Паталогиялық анатомия сөздігі «С, Т, У, Ф, Х, Ц, Ш, Э, Я»

  Терминдер

анатомия сөздігі

Назар аударыңыз! Термин сөздерді оңай әрі тез табу үшін төменде көрсетілген әріптерді пайдалансаңыз болады.

А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ш Э Я

С —

САЛЬПИНГИТ

(salpingitis; salpinx — жатыр түтігі — жатыр түтігінің қабынуы.

САРКОИДОЗ

(sarcoidosis; sarcos — ет, eidos — сияқты, ұқсас) — Бенье-Бек-Шауман сырқаты, этиологиясы белгісіз, лимфа түйіндерінде және ішкі ағзаларда эпителоидты клеткалы гранулемалар түзілуімен сипатталатын сырқат. Бұл гранулемалардың ерекшелігі оларда некроздан көрі склероз және гиалиноз процестері басым болады.

САРКОМА

(sarcoma; sarcos —ет, oma — ісік) — мезенхиманың қатерлі ісігі. Мыс.: нейросаркома, ангиосаркома, фибросаркома және т. б.

СЕКВЕСТР

(sequestrum; sequestrare — шетке шығарып қою) — өлік тканінің ұзақ уақыт аутолизге немесе организацияға ұшырамайтын бір бөлігі. Мыс.: остеомиелитте некрозға ұшыраған сүйек ткані секвестрге айналып, ұзақ уақыт сақталып, айналасында сүйектен түзілген қорап пайда болады.

СЕПТИКОПИЕМИЯ

(septicophiemia; sepsis — шіру, pyon — ірің, haema — қан)—сепсистің клиникалық-анатомиялық түрінің бірі, ол ішкі ағзаларда метастаздық іріңді ошақтардың пайда болуымен сипатталады.

СЕПТИЦЕМИЯ

(septicaemia; sepsis —шіру, haema — қан) — сепсистің метастазсыз түрі, мұнда ауру қоздырушы бактериялар қанда айналып жүруіне байланысты ішкі ағзаларда дистрофиялық өзгерістер және аралық қабыну дамиды.

СИАЛОАДЕНИТ

(sialoadenitis; sialos — сілекей, aden — без, itis — қабыну)—сілекей бездерінің қабынуы.

СИГМОИДИТ

(sigmoiditis; sigma—грек әрібі, сигма тәрізді ішек, itis — қабыну)—сигма тәрізді ішектің қабынуы.

СИДЕРОБЛАСТ

(sideroblastus; sideros—темір, blastus — өскін, клетканың жетілмеген түрі)—құрамында темір бар пигмент гемосидерин құрайтын клеткалар.

СИДЕРОФАГ

(siderophagus; sideros — темір, phagia — обу)—гемосидерлнді обып алатын клеткалар.

СИЛИКОЗ

(silicosis; silex — кремень, osis — патологиялық күй)—СИЛИКОЗ, кремний шаңының өкпеге түсуінен туындайтын пневмокониоздың бір түрі.

СИМПАТОГОНИОМА

(sympotogonioma) симпатогонийлерден тұратын вегетативті нерв жүйесінің қатерлі ісігі.

СИНДАКТИЛИЯ

(syndactylia; syn — бірге; daktylos — бармақ)—қол немесе аяқ бармақтарының бір-біріне жабысып қалуымен сипатталатын тума кемістік.

СИНОВИОМА

-(synovioma; synovialis (tunica)—буынның дәнекер тканьды қабығы, oma — ісік) — сіңір және сіңір қаптарының дәнекер тканінен өсетін ісік.

СИНОВИТ

(synovitis; synovia — синовиальды қабық, itis — қабыну) — синовальды қабықтың қабынуы.

СИНОСТОЗ

(synostosis; syn — бірге, osteon — сүйек, os — патологиялық хал)—сүйектердің тума немесе жарақаттан кейін бірігіп қалуы.

СИНУСИТ

(Sinusitis; sinus paranasalis — мұрын маңындағы қуыстар; itis — қабыну)—мұрын маңындағы қуыстардың шырышты қабатының қабынуы. Мыс.: Гаймор қуысының қабынуы.

СИРИНГОАДЕНОМА

(syringoadom; syrinx — түтік, өзек, aden — без, oma — ісік) — тер бездерінің қатерсіз ісігі.

СИФИЛИДЫ

(syphilides)—СИФИЛИДТЕР. Бұл терминді медицинаға италия дәрігері У.Fracastoro (1530) кіргізген. (Осы өзгерістер Syphilus деген малшының денесінен табылған деген аңыз бар. Демек сифлис термині- осы аурумен сырқаттанған адамның атымен тікелей байланысты деп есепгеуге болады). Сифилидтер деп сифилистің терідегі және шырышты қабықтардағы көріністерін айтады. Бірінші кезеңдегі сифилидтерге қатты жара, екінші кезеңдегілеріне әр түрлі бөртпелер, үшінші кезеңдегілеріне гуммалар жатады.

СКЛЕРОЗ

(sclerosis; skleros — қатты)—ағзаларда, олардың паренхимасының арасында дәнекер тканьның өсіп кетуі. Мыс.: бронх айналасындағы С, ошақты, жайылмалы С.

СКЛЕРОМА

(scleroma; skleros—қатты, oma — ісік)—Волкович-Фриш таяқшалары қоздыратын жоғарғы тыныс жолдарының ерекше қабынуымен сипатталатын сырқат. Егер қабыну мұрынның шырышты қабығын көбірек зақымдаған болса, оны РИНОСКЛЕРОМА деп атайды.

