәтижесінде пайда болған, жетілмеген нерв клеткаларынан тұратын қатерлі ісік.

НЕЙРОИНФЕКЦИЯ

— нерв жүйесінің қабынуымен сипатталатын жұкпалы аурулар. Мыс.: құтыру, вирусты энцефалит және т. б.

НЕЙРОЛЕИКОЗ

(neuroleukosis; neuron — нерв, leuko — ақ, osis— патологиялық күй)—орталық нерв жүйесінде лейкозға байланысты дамитын өзгерістер. Мыс: жедел ағымды лейкоздар үшін ми қабықтарында, ми тканінде лейкоздық сіңбелер пайда болуы тән.

НЕЙРОФИБРОМА

(neurofibroma; neuron — нерв, fibroma — дәнекер ткань ісігі) — дәнекер тканьнан және нерв талшықтарынан түзілген ісік. Организмде көптеген нейрофиброманың пайда болуымен сипатталатын жүйелі сырқатты нейрофиброматоз (Реклингаузен сырқаты) деп атайды.

НЕКРОБИОЗ

(necrobiosis; necros — өлген, өлік, bios —өмір) — ШАЛА ӨЛІМ, тканьдардың некроз алдында дамитын қайтьімсыз дистрофиялық өзгерістері.

НЕКРОЗ

(necrosis; necros — өлік, өлген)—ӨЛІЕТТЕНУ, тірі организмнің клеткалары мен тканьдарының өлуі. Мыс.: колликвациялық (ылғалды) Н., коагуляциялық (құрғақ) Н., қан тамырына байланысты Н., (инфаркт).

НЕКРОНЕФРОЗ

(necronephrosis; necros — өлген, өлік, nephros — бүйрек, osis — патологиялық күй) —әр түрлі улы заттардың, ауыр металдар тұздарының және т. б. әсерінде туындайтын бүйрек өзектері эпителиінің некрозы немесе бүйрек қан айналымының бұзылуына байланысты дамитын бүйректің жедел ағымды жетіспеушілігі.

НЕОПЛАЗМА

(neoplasma; neos — жаңа, plaseo — жасаймын, құрамын)— жаңа құрылым, ісік. Ісіктің бір аты.

НЕФРИТ

(nephritis; nephros—бүйрек, itis қабыну)—бүйректің негізінен иммунды реакциялардың қатынасуымен дамитын екіжақты қабынуы (гломерулонефритті де қараңыз).

НЕФРОБЛАСТОМА

(nephroblastoma; nephros — бүйрек, blastos — өскін, oma — ісік)— ұрық дәуіріндегі бүйрек қалдықтарынан өсетін қатерлі ісік, сол үшін бұл ісікті эмбриондық нефрома (Вильмс ісігі) деп те атайды. Негізінен 1—4 жастағы балаларда кездеседі.

НЕФРОЗ

(nephrosis; nephros — бүйрек, osis — патологиялық күй)—негізінен бүйрек өзектерінің дистрофиялық өзгерістерімен сипатталатын бір топ сырқаттар. Бұл ескі атау, қазіргі кезде оны тубулопатиялар деп атайды. Дегенмен де ғылыми әдебиетте некронефроз — яғни бүйрек өзектерінің некрозы деген ат сақталып қалған (тубулорексисті қараңыз).

НЕФРОКАЛЬЦИНОЗ

(nephrocalcinos; nephros — бүйрек, calci­nosis— кальций тұздарының шөгіп қалуы)—БҮЙРЕКТІҢ ӘКТЕНУІ, кальций тұздарының бүйрек стромасына шөгіп қалуы. Мыс.: қалқанша без жанындағы бездердің гиперфункциясында.

НЕФРОЛИТИАЗ

(nephrolithiasis; nephros — бүйрек, lithos— тас, osis — патологиялық күй)—ТЫНЖЫТАС. Тастар бүйрек түбегінде, табақшаларында, несеп шығару жолдарында пайда болады. Егер несепағар тығындалып қалса, несеп бүйректе жиналып, оның түбін кеңейтіп жібереді, осы жерге инфекция түссе қабыну (пионефроз, пиелонефрит) дамиды.

НЕФРОПАТИЯ

(nephropathia; nephros — бүйрек, pathos — дерт, сырқат)—бүйрек сырқаттарының жалпы аты. Оған тубулопатиялар және гломерулолатиялар кіреді.

НЕФРОПАТИЯ БЕРЕМЕННЫХ

(nephropathia gravidorum; nephron — бүйрек, pathos — дерт, сырқат, gravidatum — жүктілік) — ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ НЕФРОПАТИЯСЫ. Оны қазіргі кезде гестоздар деп атайды.

НЕФРОПТОЗ

(nephroptosis; nephros — бүйрек, ptosis — төмен түсу)—бүйректің өз орнынан төмен түсуі. Әдетте бұл құбылыс бүйрек жалғамаларының әлсіздігіне байланысты бүйректің қозғалмалы болып қалуымен сипатталып, бүйректегі қан және несептің қалыпты айналысын бұзып қояды.

НЕФРОСКЛЕРОЗ

(nephrosclerosis; nephros — бүйрек, sclero­sis — қатты)— дәнекер тканьнің бүйректе өсіп кетуі. Мыс.: гипертония сырқатында, атеросклерозда бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлауына байланысты бүйрек шумақтары дәнекер тканьмен алмаса бастайды. Бұл өзгерістерге алғашқы бүріскен бүйректер деген ат берілген. Дәнекер ткань бүйректерде бүйрек ауруларынан кейін дамыса, оны екіншілік бүріскен бүйрек деп атау қабылданған.

