Бөлім : Жүктілік

Емшек сүтімен тамақтандыру — баланың дұрыс өсіп-жетілуіне ықпал ететін аса маңызды кезең болып табылады. Сүт бездерін, әсіресе емшек ұшын баланы емізер алдында ұдайы қайнаған сумен сабындап жуу керек. Оны тітіркендірмес үшін, балалар сабынын пайдаланған дұрыс. Дизенфекциялайтын (зарарсыздандырушы) өте күшті сұйық затты пайдалануға болмайды, өйткені ол емшек ұшын тітіркендіреді. Ал жуу үшін бір бөлек мақтаны сулап, ..

Read more

Босанудан кейінгі кезең босанған әйелден бала жолдасы түскен соң басталады және ол 6—8 аптаға жуық уақытқа созылады. Осы кезеңде, әсіресе босанғаннан кейінгі алғашқы күндері, жыныс органдарын аса таза ұстаудың ерекше маңызы бар. Өйткені босанғаннан кейін жатырдың жоғарғы жағы жарақаттанып, қанап қалады да, қынапта және жыныс органдарының сырт жағында — сызаттар, жаралар пайда болып оған микробтар ..

Read more

Босану — қалыпты физиологиялық процесс. Алайда әр түрлі ауруға шалдығуды болдырмас үшін, әрбір әйел өзі де, нәресте де ұдайы медицина қызметкерлерінің бақылауында болатын, әйел босанатын үйде босануы тиіс. Бұл дер кезінде ауруға шалдығудың алғашқы белгілерін тауып, дереу тиісті шаралар қолдануға, ал қажет болған жағдайда, шұғыл хирургиялық көмек көрсетуге мумкіндік береді. Мұнда әйел босанғаннан кейін толық ..

Read more

Консультация екі қабат әйелдің көңіл-күйін ұдайы бақылап отырады, екі қабат кезде пайда болуы ықтимал ауруларды және олардың асқынуын болдырмас үшін алдын алып, оны ертерек табу шараларын жүргізеді. Жүктіліктің алғашқы белгілері білінісімен-ақ әйел консультацияға қаралуы тиіс. Бұл — екі қабаттықты дәл белгілеуге және босанғанға дейін әйелге берілетін демалысты өз мезгілінде беру осыған байланысты болғандықтан, оның мерзімін ..

Read more

Екі қабат әйел қалай тамақтануға тиісті? Өзінің бұрынғы тамақтану дағдысын толық сақтай отырып, асты кешке, жатар алдында өте тоя ішпеу керек. Асқа деген тәбет тартып тұрған кезде құсып жіберемін-ау деп қорқып, ішпей қоюға да болмайды. Екі қабат әйелдің жерік болуына байланысты тілегін мүмкіндігіне қарай қанағаттандырып отыру керек. Егер мұның өзі шегінен шығып бара жатса, әрине ..

Read more

Екі қабат болған кез бен босанатын уақыттың ұзақтығын дәл анықтап беру мүмкін емес. Әдетте, есептеу соңғы етеккір келген бірінші күннен басталады. Сондықтан осы есеп бойынша жүктіліктің ұзақтығы 280 күнге, яғни 10 айға немеср 40 аптаға созылады. Әрине, әр түрлі ауытқулар да болуы ықтимал. Кейбір реттерде жүктіліктің мерзімі бұл айтылғаннан аз (240) күндей, ал тағы бір ..

Read more

Жүкті болу ұрықтанудың нәтижесінде, яғни еркек пен әйелдің жыныс клеткаларының қосылуынан кейін болады. Еркектердің жыныс клеткаларын сперматозоидтар деп атайды. Олар еркектің жыныс безі — жұмыртқасында дамиды, оның басы, мойыны және ұзынша келген құйрығы болады, соның қозғалуы нәтижесінде сперматозоидтар жылжып отырады. Ұрықтық сұйық заттағы (спермадағы) сперматозоидтар, жыныс қатынасы кезінде әйелдің қынабына түседі. Бір текше миллиметр ұрықтық ..

Read more

Өз ғұмырының бүкіл барысында адам ұдайы сыртқы ортаның ықпалында болады. Ауа, су, топырақ, азық-түлік тағамдары, тұрғын үй, ең соңында еңбек жағдайының өзі де адам организміне зиянды немесе пайдалы әсерін тигізіп отырады. Олардың ішінен, халықтың денсаулығын нығайту және әрбір адамның өмірін ұзарту мақсатында ортаның адамға пайдалы жағын зерттеп, алдын ала сақтандыру немесе зиянды факторларды жою мәселесімен ..

Read more