СКОРБУТ

(scorbutus; голландша scheurbuix — құс тұмсығындағы жарық)— С авитаминоз; ол клиникада геморрагиялық диатезбен терінің меланозымен, қызыл иектің жаралануымен және сүйек тканінің өзгерістерімен көрінеді.

СЛОНОВОСТЬ

(elephantiasis; elephans — піл)—ПІЛАЯҚ, терінің теріасты шелінің лимфостаз нәтижесінде ерекше қалыңдап кетуі.

СМЕРТЬ

(mors)—ӨЛІМ, өмірдің организмде дамитын қайтымсыз өзгерістер нәтижесінде тоқтауы. Ол барлық жан-жануарлардың, адамның жеке өмірінің қортынды кезеңі. Мыс.: биологиялық өлім, кенеттен өлім (mors subitale) зорлык-зомбылық нәтижесіндегі өлім.

СОЛИДНЬІЙ

(solidus — тығыз, қатты)—ҚАТТЫ. Мыс.: солидный рак — рактың жетілмеген түрі болып, ісік клеткаларының ұяшықтар түрінде тығыз жайғасуымен сипатталады. Ісік стромасының көлемі паренхимасына тең кейде одан көп сол үшін ісік қатты болады.

СОЛИТАРНЫЙ

(solitaris; solus — бір, жалғыз)—ЖЕКЕ, ЖАЛҒЫЗ. Мыс.: мидағы жеке (жалғыз) гумма (мидың солитарлы гуммасы).

СПЕЦИФИЧЕСКОЕ ВОСПАЛЕНИЕ

(species — өзіндік, бейне, facere—жасау, белгілі, ерекше, тән)—ЕРЕКШЕ ҚАБЫНУ. Өзіне тән биологиялық қоздырушылары бар бірқатар морфологиялық ерекшеліктерге ие созылмалы қабыну. Мыс.: туберкулезге, мерезге және т. б. тән қабыну.

СПЛАНХНОМЕГАЛИЯ

(splanchnomgalia; splanchno—ішкі ағзалар; megas — үлкен)— ішкі ағзалардың өте үлкейіп кетуімен сипатталатын патология. Мыс.: созылмалы миелолейкозда көкбауырдың массасы 6—8 кг-ға жетеді.

СПЛЕНИТ

(splenitis; splen — талақ (көкбауыр) itis — қабыну) — көкбауырдық қабынуы.

СПОНДИЛИТ

(spondilitis; spondylos — омыртқа, itis — қабыну)—омыртқалардың барлық немесе кейбір құрьілымдарының қабынуы. Мыс.: туберкулездік С., бруцеллездік С.

СПОНДИЛОАРТРИТ

(spondyloartritis; spondylos — омыртқа; artritis — буынның қабынуы) — омыртқалар аралығындағы буындардың қабынуы.

СПОНТАННЫЙ

(spontaneus) — өз-өзінен, сыртқы әсерсіз, кездейсоқ пайда болған. Мыс.: өз-өзінен пайда болған пневмоторакс.

СПОРАДИЧЕСКИЙ

(sporadikos — бірлі-жарым, жеке)—бірлі- жарымдьг кездесетін, жеке жағдайларда пайда болатын. Мыс.: бірлі-жарымды кездесетін жемсау.

СТОМАТИТ

(stomatitis; stoma — ауыз; itis — қабыну)—ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы.

СТРУМА

(struma; struere — бейберекет үйіп тастау) — ЖЕМСАУ, қалқанша бездің үлкеюі. Мыс.: эндемиялық Ж., Базедов жемсауы.

СУБСТИТУЦИЯ

(substitutio; substitutes — орын басу)—ЖАРТЫЛАЙ ЖАҢАРУ, тканьның, ағзаның толық қайта қалпына келмеуі.

СУРФАКТАНТ

(ағылш. surface active agents — беткей, белсенді заттар)— липидер, белоктар көмірсулардан түзілген күрделі зат. Ол өкпе альвеолаларының ішін астарлай жатып, олардың беткі керілу күшін реттейді. С. өкпеден дем шыққанда альвеола қабырғаларының бір-біріне жабысып, өкпенің солып қалуына жол бермейді, Өкпеде С. жеткілікті болмағанда ателектаз дамиды.

— Т —

ТАЛАССЕМИЯ

(thalassemia; thalassa — теңіз, haima — қан) — бұл сырқаттың аты оның жағрапиялық орнына қарап берілген. Т. Жерорта теңізінің тұрғындарында көбірек кездеседі. Т. тұқым қуалау жолымен дамитын гемоглобиноздар қатарына жатып, гемоглобин синтезінің бұзылуымен сипатталады. Гипоксия жағдайында эритроциттер орақ тәрізді болып өзгеріп, капиллярларға тығылып қалады.

ТАЛЬКОЗ

(talcosis; talcum — тальк, osis — патологиялық күй) — өкпенің тальк шаңдарының түсуіне байланысты дамитын кәсіби сырқаты. Пневмокониоздар тобына кіреді.

ТАНАТОГЕНЕЗ

(thanatogenes; thanatos — өлім, genesis — даму)—ӨЛУ МЕХАНИЗМІ. Т-ді үйренуші ғылым саласын танатология деп атайды.

ТАМПОНАДА СЕРДЦА

(француз сөзі tampon — тампон) — ЖҮРЕК ТАМПОНАДАСЬІ, перикардтың қанмен тығындалып қалуы. Бұл жағдай негізінен жедел ағымды инфарктқа байланысты жүрек жарылып кетіп қан перикард қуысына шыққанда дамиды. Перикардқа жиналған қан жүректің кеңейіп қанмен қайта толуына тосқауыл болады.