НОДОЗНАЯ ЭРИТЕМА

(erythema nodosum; nodosi — түйінді; erythema — қызару)—ТҮЙІНДІ ЭРИТЕМА — терідегі резматизмге байланысты Дамитын өзгеріс. Теріде, теріасты шелінде қатты ұстағанда ауыратын, көптеген көкшіл-қызыл түрдегі түйіндер пайда болады. Микроскопта қарағанда олардың ортасында некроз ошақтары, айналасында ревматизмдік гранулемаға тән клеткалар көрінеді. Былайша айтқанда осы түйіндер ревматизмдік гранулема болып есептеледі.

НОЗОКОМИАЛЬНЫЙ

(ncsocomium — аурухана) — ауруханаға қатысты. Мыс.: аурухана ішінде дамыған (нозокомиальды) сепсис, аурухана ішінде тараған инфекциялар.

НОМА

(noma; nome — жараның ойылып кетуі, тарауы) — ЖЕГІ, балалардың бетінің, бұтының (жұмсақ тканьдарының) ылғалды гангренасы. Бұл өзгерістер көбінесе анаэробты микробтар әсерінде дамиды.

НОЗОЛОГИЯ

(nosologia; nosos — ауру, сырқат; logos — ғылым) аурулардың түрлері және жіктелуі жөніндегі ғылым. Мыс.: аурулар диагнозын анықтағанда патологоанатомдар осы нозологиялық принципті есепке алады.

— О —

ОБТУРИРУЮЩИЙ ТРОМБ

(thrombus obturatorius; trepho — қоюлату, тромбтау, obturare — тығындау) — қан тамырын тығындап тастайтын тромб. Нәтижеде қан келмей қалған ткань өледі. Мыс.: ішек артерияларын тығындаушы (обтурациялаушы) тромб оның некрозына (гангренасына) әкеп соқтырады.

ОВАЛОЦИТОЗ

(ovalocytosis; ovalis — сопақ, ovum — жұмыртқа, cytos — клетка, osis — патологиялық күй)—эритроциттер мембранасы құрылысының бұзылуына байланысты олардың сопақ пішінді болуымен сипатталатын тума аномалия.

ОВОТЕСТИС

(ovotestis; ovum — жұмыртқа, testis — ен) — екі жыныстың да тұқым элементтері бар жыныстық без. Бұл нағыз гермофродитизм белгісінің бірі.

ОДОНТОГЕННЫЙ

(odontos — тіс, genes — бір нәрсемен байланысты)—тіспен байланысқан одонтогенді. Мыс.: одонтогенді сепсис.

ОДОНТОМА

(odontoma; odontos—тіс, oma — ісік)—тістің жұмсақ тканьдарынан дамитын қатерсіз ісік.

ОККЛЮЗИЯ

(occlusia; occulusum — жабу)—саңылауының жабылып қалуы нәтижесінде кейбір қуысты (өзекті) ағзалардың қызметінің бұзылуы. Мыс.: өт жолдарының окклюзиясы.

ОКОЛОПЛОДНЫЕ ВОДЫ

(liquor amnii)—ҚАҒАНАҚ СҰЙЫҚТЬІҒЫ (СУЬІ). Ұрық айналасындағы сұйықтық.

ОКОСТЕМЕНИЕ

(ossificatio)— СҮЙЕКТЕНУ. Мыс.: энхондральды, периостальды суйектену.

ОЛЕОГРАНУЛЕМА

(oleogranuloma; oleum — май, granulum — дән. oma — ісік)- майлы заттарды (дәрілерді) денеге дарытқанда соның айналасында дамитын созылмалы қабыну ошағы (гранулема).

ОЛИГОУРИЯ

(olygouria; oligos — аз, кем, uron—несеп)—несеп бөлініп шығуының азаюы. Бүйрек ауруларының бір белгісі.

ОМЕНТИТ

(omentitis; omentum — шарбы, itis — қабыну)—шарбының қабынуы.

ОНКОЦИТОМА

(oncocytoma; onkos — көлем, cytos — клетка) — сілекей бездерінің шығару жолдарында ұшырайтын клеткалардан түзілген ісік. Бұл клеткалар ірі, көлемі үлкен, цитоплазмасы қызыл реңге боялған, онкоциттер деп аталады. Ісік басқа ағзаларда да кездеседі.

ОПУХОЛЕВОЕ ПОЛЕ

— ІСІК АЛАҢЫ (майданы), онкомор- фологияға R.Willis кіргізген ұғым. Оның ортасында қатерлі ісік ошағы, айналасына орнықты рак аймағы кейін, қалыпты тканьға өтетін дисплазия ошағы жайғасады. Осы ілім бойынша қатерлі ісіктің өсуі ісік клеткаларының пролиферациясы және оған жақын жатқан қалыпты клеткалардың трансформациясы есебінен барады. Бұны ісіктің аппозициялы өсуі деп атайды.

ОПУХОЛЕВЫЙ РОСТ

— ІСІКТІҢ ӨСУІ —ісік ткані көлемінің үлкеюі. Мыс.; ісік экспансивті (қараңыз), инфильтративті, аппозициялы өсе алады. Ісіктің ағза қуысына қарап өсуіне экзофитті өсу деп ағза қабырғасына өсіп кіруін эндофитті өсу деп атайды.