ТЕЛАНГИЭКТАЗИЯ

(teleangiectasia; tele — ұзақтағы, соңғы; angiectasia — қан тамырларының жергілікті кеңеюі. Т. тума кемістіктер түрінде немесе кейбір патологияларда (мыс. бауыр циррозында) дамиды.

ТЕНДОВАГИНИТ

(tendovaginitis; tendo — сіңір; vagina — қынап)—сіңір қынабының синовийлі қабығының қабынуы. Мыс.; бруцеллездік Т.

ТЕРАТОМА

(teratoma; fetatos — құбыжық, oma— ісік) — ұрықтың даму кезеңінде пайда болатын ісік. Тератоманың тканьға ұксас (гистоидты), ағзаға ұқсас (органоидты) және организмге ұқсас (организмоидты) түрлерін ажыратады. Қатерлі түрін тератобластома деп атайды.

ТЕРМИНАЛЬНОЕ СОСТОЯНИЕ

(status terminalis)— ӨЛІМ АЛДЫ ХАЛІ. Бұл организм қызметінің өте ауыр, бірақ әлі де болса қайтымды, биологиялық өлім алды кезеңі. Оған жанталас алды, жанталас кезеңдерін және клиникалық өлімді кіргізуе болады.

ТИМОМА

(thymoma; thymus — айырша без, oma — ісік) — айырша бездің лимфоциттер мен эпителий клеткаларынан тұратын қатерсіз ісігі. Тимоманың қатерлі түрлері де кездеседі.

ТИРЕОИДИТ

(thyreoiditis; glandula thyreoidea — қалқанша без) — қалқанша бездің қабынуы. Ол жедел ағымды созылмалы, гранулемалы және т.б болып бөлінеді.

ТИРОЗИНОЗ

(thyrosinosis; thyrosinum — аминді қышқылдың бір түрі, osis — патологиялық күй)—тканьдарға тирозин жиналып қалуына байланысты дамитын паренхиматозды белокты дистрофия.

ТИФЛИТ

(syphlitis; typhlon — бүйен ішек, itis — қабыну) — бүйен ішектің қабынуы.

ТОРАКОПАГУС

(thoracopagus; thorax — көкірек, pagere — ұрып кіргізу) — көкіректері қосыла өскен егіздер (тума кемістік).

ТОРАКОЦЕНТЕЗ

(thoracocentesis; thorax — көкірек  kentesis — тесу)—көкірек қабырғасын тесу, көкірек қуысы сырқаттарын анықтау және емдеу үшін қолданылатын әдіс.

ТРАНСВЕРЗИТ

(transversitis; transverum (coson)—көлденең тоқ ішек, itis— қабыну) — көлденең тоқ ішектің қабынуы.

ТРАНСМУРАЛЬНЫЙ

(transmuralus; trans — арқылы, muratum — қабырғамен қоршалған)—ТРАСМУРАЛЬДЫ, қуысты ағза қабырғасының барлық қабатына таралатын дерт. Мыс.: Трансмуральды миокард инфаркты.

ТРАНСПЛАНТАТ

(transplantatus; trans — plantare — көшіріп отырғызу)—көшіріп отырғызу үшін қолданылатын дененің бір бөлігі немесе бүтін ағза. Қазіргі кезеңде бүйректерді, жүректі, кейде бауырды, өкпені көшіріп отырғызады.

ТРАНСПОЗИЦИЯ СОСУДОВ

(transpositio — орын ауыстыру)—ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ОРЫН АУЫСТЫРУЫ (ТРАНСПОЗИЦИЯСЫ). Қолқаның оң қарыншадан, өкпе артериясының сол қарыншадан басталуымен сипатталатын тума кемістік.

ТРАНССУДАТ

(transsudatio— шығу) ісіну сұйықтығы. Құрамында белоктар 2 проценттен аспайтын ісінуге немесе қан айналымының бұзылуына байланысты тканьдарда, қуыстарда жиналып қалатын сұйықтық.

ТРАНСФОРМАЦИЯ

(transfomatio; trans — formare — өзгерту, айналдыру)—АЙНАЛУ, бір нәрсенің өзгеріп, басқа бір нәрсеге айналуы жаңа бір қасиетке ие болуы. Мыс.: көмірсулардың майға айналуы.

ТРАХЕИТ

(tracheitis; trachea — кеңірдек, itis — қабыну — кеңірдектің шырышты қабығының қабынуы.

ТРАХЕОМЕГАЛИЯ

(tracheomegalia; trachea — кеңірдек; megalos — өте үлкен)—кеңірдектің серпімді бұлшықет тканьдарының жеткілікті дамымауына байланысты оның өте кеңейіп кетуі. Тума кемістік.

ТРИХОФИТИЯ

(trichophytia; trix — шаш, phyton — өсімдік) — саңырауқұлақтар қоздыратын шаш пен тырнақтың ауруы.

ТРИХОЭПИТЕЛИОМА

(trichoepitelioma; trix —шаш)—шаш фолликулаларынан немесе олардың эмбриональдық қалдыктарынан өсетін қатерсіз ісік.

ТРОМБАНГИИТ

Тромбоваскулитті қараңыз.

ТРОМБАРТЕРИИТ

Тромбоваскулитті қараңыз.

ТРОМБОЗ

(thrombosis; thrombos — ұйынды, osis — патологиялық күй)—қанның қан тамырының ішінде немесе жүрек қуыстарында ұйып қалуы.

ТРОМБОВАСКУЛИТ

(thrombovasculitis; thrombos — ұю, vas­culitis— қан тамыры қабырғасының қабынуы) — қан тамыры қабырғасының қабынуына байланысты пайда болған тромб. Егер тромб артерияда пайда болса, оны тромбоартериит, вена тамырының тромбозын — тромбофлебит деп атайды.

ТРОМБОЭМБОЛИЯ

(thromboembolia; thrombos — ұйынды, ет — ballen — ішке лақтыру)—тромбтың немесе оның бір бөлігінің үзіліп түсіп қанмен айналып жүруі — эмболға айналуы. Мыс.: өкпе артерпясының тромбоэмболиясы.

ТРОМБОЭНДОКАРДИТ

(thromboendocarditis; thrombos — ұйынды endocardium — жүректің ішкі пердесі, itis; — қабыну)—эндокардит нәтижесінде пайда болған тромб.

ТРУП

(cadover)—МҮРДЕ, ӨЛІК. Биологиялық өлім нәтижесі.

ТРУПНЫЕ ПЯТНА

(livores mortis) —ӨЛIK ДАҚТАРЫ. Қанның өлгеннен кейін өліктің төменгі жақтарына ағып жиналуына байланысты тері қан тамырларының кеңеюі және тамырлар айналасындағы жұмсақ тканьдарға гемолизге байланысты сіңіп қалуы нәтижесінде пайда болатын құбылыс. Олар денеде 3—6 сағаттан соң көріне бастайды. Өлік дақтарының орнына қарап адамның қандай жағдайда өлгенін анықтауға болады.

ТУБЕРКУЛОМА

(tuberculoma; tuberculum — түйінше, oma — ісік) жұқа дәнекертканьды қабатпен қоршалған ірімшік тәрізді некроз ошағы, көлденеңі бірнеше сантиметр, екіншілік туберкулсздің бір түрі.

ТУБУЛОПАТИИ

(tubulopathia; tubulus — түтік, өзек; patia— дерт, қайғы-қасірет)—ТУБУЛОПАТИЯЛАР негізінен бүйрек өзекшелері эпителиінің бұзылуымен сипатталатын патологиялық құбылыстардың жалпы аты.

ТУБУЛОРЕКСИС

(tubulorhexis; tubulus — түтік, өзек, rhexia—бұзамын) — негізгі мембрананың бұзылуына (жарылып кетуіне) байланысты дамитын бүйрек өзекшелері эпителиінің некрозы.

— У —

УРАХУС

(urachus; uron — несеп, зәр, сһео — құйу) —ұрықтың алғашқы несеп жолы туылғаннан соң бітіп кіндіктің ортаңғы байламына айналады. Оның бітпей қалуы (персистенциясы) нәтижесінде киста немесе кіндік-несеп жыланкөзі пайда болады.

УРЕМИЯ

(uraemia; uron — несеп, зәр, haima — қан)—қанда азот қалдықтарының (мочевинаның, несеп қышқылының, креатининнің көбеюі. Бұл жағдай бүйректің жедел ағымды немесе созылмалы жетіспеушілігінде, бүйрек поликистозында, амилоидозында және т. б, кездеседі.

УРЕТРИТ

(urethritis; urethra — несеп шығатын жол; itis — қабыну)— несепағардың қабынуы.

УРОДСТВА ДВОЙНИКОВЫЕ

(diplopagus; diplos — қосарлы, pagus — кемтар)— ҚОСАРЛЫ КЕМТАРЛАР, бір жұмыртқадан дамитын егіздерде кездеседі. Көбінесе егіз балалар бір-біріне жабысып туады (Торакопагтарды, краниопагтарды қараңыз).

УРОСЕПСИС

(urosepsis; uron —несеп, sepsis — шіру)—несеп жолдарының қабынуына байланысты дамитын сепсис.

— Ф —

ФАВИЗМ

(favismus; vicia faba — бұршақтар деген сөзден алынған)—бұршақ тұқымдас өсімдіктердің дәнін жегенде эритроциттер ферментті жүйесінің бұзылуынан пайда болатын гемолиздік анемия.

ФАГОЦИТОЗ

(phagocytosis; phagos — жеу, обу, kytos — клетка; osis — патологиялық күй)—клеткалардың (фагоциттердің) әр түрлі өлі немесе тірі заттарды обуы. Мыс.: қабыну ошағындағы бактерияларды лейкоциттер (микрофагтар), ал сол жердегі тканьның ыдыpay өнімдерін макрофагтар обады.

ФАРИНГИТ

(pharyngitis; pharynx — жұтқыншақ, itis —қабыну)—жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы.

ФЕОХРОМОЦИТОМА

(phaeochromocytoma; phaios — қараңғы, chroma — рең, kytos — клетка oma — ісік)—бүйрекүсті безінің милы қабатынан өсетін өзінен адреналин (норадреналин) бөліп шығаратын клеткалардан тұратын ісік.

ФЕРРИТИНЕМИЯ

(ferritinhaemia; ferro — темір; haima— қан)— қанда ферритиннің көбейіп кетуі. Ферридин гемоглобиногенді пигменттер қатарына жатып, адреналиннің антогонисі болып есептеледі. Сол үшін ферритиннің қанда көбсюі қан қысымының өте төмендеп кетуіне (коллапска) соқтырады.

ФЕТОГЕНЕЗ

(fetogenesis; fetalis — ұрықтық) — киматогенездің бір кезеңі болып 76-шы күннен 280-ші, яғни баланың туылуына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл құрсақтағы нәрестелік кезең.

ФЕТОПАТИЯ

(fetopathia; fetus — ұрық, іштегі бала; pathia — дерт, сырқат)— фетогенездің бұзылуынан дамитын өзгерістер, оның ерте және кеш түрлерін ажыратады.

ФИБРОЗ

(fibrosis; fibr — талшық)—талшықты дәнекер тканьның өсіп кетуі. Мыс.: қабыну ошағында немесе инфаркт, некроз құбылыстарынан кейін дәнекер тканьның пайда болуы.