ОРАЛЬНЫЙ

(oralis; oris — ауыз)— ауыз қуысында дамитын, ауыз қуысына қатысты. Мыс.: ауыз қуысы (асқазан — ішек жолы арқылы) арқылы жұғатын инфекциялар.

ОРГАНИЗАЦИЯ

(organisatio; organon — құрылыс, қондырғы, ағза)—ДӘНЕКЕРТКАНЬДАНУ — кейбір патология нәтижесінде дәнекер тканьның өсіп кетуі. Мыс.: тромбтың, инфаркт ошағының дәнекертканьданулары.

ОРОГОВЕНИЕ

(keratosis; син: кератинизация). 1. Тканьдарда кератин және кератогилин заттарының пайда болуы. Мыс.: жалпақклеткалы карциномадағы кератинизация құбылысы. 2. ТҮЛЕУ., қалыпты жағдайда түлемейтін жерлерде (тілде, өңеште, көмейде) эпителийдің көшіп түсе бастауы, түлеуі.

ОСЛОЖНЕНИЕ

(complicatjo) —АСҚЫНУ, негізгі аурудың дамуына байланысты пайда болатын патологиядық құбылыстар. Мыс.: асқазан жарасының тесіліп кетуі немесе одан қан ағу.

ОССИФИКАЦИЯ

(ossif icatio; os — сүйек facere — жасау) — СҮИЕКТЕНУ; сүйектің регенерация нәтижесінде немесе басқа тканьдардан (дәнекер, шеміршек) метаплазия жолымен пайда болуы.

ОСТЕОБЛАСТОКЛАСТОМА

(osteoblastoclastoma; os — сүйек, blastos—өскін, klasis — сындыру, сүйекті бұзушы клетка)—остеобластар мен остеокластардан тұратын сүйектің қатерсіз ісігі. Синонимдері: алыпклеткалы ісік, алыпклеткалы эпулис (қараңыз).

ОСТЕОГЕНЕЗ

(osteogenesis; osteon — сүйек; genesis — пайда болу, даму)—сүйектің пайда болуы. Кейбір патологиялық жағдайларда сүйектер қалыпты жағдайда ұшырамайтын жерлерде пайда болады. Мыс.: жұмсақ тканьдардың арасында — гетеротопиялық О. немесе дәнекер тканьнан, шеміршектерден пайда болады — метаплазиялық О.

ОСТЕОИД

(osteoidum; ob — сүйек, eides — ұқсас)- ӘКТЕНБЕГЕН (ЖАС) СҮЙЕК, сүйек тканьның кальций тұздары сіңіп нағыз сүйекке айналғанға дейінгі (кезеңіндегі) түрі.

ОСТЕОМАЛЯЦИЯ

(osteomalatia; os — сүйек, malacos — жұмсару)—фосфор мен кальций алмасуы бұзылуына байланысты сүйектің жұмсаруы. Мыс.: рахитқа байланысты О.

ОСТЕОМА

(osteoma; os, osteon — сүйек, oma — ісік)— сүйек тканінің қатерсіз ісігі.

ОСТЕОМИЕЛИТ

(osteomyelitis; os — сүйек, myelos— сүйек майы, itis — қабыну)— сүйек майынан басталып, кейін сүйекке, оның қабығына өтетін сүйектің некрозымен және секвестр пайда болуымен сиптталатын қабынуы.

ОСТЕОМИЕЛОСКЛЕРОЗ

(osteomyelosclerosis; os — сүйек, myelos —сүйек майы, sclerosis — дәнекер тканьның өсіп кетуі). Миелофиброзды қараңыз.

ОСТЕОПОЙКИЛИЯ

(osteopoikilia; os — сүйек, poikilos — ала шұбар, әр түрлі)— сүйек архитектоникасының бұзылуы. Осы патологияда дәнекер ткань сүйектің тек кеуек бөлігінде өсіп кетеді.

ОСТЕОПОРОЗ

(osteoporosis; os osteon — сүйек, poros — тесік, саңылау)— КЕУЕК СҮЙЕК. Остеопорозда сүйектекі кальций мөлшері азайып, гаверс өзектері кеңіп, морт сынғыш болып қалады. Мыс.: бүйрекүсті безінің гиперфункциясына байланысты О.

ОСТЕОСАРКОМА

(osteosarcoma; osteon — сүйек, sarcoma — мезентиманың қатерлі ісігі) — сүйек тканінің қатерлі ісігі.

ОСТЕОХОНДРИТ

(osteochondritis; osteon — сүйек, chondros— шеміршек, itis — қабыну)— сүйек пен шеміршек тканьдарының бірге қабынуы. Мыс.: тума мерезге байланысты остеохондрит.

ОСТЕОХОНДРОЗ

(osteochondrosis; osteon—сүйек, chondr — шеміршек, osis—патологиялық күй)—сүйек пен шеміршек тканьдардың дистрофиялық өзгерістері. Мыс.: омыртқа остеохондрозы.