ФИБРИНОЗНЫЙ

(fibrinosis; fibrimun — фибрин)—фибринмен байланысқан фибринді. Мыс.: фибринді қабыну, фибринді экссудат.

ФИБРИНОИД

(fibrinoid; fibrinum — фибрин, eides — тәрізді, ұқсас)—коллаген талшықтарының деструкциясы нәтижесінде пайда болатын күрделі зат, құрамында фибрин бар. Мыс.: фибриноидты ісіну, фибриноидты некроз.

ФИБРОМА

(fubroma; fibro — талшық, oma — ісік)—жетілген дәнекер тканьнан тұратын талшықты құрылымдары басым, қатерсіз ісік. Мыс.: тері фибромасы.

ФИБРОМИОМА

(fibromyoma; fubro — талшық, myos — бұлшықет, oma — ісік)—бірыңғай салалы бұлшықет тканьнан тұратын стромасы жақсы дамыған (фиброзды) қатерсіз ісік. Мыс.: жатырдың фибромиомасы. Егер ісік тек бірыңғай салалы бұлшықеттен тузілсе, оны лейомиома деп атайды.

ФИБРОПЛАСТИЧЕСКИЙ

(fibroplastucus; fibro — талшық, plaseo — құрамын, жасаймын)—ФИБРОПЛАСТИКАЛЫҚ. Мыс.: гранулеманың фибропластикалық өзгерісі, яғни гранулемада дәнекер тканьның дамуы; фибропластикалық эндокардит — эндокардта дәнекер ткань құрылымдарының басым болуы.

ФЛЕБОЛИТ

(phlebolithis; phlebos — вена, lithos — тас) — венадағы тромбтың әктенуі нәтижесінде пайда болған тас.

ФЛЕБОТРОМБОЗ

(phlebothrombosis; phlebos — вена,—тромб,— патологиялық күй)—алдын-ала қабынбаған венада пайда болған тромб (Тромбофлебитті қараңыз).

ФЛЕГМОНА

(phlegmone—ыстық, қабыну; phlegeo — жан-жаққа ағып кетемін)—іріңді қабынудың жайылған түрі, бұл кезде экссудат тканьдар арасына жайыла сіңіп кетеді. Мыс.: теріасты шелінің флегменасы.

ФЛИКТЕНА

(phlyctena; phlyctaina — қалта)—үлкендігі тарыдай, іші сарысулы — геморрагиялық экссудатпен толған түйінді инфильтрат (бөртпе).

ФУНИКУЛИТ

(funiculitis; funiculus — бау, itis — қабыну)—кіндік бауының немесе шәует бауының қабынуы.

ФУРУНКУЛ

(furunculus; furvus — қара немесе fervere — қайнау)—шаш фолликулының жанындағы май бездерімен қосыла қабынуы.

— X —

ХЕЙЛИТ

(cheilitis; cheilos — ерін, itis — қабыну)—еріннің қабынуы.

ХЕЙЛОСХИЗ

(cheiloschisis; cheilos — ерін, schisis — айырылу, жырылу)—жоғарғы ерін жырығы. Тума кемістік.

ХЕМОДЕКТОМА

(chemodectoma; chemo — химия, dectos —алушы) — хромаффинсіз параганглийден (гломустардан) өсетін ісік. Көбінесе ұйқы артериясының айырығындағы гломустардан өседі.

ХЕМОТАКСИС

(chemotaxis; chernia — химия, taxis — реттеле орналасу) — еркін қозғалып жүрген клеткалардың, бактериялардың химиялық заттар әсерінде бір жерге тартылуы (жиналуы).

ХИЛОТОРАКС

(chylothorax; chylos — сөз, thorax — көкірек) — көкіректегі лимфа жолының зақымдануы немесе басылып қалуы нәтижесінде лимфаның көкірек қуысына жиналуы.

ХЛОРОЗ

(chlorosis; hloros — жасыл, osis — патологиялық күй)—темірдің сыртқы ортадан аз түсуіне байланысты дамитын анемия, оның синонимі — әлжуаздық (қанда гемоглобиннің кеміп кетуіне байланысты дамиды).

ХОЛАНГИТ

(cholangitis; chole — өт; on — тамыр, itis — қабыну) — өт жолдарының қабынуы.

ХОЛЕДОХОЛИТИАЗ

(choledocholitiasis; ductus choledocbus — жалпы өт жолы, lithos — тас)—өт тастарының жалпы өт жолдарында пайда болуы.

ХОЛЕМИЯ

(cholemia; cholе — өт, haema — қан)—механикалық сарғаюға байланысты өт капиллярларының аса толып немесе жарылып кетуі нәтижесінде өттің қанға өтуі.

ХОЛЕСТЕАТОМА

(cholesteatoma; холестерин+steatos — май+ oma — ісік) — холестерин кристалдарынан және көшіп түскен эпителийден түзілген дәнекертканьды қаппен қоршалған ісік тәрізді құрылым. Мыс.: құлақта созылмалы қабыну нәтижесінде пайда болатын X.

ХОЛЕЦИСТОХОЛАНГИТ

(cholecystocholangitis)—өт қалтасының және өт жолдарының бірге қабынуы.

ХОНДРОДИСТРОФИЯ

(chondrodystrophia; chondros — шеміршек, dys — бұзылу, trophe — қоректену)—аяқ-қолдың қысқалығымен және жуандауымен сипатталатын фетопатияның ерте түрі (тума кемістік).