ОТЕК

(oedema — ісіну)—ІСІК, ІСІНУ, дененің қуыстарында және тканьдарда сұйықтықтың (транссудаттың) жиналуы. Ісік нәтижесінде дене қуыстары сұйықтықпен толып (асцит, анасарканы қараңыз), тканьдар мен ағзалар үлкейеді. Медицинада ісік және шемен (орысша — водянка) деген сөздер қатар қолданылады. Мыс.: іш шемені (асцит) терасты шелінің ісігі (анасарка).

ОТЕЧНАЯ ЖИДКОСТЬ

(transsudatum; trans — арқылы, sudare—терлеу, бөліп шығару)—ІСІК СҰЙЫҚТЬІҒЫ құрамында 2%- тен көп белок болмайтын ткань сұйықтығы.

ОТИТ

(otitis; otos — құлақ, itis — қабыну)—ортаңғы құлақтың қабынуы.

OТОГЕННЫЙ

(otogenus; otos — құлақ; genes — пайда болу, байланысты) — құлақпен байланысты. Мыс.: отогенді сепсис.

— П —

ПАЛАТОСХИЗ

(palatoshisis; palatum — таңдай, schisis — жарық)— ЖЫРЫҚ ТАҢДАЙ, таңдай дамуының тума бұзылуы нәтижесінде пайда болған дерт.

ПАНБРОНХИТ

(panbronchitis; pan — барлық, bronchos — бронх, itis — қабыну)— бронхтың барлық қабаттарының қабынуы.

ПАНДЕМИЯ

(pandemia; pandemos — бүкілхалықтық)— ЫЛАҢ. кейбір инфекциялардың бірнеше мемлекеттерге, құрылықтарға таралып кетуі. Мыс.: гриптің, обаның пандемиясы.

ПАНКАРДИТ

(pancarditis; pan — барлық, cardia — жүрек, itis — қабыну)—жүректің барлық қабаттарының қабынуы.

ПАНКРЕАТИТ

(pancreatitis; pancreas — ұйқы безі, itis —қабыну) — ұйқы безінің қабынуы. Қабынудың негізгі себебі ұйқы безінің белоктарды ерітуші ферменттерінің белсенділігінің асып кетуі. Мыс.: трипсин, липаза ферменттерінің әсерінде осы жердегі және айналасында жайғасқан май ткані некрозға шалдығады. Осы ошақтар «стеарин дақтары» деген ат алған. Некроз құбылысы басым болғанда, бұл процесті пакреонекроз деп атайды. Панкреатиттің серозды, геморрагиялық, және іріңді түрлері бар.

ПАНМИЕЛОФТИЗ

(panmyelophthisis; pan — барлық, myelos — сүйек майы) phthisicus — өкпе туберкулезі нәтижесінде азып кету (чахотқа)— сүйек майынадғы қан жасаушы тканының бүтіндей жойылуы. Мыс.: қатерлі ісіктерді радий сәулесімен емдегенде осы емнің асқыну түрі есебінде дамитын П.

ПАННУС

(pannyc — желкен, кесінді)—созылмалы қабыну ошағындағы клеткалардың және қан тамырларының жергілікті көбеюі (пролиферациясы) нәтижесінде пайда болған дәнекер ткань. Ревматоидты артритке тән паннуста буын бетіндегі шеміршек бүтіндей жойылып, оның орнын грануляциялы (түйіршікті) ткань басады.

ПАПИЛЛИТ

(papillitis; papilla —ұш, бүртік; қабыну)—1) тіс арасындағы бүртіктердің (еттің) қабынуы; 2) көз нерві ұшының (дискасының) қабынуы; 3) бүйрек бүртіктерінің қабынуы.

ПАПИЛЛОМА

(papilloma; papilla — бүртік, oma — ісік) — көп қабатты жалпақ, эпителийдің немесе өтпелі эпителийдің бүртікті қатерсіз ісігі.

ПАРАГАНГЛИОМА

(paraganglioma; para — жанында, маңын- да, ganglion — түйін, oma — ісік)— хромаффинсіз параганглийлердік қатерсіз ісігі. Бұл ісіктің шығу тегі симпатикалық нерв жүйесімен байланысты.

ПАРАДОНТОЗ

(paradotosis; para — маңында, odontos — тіс) — ҚАНЖЕЛ дистрофиялық өзгерістер мен қабынуға байланысты тіс түбірінің жалаңаштанып қалуы.

ПАРАКЕРАТОЗ

(parakeratosis; para — маңында, жанында, keratos — мүйіздік зат)—эпидермис клеткаларындағы түлеу құбылысының бұзылуы.

ПАРАНЕКРОЗ

(paranecrosis; para — жанында, маңында, nekros — өлген, osis—патологиялық күй)—тканьдардың, клеткалардың бірте-бірте өлу құбылысы. Некроз алды өзгерістер.

ПАРАПРОКТИТ

(paraproktitis; para — маңында, proktos — артқы тесік, itis — қабыну)—артқы тесік (анус) пен тік ішек маңындағы шелдің қабынуы.

ПАРОТИТ

(parotitis; para — қасында, маңында, otos — құлақшықшыт безі, itis — қабыну)—шықшыт безінің (құлақ маңындағы бездің) қабынуы.

ПАТОГНОМОНИЧНЫЙ

(pathognomonicus; pathos —дерт, сырқат, gnoma — белгі, нышан) — белгілі бір ауруға өте тән нышан (белгі). Осы белгісі арқылы сол аурудың өзін мүлтіксіз анықтауға болады. Мыс.: лимфогранулематоз үшін Березовский — Штернберг клеткалары, туберкулез үшін Пирогов-Ланхганс клеткалары тән.

ПАТОЛОГИЯ

(pathologia; pathos —дерт, сырқат; logos —ілім, ғылым) — ДЕРТТАНУ, патологиялық құбылыстардың, аурулардың даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Оны жалпы және жеке бөлімдерге бөліп қарайды. Сонымен қатар кез-келген қалыпты жағдайдан ауытқуды да патология деп атайды.

ПАТОМОРФОЗ

(pathomorphosis; pathos —дерт, сырқат, ауру; morphe — сыртқы көрініс, osis — патологиялық құбылыс)—бүл белгілі бір аурудың сыртқы және ішкі орта әсерінде қалыптасқан тұрақты және маңызды өзгерістері. Патоморфоздың табиғи және жасанды (терапиялық) түрлері бар. Мыс.: туберкулездің патоморфозы дегенде оның кейбір түрлерінің (казеозды пневмония, туберкулезді менингит) қазіргі кезеңде сирек ұшырауын, біріншілік туберкулездің кейде ересек кісілерде де кездесуін және т.б түсінеміз.

ПАХИМЕНИНГИТ

(pachymeningitis; pachys қатты, meninx — ми қабықтары)—мидың қатты қабығының қабынуы.

ПЕЛЛАГРА

(pellagra; pelle — тері, agro — қолмалжың, тұрпайы)—«тұрпайы (дөрекі) тері»—никотин қышқылының және В тобы витаминдерінің жетіспеушілігінен туындайтын науқас. Оның ең көрнекті белгілерінің бірі терінің гиперкерато және меланоз нәтижесінде қарайып, қатқылданып «тұрпайы» болып қалуы.

ПЕНЕТРАЦИЯ

(penetratio; penetrare—кіру, өту)—патологиялық процестің қуысты ағза қабырғасы арқылы басқа тканьдарға өтуі. Мыс.: асқазан жарасының ұйқы безіне немесе басқа ағзаларға өтуі.

ПЕРВИЧНЫЙ АФФЕКТ

(affectus prima; affectus — әсер ету, ояту)—АЛҒАШҚЫ АФФЕКТ (зақымдануы ошағы). Мыс.: туберкулез микобактериялары өкпеге түскенде сол жердегі алғашқы дамитын өзгерістер (казеозды пневмония ошағы). Жалпы инфекциялардың денеге алғашқы кірген жеріндегі өзгерістер.

ПЕРИАППЕНДИЦИТ

(periappendjcitis; peri — маңында, айналасында, қасында; appendix — құрт тәрізді өсінді, itis — қабыну) — қабынудың аппендикс айналасындағы тканьға өтуі.

ПЕРИОСТИТ

(periostitis; peri — айналасында, os — сүйек, itis —қабыну)—сүйектің сыртқы қабығының қабынуы.

ПЕРИТОНИТ

(peritonitis; peri — айналасында, teino — қоршап алу (іш пердесі), itis —қабыну)—іш пердесінің қабынуы. Мыс.: серозды П., іріңді П., жергілікті П., таралған П.

ПЕРСИСТЕНЦИЯ

(persistentia; per — sistere — созылу, табандылық білдіру) — әуелгі күйдің созылуы, ұзақ сақталуы. Мыс.: персистенциялы (созылған) гепатит немесе организмде вирустардың персистенциясы (ұзақ сақталуы).

ПЕРФОРАЦИЯ

(perforatio; per — forare — тесу)—ТЕСІЛІП КЕТУ; қуысты ағза қабырғасының ауруға байланысты немесе зорлық-зомбылық нәтижесінде тесіліп (жыртылып) кетуі. Мыс.: ішке пышақ ұрғанда ішектің тесіліп кетуі. Жара ауруында асқазан қабырғасының тесіліп.кетуі.

ПЕТЕХИИ (ЭКХИМОЗЫ)

(petechia; peticula — кішкентай дақ)—Қанды дақтар; терідегі майда қан құйылу ошақтары (геморрагияны қараңыз).

ПЕТРИФИКАЦИЯ

(petrificatio; petro — жартас,-facere — істеу, жасау)—ӘКТЕНУ, кальций тұздарының тканьға шөгіп қалуы.

ПИГМЕНТАЦИЯ

(pigmentatio)—ПИГМЕНТТЕНУ, эндогенді (меланин, гемосидерин) немесе экзогенді (темекі түтінінің құрамындағы) пигменттердің тканьдарға шөгіп (сіңіп) қалуы.

ПИЕЛИТ

(pyelitis; pyelos — астау, бүйрек түбегі, itis — қабыну) — бүйрек түбегінің қабынуы. П. жеке түрде сирек кездеседі. Әдетте ол пиелонефрит түрінде көрінеді.

ПИЕЛОНЕФРИТ

(pyelonephritis; pyelos — бүйрек түбегі, nephros — бүйрек, itis —қабыну)—бүйрек түбегінің және оның аралық тканінің қосыла қабынуы.

ПИЕЛОЦИСТИТ

(pyelocystitis; pyelos—бүйрек түбегі, kystos — қуық, itis — қабыну) — қуық пен бүйрек түбегінің қосыла қабынуы. Инфекция әдетте қуықтан басталып бүйрек түбіне өтеді.