ХОНДРОДИСПЛАЗИЯ

(chondrodysplasia; chondros — шеміршек, dysplasia — дамудағы ауытқулар)—шеміршек тканьның дұрыс дамымауымен сипатталатын сырқаттардың жалпы аты:

ХОРЕЯ

(chorea;- сһогеіа — хор басқарушы)—аяқ-қолдың еріксіз, бей-берекет селкілдеп қимылдауымен сипатталатын нерв жүйесінің сырқаты. Көбінесе ревматизмнің ми формасында кездеседі. Ескі аты: Витт әулиенің биі. Қазақша: СЕЛКІЛДЕК.

ХОРИОАМНИОНИТ

(chorioamnionitis)—бала жолдасының хориальды пластинкасының қабынуы.

ХОРИОИДИТ

(chorioiditis; chorioidea — тамырлы қабық) — көздің тамырлы қабығының қабынуы.

ХОРИОНЭПИТЕЛИОМА

(choriorrepithelioma; chorion — ұрықтың сыртқы бүрлі қабығы, epitelium — эпителий, oma — ісік). Ұрықтың бүрлі қабығынан өсетін аса қатерлі ісік. Кейде X. еркектердің ұрық безінде (енде), бауьірда; көкірек аралығында ұрықтық қалдықтардан өседі. Оларды эктоппялық X. деп атайды ,ол тератомаларға жататын ісік.

ХОРИОИДПАПИЛЛОМА

(chorioidpapilloma; chorioidea — тамырды қабат, papilla — бұр, oma—ісік)—мидағы тамырлар өрімінің ісігі ісік бүрлі боп көрінеді. Ісіктің қатерлі, түрін хориоидкарцинома деп атайды.

ХРОМАТОЛИЗ

(chromatolysis; chroma—рең, бояу; lysis — еру, син: тигролиз)— ірі нейрондардағы базофилді заттардың әр түрлі патологиялық құбылыстар нәтижесінде азаюы немесе жоқ болып кетуі. Мыс. полиомиелит сырқатындағы X.

ХРОМОПРОТЕИДЫ

(chromoproteidus; chroma — түр, рең, proteina — белок, eides — тәрізді)— ХРОМОПРОТЕИДТЕР эидогенді пигменттер. Олар өте көп қызмет атқарады. Мыс.; меланин организмді күн нұрының әсерінен қозғайды, гемосидерін мен ферритин темір қоры болып есептеледі.

ХРОНИОСЕПСИС

— (chroniosepsis; chronion — ежелгі, sepsis — шіру) сепсистің ұзақ уақыт жазылмайтын іріңді ошақтары бар түрі.

— Ц —

ЦЕЛЛЮЛИТ

(cellulitis; cellula — ұяшық, itis — қабыну)—тері астының майлы және талшықты шелінің таралған іріңді қабынуы — флегмонасы.

ЦЕРВИЦИТ

(cervicitis; cervix — мойын, itis — қабыну)—жатыр мойнының қабынуы.

ЦИКЛОПИЯ

(cyclopia; kyklos — көз, айнала)—ЖАЛҒЫЗКӨЗ бір немесе екі көз алмасының бір көз тостағанында жайғасуы, тума кемістік.

ЦИРРОЗ

(cirrhosis; kirros — шикіл сары, osis — патологиялық құбылыс) — ағзаларда дәнекер тканьның өсіп кетуіне байланысты дамитын, олардың деформациясына соқтыратын процесс. Мыс.: өкпе, бауыр, бүйрек циррозы.

ЦИСТИТ

(cystitis; kystis — қуық; itis — қабыну) — қуықтың қабынуы.

ЦИТОЛИЗ

(cytolysis; cytus — клетка; lysis — еру) — клетканың еріп кетуі, жойылуы. 

— Ш —

ШАНКР

(ulcus durum; ulcus — жара, durum — қатты) — ҚАТТЫ ЖАРА, мерез қоздырушы спирохетаның алғашқы енген жерінде пайда болған жара. Жараның жиегі қатты, ұстап көргенде ауырмайды,

— Э —

ЭВТАНАЗИЯ

(euthanasia; eu—жақсы, thanatos — өлім)—қиналмай өлу немесе аурудың жанталас кезеңіндегі қиналысын дәрі- дәрмекпен жеңілдетуге бағытталған шаралар.

ЭЗОФАГИТ

(oesophagitis; oesophagus — өңеш, itis — қабыну) — өңештің қабынуы.

ЭКЗАНТЕМА

(exanthema; exantheo — гүлдену)—терідегі бертпелердің барлық морфологиялық элементтерінің жиынтығы.

ЭКЗОГЕННЫЙ

(exogenus; ехо — тысқары ,сыртынан; genes — пайда болған, туындаған)—ЭКЗОГЕНДІ, сыртқы әсерлер нәтижесінде пайда болған ісіктер.

ЭКЗОСТОЗ

(exostosis; ехо — тысқары, сыртынан; os — сүйек, osis — патологиялық құбылыс)—СҮЙЕКТАСУ, сүйек сыртында пайда болған өсінді, ол сүйектің жарақаттануына немесе қабынуына байланысты дамиды.

ЭКЗОФИТНЬІЙ РОСТ ОПУХОЛИ

(exo — бір нәрседен; phyton- өсу)— ІСІКТІҢ ЭКЗОФИТТІ ӨСУІ, ісіктің қуысты ағзалардың ішіне қарай өсуі.

ЭКСИКОЗ

(exiccosis; siccus — құрғақ)—ОРГАНИЗМНІҢ СУ- СЫЗДАНУЫ. Бұл құбылыс әсіресе жас балалар үшін тән. Мысалы, ішектің жұқпалы ауруларында (іш кетуге байланысты) бала организмі тез арада ткань сұйықтығын жоғалтып сусызданып қалады. Ересек кісілерде бұл жағдай холераға (тырысқаққа) байланысты дамиды.