ПИЛОФЛЕБИТ

(pylephlebitis; pyle — қақпа, phlobos — вена, itis — қабыну) —қақпа венасы қабырғасының қабынуы. Мыс.: аппендицитте қабыну вена жүйесі арқылы қақпа венасына өтуі мүмкін, осыған байланысты бауырда пилофлебиттік абсцестер пайда болады.

ПИЕЛОЭКТАЗИЯ

(pyeleoectasia; pyelos — бүирек түбегі, ektasis—кеңею)—бүйрек түбегінің кеңейіп кетуі. П. негізінен бүйректасы сырқатында кездеседі.

ПИНЕАЛОМА

(pinealoma; pinealis — қарағай бүршігіне (түйініне) ұқсас, oma — ісік)— эпифизе тән ісік, ол безді эпителийден және глия клеткаларынан түзілген.

ПИНОЦИТОЗ

(pinopcytosis; pino — ішемін, ішу; cytos — клетка)—макрофагтардың қабыну ошағындағы сұйық заттарды жалмауы (обуы).

ПИОГЕННЫЙ

(pyogenes; pyon — ірің, genesis — жаслу, құрылу, туу)—ІРІҢДІ, іріңдетуші. Мыс.: пиогенді (іріңдетуші) микроорганизмдер, пиогенді (іріңді) гранулема, іріңді мембрана (абсцесті қараңыз).

ПИОИДНЫЙ КОСТНЫЙ МОЗГ

(myelos pyoides; myelos — сүйек майы, pyon —ірің, eides — ұқсас)— іріңге ұқсас (пиогенді) сүйек майы. Мыс.; сүйек майының миелолейкозда «іріңге ұқсас» жасылдау болып көрінуі. Бұл құбылыс негізінде сүйек майының қан элементтерін түзуші қызыл сүйек майына айналуы (медаплазияны қараңыз) жатады. .

ПИОНЕФРОЗ

(pyonephrosis; pyon — ірщ, nephron — бүйрек, osis — патологиялық күй)-—бүйрек түбінің ірің жиналып кеңіп қалуы. Бұл жағдай несеп жолдарында тас пайда болуына байланысты туындап, сол жерде іріңдетуші инфекция түскенде дамиды.

ПИОРЕЯ АЛЬВЕОЛЯРНАЯ

(pyorrhoea alveolaris; pyon — ірің, rhoe—ағу, alvela — шұнқыр)АЛЬВЕОЛЯРЛЫҚ ПИОРЕЯ, іріңнің тіс шұнқырларынан бөлініп тұруы. А.П. периодонтиттің бір көрінісі болып есептеледі.

ПИОСАЛЬПИНКС

(pyosalpinx; pyon — ірің, salpinx — жатыр түтігі)—іріңнің жатыр түтігіне жиналып қалуы. Бұл жағдай жатыр түтігінің саңылауы бітіп қалуына байланысты дамиды.

ПЛАЗМОЦИТОМА

(plasmocytoma; plasmocyt — плазмалы клетка, oma — ісік) — плазмалы клеткалар ісігі, оның синонимі МИЕЛОМДЫ СЫРҚАТ. Плазмоцитоманың солитарлы (solus — бір, жалғыз) және таралған (генерализацияланған) түрлері бар.

ПЛАЦЕНТИТ

(placentitis; placenta, plakus —бала жолдасы,. плацента),— бала жолдасының қабынуының жалпы аты (децидуитті, хорионамнионитті қараңыз).

ПЛАЦЕНТАРНЫЙ ПОЛИП

(polypus placentaris; placenta — бала жолдсы, полип —қараныз).— БАЛА ЖОЛДАСЬІНЫҢ ПОЛИПЫ, аборттан немесе жүктіліктен кейін жатыр ішінде қалған хорионның, болмаса бала жолдасының қалдықтары. Олар жатырға жабысып дәнекер тканьдалып жатырдан қан ағуға себепші болады.

ПЛЕВРИТ

(pleritis; pleura — өкпе қабы, плевра, itis — қабыну)—өкпе қабының (плевраның) қабынуы,

ПЛЕТОРА

(plehtora; plethore — толу, толықтық)—қан көлемінің ұлғаюымен сипатталатын артериалы толақандылықтың жалпы түрі. ,

ПНЕВМОКОНИОЗЫ

(pneumoconiosis; pneumo — өкпе, konis — . шаң)— ПНЕВМОКОНИОЗДАР, «өкпені шаң басу», әр түрлі шаң әсіресе түсті металдар шаңы әсерінде өкпеде дамитын өзгерістер. Мысалы, дәнекер тканьның өсіп кетуі. Бұл, антракоз, асбестоз, силикоз (қараңыз) және т. б. үшін тән.

ПНЕВМОНИТ

(pneumonitis; pneumo — өкпе, itis -қабыну) — өкпенің аралық тканьдағы өзерістерді (қабынуды, лейхозға байланысты инфильтрацияны және т. б.) көрсетуші жалпы термин. Мыс.: аралық пневмонияны, өкпеде лейкозға, ревматизмдік сырқаттарға байланысты дамитын өзгерістерді де пневмонитке жатқызуға болады.

ПОДАГРА

(podagra; podos — аяқ, agra-аң аулау—«аяққа шабатын қақпан»)—организмде нуклепротеидттер алмасуының бұзылуымен байланысты, дамитын буындар аймағына натрийдің, несеп қышқылды тұздарының шөгіп қалуымен сипатталатын сырқат. Осы тұздардың айналасында алып клеткалы продуктивті қабыну ошақтары дамып, подагралық түйіндер (tophi uritci) қалыптасады.

ПОЛИДАКТИЛИЯ

(polydactilia; poly —көп, dactylos — бармақ), КӨПБАРМАҚТЫҚ — қолда немесе аяқта бармақтар (башпайлар) санының бестен көп болуымен сипатталатын тума кемістік.

ПОЛИМАСТИЯ

(polymastia; poly—көп, mastos — сүт бездері) — сүт бездері санының көбеюімен сипатталатын тума кемістік.

ПОЛИМОРФИЗМ

(polymorpbos; poly — көп, morphis—пішін)—КӨППІШІНДІЛІК). Мыс.: рак клеткаларының полиморфизмі дегенде әр түрлі үлкендіктегі, әр түрлі пішіндегі кейде өте ірі, алып клеткалардың пайда болуын түсінеміз. Әдетте бұл өзгерістер қатерлі ісіктер үшін тән.

ПОЛИОМИЕЛИТ

(polyomyelitis; polyos — сұр, myelos — жұлын, itis — қабыну)—жұлынның сұр затының (негізінен алдыңғы мүйізінің) қабынуымен сипатталатын вирусты сырқат.

ПОЛИП

(polypus; poly — көп, pus — аяқ, көпаяқты)—шырышты қабықтар эпителиінің және оның астындағы дәнекер тканьның созылмалы, қабынуға байланысты бүртіктеніп өсіп кетуі. Мыс.: мұрон полиптері, асқазан полипы.

ПОЛИСЕРОЗИТ

(polyserositis; poly — көп, serosa — серозды перде, itis — қабыну)— бірнеше қуьістардың серозды (сірі) қабықтарының бір мезгілде қабынуы.

ПОЛИЦИТЕМИЯ

(polycythaemia; poly — көп, kytos — ткань, haema—қан)—қанда қан элементтерінің көбейіп кетуімен сипатталатын синдром. Бұл атау негізінен қанда эритроциттердің көбейіп кетуіне беріледі (эритремияны қараңыз).

ПОРФИРИЯ

(porphyria; porphyra — пурпур, қып-қызыл)—порфириндер алмасуының бұзылуымен сипатталатын тума немесе жүре пайда болған пигментті дистрофия.

ПОРЭНЦЕФАЛИЯ

(porencephalia; pore — тесік; enkephalos —үлкен ми)—мида, ми қарыншаларымен қатынасы бар, үлкенді-кішілі кисталардың пайда болуымен сипатталатын тума кемістіктер. Егер ми қарыншаларымен қатынасы болмаса, оларды жалған П. дейді.

ПРЕДБОЛЕЗНЬ

(син. преморбидное состояние; prae — алдындағы, morbus — ауру)—ауру басталмастан алдыңғы хал,

ПРЕДРАК

(praecancer син. предопухолевое состояние)—ракалды хал. Мыс.: асқазан үшін ракалды сырқаттарға созылмалы гастриттер, асқазан жарасы, полипозы кіреді.

ПРОГЕНЕЗ

(progenesis; progignomae — мезгілінен бұрын пайда болу) — ұрық клеткаларының (жұмыртқа клеткасының және сперматозоидтың) киматогенезге дейінгі жетілу кезеңі.

ПРОЗЕКТОР

(prosector; prosectus—шабу, бөлшектеу)— патологоанатом. Патологиялық анатомия бөлімінде қызмет істейтін дәрігер-маман.

ПРОКАЗА

Лепраны қараңыз.

ПРОКТИТ

(proctitis; proktos — артқы тесік, itis — қабыну)—тік ішектің қабынуы.

ПРОЛИФЕРАЦИЯ

(proliferation proles — әулет, жұрағат, ferrо — алып жүру, тасып жүру)—КӨБЕЮ, клеткалардың немесе клетка іші ультрақұрылымдардың жаңадан пайда болып көбеюі нәтижесінде олардың, көлемінің үлкеюі.

ПРОФУЗНЫЙ

(profusum — төгіп алу)—өте көп, күшті. Мыс.: өте көп қан кету, іштің өте көп өтуі.

ПСАММОМА

(psammoma; psammos — құм, oma — ісік) — ми қабыктарының «құмды» ісігі; менингиоманың өзіне кальций тұздарын сіңірген ерекше бір құрылымдар (псаммоматозды денешіктер) түзумен сипатталатын түрі.

ПУЗЫРНЫЙ ЗАНОС

(mola hydatidosa) —ЖЕЛБУАЗ, жүкті әйелдерде тұқымдық жұмыртқа дамуы бұзылғанда хорион бүрлерінің ісінуімен және эпителиінің өсіп кетуімен сипатталатын сырқат.

ПУЛЬПИТ

(pulpitis; pulpa— тіс ұлпасы, itis — қабыну)—тіс ұлпасының қабынуы. Пульпиттің жедел ағымды, созылмалы, серозды,. флегмонозды, гангренозды түрлері бар.

ПУРПУРА

(purpur; porphura — қып-қызыл) — теріде немесе шырышты қабықта қанталаған майда қан құйылу ошақтарының пайда болуы. Мыс.: тромбопениялық П.

ПУСТУЛА

(pustula; pus — ірің)—ІРІҢДІ БӨРТПЕ. Шын шешек дамуының бір кезеңі ретінде кездесетін терідегі өзгерістер.