ЭКСПАНСИВНЬІЙ РОСТ ОПУХОЛИ

(exponsus — кеңею, тарқалу)—ІСІКТІҢ ЭКСПАНСИВТІ ӨСУІ, ісіктің айналасындағы тканьдарды ығыстыра өсуі.

ЭКССУДАТ

(exsudatum; ex — sudare — терлеу)—қабынуға байланысты майда қан тамырлардан бөлініп шыққан жалқық (сұйықтық). Оның морфологиялық құрамы әр түрлі. Мыс.: серозды, іріңді, фибринді және т. б.

ЭКССУДАТЦИЯ

(exsudatio; ex — бір нәрседен айығу; sudatum — терлеу)—майда қан тамырлардан белоктарға бай сұйықтықтың бөлініп шығу құбылысы. Бөлініп шыққан сұйықтықты экссудат деп атайды.

ЭКСТИРПАЦИЯ

(exstirpatio; exetripatum — түбірімен жою, құрту)—ағзаны бүтіндей (толығымен) алып тастау. Мыс.: жатырды оның қосалқыларымен бірге алып тастау.

ЭКТОПИЯ

(ectopia; ectopios — бір нәрседен, бір жерден, topos — орын) — ұрықтық кезеңдегі ауытқулар нәтижесінде азғаның немесе тканьның орнын өзгертуі. Эктопиялық — ойламаған жерде тұрған деген мағынада. Мыс.: қалқанша бездің тілде немесе көкірек қуысында орналасуы.

ЭКСТРАМЕДУЛЛЯРНОЕ КРОВЕТВОРЕНИЕ

(extra — тыс, myelos — сүйек майы; сүйек майынан тыс)—ҚАННЫҢ СҮЙЕК МАЙЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ ЖАСАЛУЫ—бұл құбылыс анемия кезінде, лейкоздарда жақсы дамып, бауырда, көкбауырда, лимфа түйіндерінде, бүйректерде қан жасау ошақтарының пайда бөлуімен сипатталады.

ЭМБОЛИЯ

(embolia; em — ballen — ішке ату)—қан немесе лимфа тамырларында қалыпты жағдайда ұшырамайтын заттардың айналып жүруі және сол тамырларды тығындап қоюы. Мыс.: тромб эмболиясы, май, ауа, газ эмболиясы.

ЭМБОЛИЯ ОРТОДОКСАЛЬНАЯ

(е. orshodoxalis; orthos — тура, әдеттегі)—ОРТОДОКСАЛЬДЫ, қан ағу бағытындағы ЭМБОЛИЯ.

ЭМБОЛИЯ ПАРАДОКСАЛЬНАЯ

(е. paradoxalis; paxadoxus — күтпеген, ойға сыймайтын)—ПАРАДОКСТЫ, күтпеген бағыттағы эмболия қалыпты жағдайда, үлкен қанайналым шеңберінедегі эмбол кіші қанайналымына өтіп, сол жерді тығындап тастайды. Кейбір жағдайларда мыс.: жүректің бөлімдері арасындағы сопақ тесік сақталып қалғанда немесе қарыншалар арасында тесік пайда болғанда ол үлкен қанайналым шеңберін бойлап айналып жүре береді.

ЭМБОЛИЯ РЕТРОГРАДНАЯ

(retro — кері, gradior — қадымду)— РЕТРОГРАДТЫ, қан ағымына қарсы (кері) бағыттағы эмболия. Мыс.: кейбір заттар (металдар) өз массасының қаннан ауырлығына байланысты кері әрекет жасайды.

ЭМБРИОПАТИЯ

(embryopathia; embryon — жатыр ішінде өсетін яғни ұрық; pathos — дерт, сырқат)—ұрықтың 16-шы күннен 75- ші күнге дейінгі дамуының бұзылуы. Эмбриопатиялар көбінесе тума кемістіктерге соқтырады.

ЭМПИЕМА

(empyerna; em — ішінде, pyon — ірің)— ағза қуыстарының қабынып сол жерге ірің жиналып қалуы. Мыс.: плерва эмпиемасы, өт қалтасының эмпиемасы.

ЭФИЗЕМА ЛЕГКИХ

(emphysema pulmonum; emphysao-үрлейтін)— ӨКПЕ ЭМФИЗЕМАСЫ. Өкпе тканінде ауаның мөлшерден тыс көп болуы. Мыс.: кәрілік эмфиземасы, жедел ағымды немесе созылмалы эмфизема.

ЭНАНТЕМА

(enanthema -en — ішінде;— гүлдену)— шырышты қабықтардағы (ішкі) бөртпелер. Мыс.: қызылшада ұрттың ішкі жағында пайда болатын бөртпелөр (Филатов — Коплик белгісі).

ЭНДЕМИЧЕСКИЙ

(endemicus; en — ішінде; demos — ел, халық)—эндемиялық, белгілі бір жерде кездесетін. Мыс.: эндемиялық жемсау йод кем жерлерде кездеседі.

ЭНДОГЕННЫЙ

(endogenus; endo — ішінде; пайда болған, туындаған)—ЭНДОГЕНДІ. Мыс.: ішкі әсерлер нәтижесінде пайда болған сырқаттар.

ЭНДОКАРДИТ

(endocarditis; endocardium — жүректің ішкі қабығы, itis — қабыну)—жүректің ішкі қабығының қабынуы. Эндокардиттердің клапандық, қабырғалық, хордалық деген түрлері бар.

ЭНДОМЕЗОБРОНХИТ

(endomesobronchitis; endon — ішкі, me­son— ортаңғы, bronchos — бронх, itis — қабыну)—бронхтың шырышты және етті қабықтарының қабынуы.