— Р —

РАБДОМИОМА

(rhabdomyoma; rhabdos — жолақ, myoma — бұлшыкет ісігі)—көлденең, жолақты бұлшықеттен өсетін эмбрион кезеңіндегі миобластарды еске салушы, қатерсіз ісік. Оның қатерлі түрін рабдомиосаркома деп атайды.

РАГОЦИТЫ

(ragocytes; rados — жүзімнің бір шоғы, kytos — клетка)—иммунды гистохимиялық әдіспен цитоплазмасында ревматоидты факторларды (гаммаглобулин) табуға болатын полинуклеарлы лейкоциттер. Олар ревматоидты артрит үшін тән, люминесцентті микроскопта қарағанда жүзімнің бір шоғындай болып көрінеді.

РАДИКУЛИТ

(radiculitis; radicula — түбірше, radix —түбір сөзінен, itis — қабыну)—жұлын ми нервтерінің түбіршелерінің қабынуы. Мыс.: компрессиялық (басылып қалуға байланысты) Р. Бел-сегізкөз радикулиті.

РАК

(carcinoma, cancer) —эпителийдің қатерлі ісігі, карциномасы. Мыс.: безді, жалпақклеткалы Р. (карцинома).

РАКОВЫЕ ЖЕМЧУЖИНЫ

— РАК ІНЖУЛЕРІ — ісік клеткаларының қат-қабат болып жайғасуымен, сол жерде кератин және кератогиалин заттарының жиналып қалуымен сипатталатын құрылымдар. Бұл өзгерістер жалпақ клеткалы түлеуші карцинома үшін тән.

РАХИСХИЗ

(rhachischis)— жұлын қабықтарының омыртқа желісінің артқы қабырғасының, жұмсақ тканьдардың, терінің бүтіндей жоқтығымен сипатталатын тума ақау.

РАХИТ

(rachitis—омыртқа тиісті, rhachis — омыртқа бағанасы сөзінен) — МЕШЕЛ, Д витаминінің жетіспеушілігі нәтижесінде дамитын фосфор және кальций алмасуының бұзылуы. Бұл кезде сүйектер жұмсап, баланың аяғы қисайып қалады, еңбегі ұзақ уақыт бітпейді, шашы өте сирек болады.

РЕАНИМАЦИЯ

(reanimatio; re —қайта- animatio — тірілту) — ТІРІЛТУ — жандандыру, организмнің сөнген немесе сөне бастаған (өмір сүруге қажет) қызметтерін қайта қалпына келтіруге арналған емдеу әдістерінің жиынтығы. Мыс.: жүректі қайта іске қосуға арналған емдеу әдістерін жүрек реанимациясы деп атайды.

РЕВАСКУЛЯРИЗАЦИЯ

(revasulirisatio; re — қайта; vasus — қан тамыры)—ҚАЙТА ТАМЫРЛАНУ. Тығындаушы тромбтар арасында жаңадан қан тамырлардың пайда болуы.

РЕГЕНЕРАЦИЯ

(regenerate— қайтадан қалпына келу) — ЖАҢАРУ, клеткалардың, тканьдардың әр түрлі себептерге байланысты жайылған құрылымдық элементтерінің қайта қалпына келуі. Оның физиологиялық, патологиялық, репарациялық түрлері бар. Ол толық немесе жартылай болуы мүмкін (реституция мен субституцияны қараңыз).

РЕГИОНАРНЫЙ

(regionalis; region — аймақ) —АЙМАҚТЫҚ, дененің кейбір аймағына қатынасы бар. Мыс.: асқазан рагының ең жақын жатқан лимфа түйіндеріне метастаз беруі.

РЕСТИТУЦИЯ

(restitutia; restitutus — бұрынғы орнына қою) — ТОЛЫҚ ЖАҢАРУ, өлген тканьның өзі тектес тканьмен алмасуы (толық регенерациясы).

РЕТИКУЛОСАРКОМА

(reticulosarcoma; retuculum — тор, ретикулярлы клетка, sarcoma — қатерлі ісік)—ретикулярлы клеткалардың қатерлі ісігі. Өте сирек кездесетін ісік.

РЕТИНИТ

(retinitis; retina — көздің тор қабаты; itis — қабыну) — көздің тор қабатының қабынуы.

РЕТИНОБЛАСТОМА

(retinoblastoma; retin — көздің тор қабаты, blastoma— ісік) — көздің тор қабатынадғы жетілмеген эмбриондық клеткалардан дамитын қатерлі ісік. Әдетте бұл ісік 2 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.

РЕФЛЮКС — ЭОЗОФАГИТ

(retluxus oesophagitis; refluo — кері ағу, oesophagus — өңеш, itis — қабыну)—асқазан сөлінің кері ағып өңешке түсуіне байланысты дамитын қабыну. Нәтижеде өңеште эрозиялар және жаралар пайда болады.

РИНИТ

(rhinitis; rhinos — мұрын, itis — қабыну)—мұрын шырышты қабатының қабынуы.

РИНОФИМА

(rhinophyma; rhinos — мұрын, phyma — шор, өскін)—«МАСКҮНЕМ МҰРНЫ», созылмалы қабыну нәтижесінде мұрынның қызарып, оның ұшында қып-қызыл түйіндердің пайда болуы. Негізінен маскүнемдікке тән құбылыс.

Пікір қалдырыңыз