ЭНДОМЕТРИТ

(endometritis endometrium — жатырдың шырышты қабығы, itis — қабыну)— жатырдың шырышты қабығының қабынуы.

ЭНДОТЕЛИОЗ

(endotheliosis; endon — ішінде, thele — емізік). Қан тамырларының ішін астарлап жататын бір қабатты жалпақ эпителий — эндотелийде дамитын дистрофиялық қабынулық және т. б. өзгерістер. Мыс.: ревматизмдегі Э., жүйелі Э.

ЭНДОФИТНЫЙ РОСТ ОПУХОЛИ

(endon —ішінде, phyton— өсу)—ІСІКТІҢ ЭНДОФИТТІ ӨСУІ — ісіктің ағза қабырғасының ішіне қарай өсуі.

ЭНДОЦИТОБИОЗ

(endocytobiosis; endon — ішінде, cytos — клетка, bios — өмір, osis — патологиялық құбылыс) «Клетка ішіндегі өмір»— ауру қоздырушы бактериялардың микрофаг ішінде тірі күйде болуы, яғни аяқталмаған фагоцитоз. Э. инфекцияның организмге таралуының бір жолы бола алады.

ЭНТЕРИТ

(enteritis; enterus — аш ішек, itis—қабыну)—аш ішектің қабынуы.

ЭНТЕРОЛИТ

(enterolithus; enterus — аш ішек, lithos — тас) — ішекте пайда болған тас. Олар көбінесе нәжістен түзілуіне байланысты капролит деп те аталады.

ЭНТЕРОПАТИЯ

(enteropathia; enterus — аш ішек pathia — дерт, сырқат)—аш ішектің эпителий клеткаларының (энтероциттердің) ферменттік бұзылыстарына байланысты дамитын созылмалы сырқаты. Оның тұқым қуалау жолымен немесе туғаннан кейін дамитын түрлері бар.

ЭНХОНДРОМА

(enchondroma; en — ішінде, chondros — oma — ісік) — сүйектің ішіне (сүйек май қуысына) қарай өсетін шеміршек ісігі. Егер осы ісік сыртқа қарай өссе, оны энхондрома дейді.

ЭЦЕФАЛИТ

(encephalitis; enkephalis — ми; itis — қабыну)—ми тканьның қабынуы. Мыс.: вирусты энцефалиттер, туберкулезді Э.

ЭНЦЕФАЛОМИЕЛИТ

(encephalomyelitis;. enkephalon — ми, myelos — жұлын, itis— қабыну)—мида және жұлында бірге дамитын қабыну.

ЭПЕНДИМАТИТ

(ependymatitis; ependyma — эпендима, itis — қабыну) —ми қарыншалары эпендимасының қабынуы.

ЭПИДЕМИЯ

(epindemia)—ІНДЕТ, кейбір инфекциялардың біраз таралуы.

ЭПИТИМПАНИТ

— (epitympanitis ері —үстінде; tympanon — барабан)—самай сүйегінің қабынуымен сипатталатын созылмалы отит.

ЭПИТУБЕРКУЛЕЗ

(epituberculosis; ері — үстінен, tuberculum — төмпешік, osis — патологиялық құбылыс)—біріншілік туберкулез кешенінің айналасында, өкпеде қосымша дамитын қабыну. Бұл қабыну бейспецификалық қабынуға жатады.

ЭПУЛИС

(epilis; ері —үсті, ulon — қызылиек)— қызыл иектің ісік тәрізді өсуі. Олар: фиброзды, ангиоматозды, алыпклеткалы болып бөлінеді.

ЭРИТЕМА

(erythema; erythros — қызыл, haema — қан)— созылмалы лейкоздар қатарына жататын қан жүйесінің созылмалы сырқаты Бұл кезде қанда эритроциттер саны өте асып кетеді.

ЭРИТРОБЛАСТОЗ

(erythroblastos; erythos — қызыл, blastos — өскін) — сүйек майынан тыс жерлерде (бауырда, көкбауырда, лимфа бездерінде) эритроциттер жасаушы клеткалар тобының пайда болуы Мыс.: нәрестенің гемолиздік анемиясында, бауырда дамитын Э.

ЭРИТРОФАГИЯ

(erythrophagia; erythmos — қызыл жерде эритроцит мағынасында, phagia — жұту) — эритроциттердің фагоцитоздалуы. Бұл құбылыс қалыпты жағдайда көкбауырда кездесіп, көнерген немесе патология нәтижесінде өзгерген эритроциттердің жойылу механизмі болып есептелінеді.

ЭРОЗИЯ

(erosia;—ойылу)— ЖАЛАҚ, эпидермистің немесе шырышты қабық эпителиінің зақымдануына байланысты пайда болатын тайыз ойық, бұл кезде терінің дәнекер тканьды қабаты немесе шырышты қабықтың астындағы қабаты сақталған болады.

ЭТМОИДИТ (ethmoiditis; cellulae ethmoidales — тор сүйек ұялары)—торлы сүйек ұяларының шырышты қабығының қабынуы.

— Я —

ЯЗВА

(ulcus —жара, ойық)— ЖАРА, эпителийлі жапқыштардың бүтіндігінің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын, түбі ет қабатынан тұратын терең ойық. Осы белгісімен олар эрозиялардан ерекшеленеді.

ЯТРОГЕНИЯ

(jatrogenia; jatros — дәрігер, genesis — туындаушы, пайда болушы)— дәрігер әрекетінен, дәрігердің байқамай айтып қойған сөзіне байланысты немесе емдеуде жіберген қателіктеріне байланысты дамитын сырқаттар.

Пікір қалдырыңыз